Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлы жеңіс - жасасын!


Ұлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын!

Павлодар облысы

Баянауыл ауданы

Ақши жалпы орта білім беру мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жаминова Маржан Бахытқызы

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

 

Жүргізуші : 
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

 

ІІ жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

 

І жүргізуші:
Құрметті қонақтар ,ұстаздар, оқушылар! Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі- «Жеңіс күнімен» шын жүректен құттықтаймыз. Әрқайсымыз үшін жақын да қымбат мереке-Жеңіс күні!Ұлы жеңістің 69 жылдық мерекесіне арналған концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Баршамызға белгілі 9 мамыр    4  жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.

 

ІІ жүргізуші:
Биыл міне, сол жеңіске де  69   жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

 

І жүргізуші:

Ұлы жеңіс күнінде отанымыз үшін өзінің жанын пида еткен, зардабы ауыр болған осы соғыста арманда кеткен ағалар, 20-дан жаңа асқан жастар, жер астында қартайған боздақтар, табыса алмай қалған бауырлар қаншама десеңізші.

ІІ жүргізуші:

Иә, жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Ұлы отан соғысына қатысқандар:

Әди Шәріпов,Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк  Маметова, Алия Молдағұлова, Рақымжан қошқарбаев т.б есімдер аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті.

М. Бекзат

«Батыр аттас балалар»

Бауыржан, Мәлік, Талғаттар,

Сүйікті болып қалды аттар,

Олар аттас қаншама.

Сәби бар, шәкірт, солдат бар,

Аттары әнге ұласқан

Нұркен боп ашық кен аспан.

Табылар Мәншүк, Әлия

Қарасаң әрбір топтардан.

Жаралғандай жалыннан

Жайсаң батыр Бауыржан

Естігенде есімін,

Жау есінен жаңылған.

Бұзып жарып қоршауды

Достары түгіл ерлігін.

Қарсы да естіп, тамсанды.

 

І жүргізуші:

Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін ауылымыздан көптеген ер-азаматтар майданға аттанды. Осы ауылдан соғысқа 53 азамат аттанды, олардың 37-сі майдан даласынан оралмады.

 

ІІ жүргізуші:

Осы майданға кетіп аман-есен оралып, қазір бейбіт өмірде арамызда жоқ адамдар олар:

Ахметов Бесінбай                  Бекбатыров Жылқыбай

Әшірбеков Түсіпбек             Ибраев Төкен

Қуанбаев Жәмін                     Макешов Шөмкен

Төкенов Рақымтай                Мұқанов Жандарбек

 

І жүргізуші:

Мырзабаев Ақылбек             Нұрмағанбетов Шөмкен

Сәрсенбеков Жәнәбіл            Темірболатов Рақымтай

Тұрсынбеков Бәйбек             Нұржанов Мұса

Нұржанов Иса сияқты есімдер Отан үшін, ел үшін деп бейбіт  өмір  үшін жаумен соғысқан  ағаларымыздың рухына тағзым етіп, 1 минут еске аламыз.

 

(1 минут еске алу)

І жүргізуші:

Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге , нұрлы күнді қаратүнекке айналдырмақ болған соғыс 1941 ж 22 маусым күні таңғы сағат төрттер шамасында, фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасады, бейбіт тыныш ұйқыда жатқан Отанымыздыңіргесіне опасыздықпен басып кірді. Отан-Ана шақыруымен еліміздің миллиондаған аяулы ұлдар мен қыздары ел шебіне тиген жауға қарсы шешуші айқасқа аттанды.

 

Ажар:

Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталды.
Кәусар

 Жерден , көлден. Аспаннан
Соқты жауды ел күнде
Отан үшін от кешіп
Жақындай түсті Берлинге!

Жансая

 Тылдағы ел де ерледі
Тынымсыз күн-түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.

Арай:

Тастар көкке атылды

Орман шулап тау құлап

Жиырма сегізбатырды

Жеңе алмады жау бірақ

Дильназ:

Жау жеңілдің ақыры

Атты бейбіт таң күліп

Жиырма сегіз батырын

Ұмытпайды , ел бірақ

Мерей:

Бахтияр:

Дильяна:

 

Хор: Тәуелсіз Қазақстан

 

ІІ жүргізуші:

Соғыс кезінде басқа туысқан республикалардың өкілдерімен бірге Қазақстаннан майданға аттанған жауынгер ұл-қыздар да асқан қаһармандықтың, өшпес ерліктің үлгісін көрсетіп, туған елді сүйсінтті. Оларды ұлы ерлікке бастаған құдыретті күші-туған жерге, елге, Отанға деген шексіз махаббат, зор сүйіпеншілік еді.

І Жүргізуші:

Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында көрсеткен Кеңес Қарулы Күштерінің, халқының қаһармандық ерлігіне бүкіл прогресшіл адамзат әрқашан да ризашылықпен қарап, құрметпен тағзым етпек. Уақыт өтіп, сол бір қиын күндер тарих керуенімен алысқа ұзағанымен, оның ауыртпалығы, қатерлі кезеңдер-ұрпақ зердесінде мәңгі бақи өшпейді, естен кетпек емес.

 

Х.Бекзат:

Отанға жау кенеттен оқ атқанда,

Өрт салып бау-бақшаны қиратқанда

Аттанды ер-азамат намыс кернеп,

Елдің күткен үмітін мол ақтауға

Жөнелді қан майданға қыршын жастар

Ақ ниет, асыл мақсат алға бастар

Майданға қалың қолмен бара жатыр

Құшақтап, қош айтысып майдандастар.

 

ІІ жүргізуші:

Алапат ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түн, яғни 4 жыл салды. Фашизм жер шарына соғыс алапатын алып келді. Бұл тарихта «Ұлы Отан соғысы» деген ерекше атпен қалды.

 

Тілеухан: «Сүйінші»

 

І жүргізуші:

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 69 жыл болды. Бұл сол кездегі кеңес халқының  ержүректілігі мен төзімділктерін паш ететін, тарихта қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.

 

ІІ жүргізуші:

Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділкпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды , өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып , бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды.

 

Ән: Қазақ осы (Бекзат Мөлдір Мағия)

Ділдә:

Көз жұмды майдангерлер қорғап елін,

Сескенбей біздің ерлер бар деп өлім.

Шайқасты қас дұшпанмен қайраттанып,

Алуға шәйіттердің жаудан кегін.

Күн бар ма, өмір ,өлім арбаспаған.

Майданда мұз төсеніп, қар жастанған.

Қапыда жау оғынан тапты қаза,

От жүрек өжет ерлер қол бастаған.

 

Мөлдір:

Өтсе-дағы содан бері қаншама жыл,

Өжет ердің рухы әлі  тірі жүр.

Ескерткіші майдангерге тұрғызған.

Сый-сияпат ұрпағыңның жыры бұл.

Оралмады  қыршын  боздақ, қанша  адам.

Жолын тосып үй іштері аңсаған.

Боздақтарды  еске  алып жыл сайын

9-шы  мамыр  Жеңіс күнін қарсы алам.

 

Мағия:

Қаншама жылдар,қаншама ғасыр өтсе де.

Нешеме көктем, жайнатып жерді кетсе де.

Неше мың жаңбыр селдетіп суын төксе де,

Тарихқа түскен керемет күндер жетсе де.

Жеңістің күні өзіңдей бәрі бола алмас

Өмірге мынау іздерін сендей сала алмас

Сөндірмей, айқын сәулелі ойлар жалғасын

9-шы мамыр ,ғажайып күн ғой , ғаламат.

Аружан:

Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді.

Қала көрді, қиындық, ауыл көрді.

Жеңіс, Жеңіс! Анамның көз жасы боп,

Тамып түсіп жаттың сен қара жерге.

Нарғыз:

Ақтоты:

Бас игін балам

Даңқты атаның табытына

Біз үшін қан төккен

Болашақ адамның бақытына

Қаһармандықпен қан кешіп

Оқболып атылған жауына

Сол үшін балам бас игін

Ерлердің рухына

Олар-өлген жоқ

Олар- тірі мәңгі

Олар бізбен бірге

Көреді атар таңды

Олар бізбен бірге жеңісті тойлайды

Олар мәңгілік гүлдейді, солмайды.

І жүргізуші:

Бүгін мереке. Ұлы Жеңіс мерекесі. Біз бүгін кешегі қанды майданда шайқасқан ардагерлерді, тылда еңбек етіп, жеңісті жақындатуға күш салған барша аға ұрпақты осынау ұлы күнмен шаттана құттықтаймыз. Әлемде мәңгі бейбітшілік сақталып, ешқашан күн сөнбесін, бұлт төнбесін!

 

ІІ жүргізуші:  Бастауыш сынып оқушылары хор

«Әрқашан күн сөнбесін»


 І жүргізуші:

Әрқашанда әділдік жеңеді. Опасыздықпен шабуыл жасаған фашисттер, 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшіліктің негізі қаланды.

 

Хор:Бейбіт күн тілегі.

ІІ жүргізуші:

 Осымен біздің Ұлы Жеңістің 69-жылдығына арналған мерекелік концертіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК
Ер есімі- ел есінде
«Біз Отанның сарбазы»
Ерлік ұрпаққа ұран
9 мамыр Жеңіс күні!
Отан үшін от кешкендер!
Ер есімі – ел есінде
Ұлы жеңіс тарихы
Ардагерлердің ерліктері
«Ерлік пен Жеңіс!»
Бөлім: Уроки / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 44796 | Қосты: Жаминова Маржан Бахытқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык