Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абылай хан


Абылай хан

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан

Сабақтың мақсаты:
 Білімділігі:   Оқушылардың Абылай хан туралы алған білімдерін қайталап,бекіту.
Оның жүргізген саясатының елімізде бүгін жүргізіп отырған
саясатпен  сабақтастығы мен үндестігін ашу.
 Дамытушылығы:  Тарих сахнасынан қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап
қалған,үш жүздің басын біріктірген Абылай ханның қағамдағы,
тарихтағы орнына оқушылардың назарын аудара отырып,осы
бағыттағы қосымша әдебиеттерді, тарихи деректерді тиімді
пайдалана білу,өз бетімен жұмыс істеп,өз ойын еркін жеткізе
алу дағдыларын дамыту.
 Тәрбиелілігі:            Оқушыларды елім деп өткен тұлғалардың ерлігін дәріптеуге,
тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтыңтың материалды-
техникалық  жабдықтары:  Карта, Абылай хан портреті,тірек конспектісі,
кестелер,интерактивті тақта, Венн  диаграммасы
Пәнаралық байланыс:           Құқық,Әдебиет,География
Сабақтың түрі:                       Қайталау,қорытынды сабақ.
Сабақтың әдісі:                       Пікірталас,сұрақ-жауап,топтық жұмыс,жеке
жұмыс,ойын.
Сабақтың барысы:                1. Ұйымдастыру. (оқушылардың сабаққа қатысуын
түгендеу.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
2. Кіріспе сөз. Мұғалім.
«Абылай  – тарихи тұлға» тақырыбындағы қайталау сабағын өткізгенде, қазақ тарихындағы ең ауыр жылдар Жоңғар шапқыншылығы кезеңі туралы өткен тақырыпты еске түсіріп, Абылай хан туралы алған білімдерін бекітіп,қазақ-жоңғар соғысын қорытындылауды басты мақсат еттім. Сонымен қатар Абылай ханның 18 ғ. жүргізген саясаты мен бүгінгі билік басындағылар жүргізіп отырған саясаттың сабақтастығын,үндестігін ашуға тырыстым. Абылай хан өмір сүрген уақыт – қазақ қоғамының саяси құрылымы мен ата –бабамыздан келе жатқан этноқауымдық бірлестігінің тағдыры еріксіз дағдарысқа ұшыраған кезең. Бұл саяси ахуал Жоңғария тарапынан болған шапқыншылықтарды былай қойғанда,Ресей мен Цин империяларының қазақ еліне қарсы жүргізген сыртқы саясаттарының нәтижесі еді.
3. 1) 15 ғ. негізін қалаған Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы қандай болды
Хан (сұлтандардан сайланды) Шыңғыс ұрпағы
Хан кеңесі (сұлтан,би, батыр)
Имам,қожа,батырлар,билер,би соты.
2) Ханның қандай билігі,өкілеттігі болды
Хан
Жоғарғы өкімет
Азаматтық,соттық,әкімшілік,әскери
Мәмілегерлік қатар
3) Хан әрқашан сұлтандардан, яғни Шыңғыс ұрпақтарынан сайланған,ал сұлтанның жағдайы қандай болды
Сұлтан
Салықтардан босатылды
Ұлыс билеушісі
Әскер қолбасшысы              хан тағына үміткер
4)                                                              Би
Ру ақсақалы                                           атқару билігі
хан кеңесшісі                           құқық таратушы
5) Байлар,батырлар,көшпелі малшылар
4. Ал енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты келесі тапсырма:
«Абылай кім?»  деген сұраққа жауап берейік.
сұлтан
хан
Абылай    батыр
қолбасшы
саясаткер
мәмілегер
реформатор
Олай болса балалар, бүгін сынып 3 топқа бөлініп отыр.
Абылай – реформатор
Абылай – көреген саясаткер
Абылай- дарынды қолбасшы деген топтар өз бағыттарын қорғағысы келіп отыр.Келесі кезекті осы топтарға берейік.(әр топ 5 адамнан жұмыс істейді).
1.Әр топ Абылай бірінші кезекте реформатор ма, жоқ, көреген саясаткер, әлде дарынды қолбасшы болды ма деген сұраққа жауап береді,әр команда өз көзқарасын қорғайды.(проблемалық сұрақ қойылады).
Қалған екі топ сұрақ қоюға дайындалады. Өз көзқарастарын тарихи деректермен,қосымша мағлұматтарды пайдалану арқылы қорғайды,пікір таластырады.
2.Кім жылдам  тест сұрақтары қойылады (әр топқа 6 сұрақтан,сұраққа жауап берген топқа жұлдызшалар беріледі).
3. Абылай хан туралы аңыз әңгімелер дайындап келу.(әр топ 1 аңыз әңгіме).
Қорытындылау.
Оқушылар ізденіс және зерттеу жұмыстары арқылы Абылай ханға жан-жақты сипаттама беріледі. Абылайдың қоғамдағы,тарихтағы алатын орнын анықтап, «Абылай – ұлы тарихи тұлға» деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, Абылайдың жүргізген саясаты,елімізде бүгін жүргізіліп отырған саясатпен үндестігі қарастырылады.
Оқушылардың пікір таластыру барысында бір-біріне қайшы келген тұстары көп болады. Осы арқылы олардың барлығы Абылайды тек қана саясаткер,немесе тек қана дарынды қолбасшы деп бөле алмайтынына көздерін жеткізеді.
5. Абылайдың жүргізген саясаты мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қызметін салыстыруға сұрақтар беру:
А) Ішкі саясаты
Ә) Мемлекет қауіпсіздігі
Б) Сыртқы саясаты
Абылай ханның жүргізген саясатының бүгінгі күндегі үндестігі мен сабақтастығына оқушылардың назарын аудару.Венн диаграммасын құру.
6. Қорытынды.
А) қай топ жеңімпаз болғанын атап айту
Ә) ынталы жауап берген,жақсы жұмыс істеген оқушыларды атап айту,бағалау
Б) Оқытушы топқа деген ризашылығын білдіру
Үй тапсырмасы:
1.Өткен тақырып бойынша 15 сұрақтан тұратын,5 жауабы бар тест құрастырып келу.
2.Өткен сабақты қайталау
Сабақтың құрылымы
№    Этаптар    Этап мазмұны    Оқыту құралдары    Хронометрлік уақыты,мин.
1    Сабақты ұйымдастыру кезеңі    Оқушылардың назарын сабаққа аудару        2
2    Кіріспе сөз. Мұғалім    1.Сабақтың мақсатын ашып түсіндіру.
2. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы.
3.Абылай  кім кластер құру    Интерактивті тақта. Абылай хан портреті,сызба тіректері,кластер    10
3    Берілген үй тапсырмасы бойынша топтардың өз бағыттарын қорғауы    Өз ойларын жеткізу,айта білу    Карта,тест     15
4    Абылайдың жүргізген саясаты,елімізде бүгін жүргізіліп отырған саясатпен үндестігі қарастырылады.
Оқушыларды бүгінгі күні жүргізіліп отырған саясатқа назар аудару    Венн диаграммасын құру    10
5    Сабақты қорытындылау        Тарату материалы    5
6    Үй тапсырмасы    1.Өткен тақырыптар бойынша 15 сұрақтан тұратын,5 жауабы бар тест құрастырып келу.
2.Өткен сабақты қайталау
1
7    Бағалау    Оқушылардың жалпы жұмысын бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
АБЫЛАЙ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Қазақ-Қытай қарым-қатынасы. Абылай хан
Абылай хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы
Абылай хандығы
Абылай хан (1711-1781жж)
Абылайдың хандығы
Абылай хан
Абылайдың хандығы
Абылай хан билігі
“Ақжолтай Ағыбай батыр”
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3886 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык