Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан тарихы


Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:Қайталау
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының ,қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері тарауы бойынша өтілген материалдарды пысықтау
  Дамытушылық: оқушылардың картамен жұмыс жасау, шешен сөйлеу, ұғымдарды меңгеру қабілетін дамыту. 
  Тәрбиелілік:Өз тарихын құрметтеуге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу
    Сабақтың түрі: қайталау-сайыс сабақ. 
    Сабақтың әдісі: Ойын түрлері арқылы жұмыс. 
    Сабақтың көрнекілігі:карта,кеспе қағаздар,плакаттар
                                       Сабақтың барысы:
   Ұйымдастыру кезеңі
 Сайыс бағдарламасы:
1. Топтың таныстыруы         5 ұпай
2. Шешендер сайысы           10 ұпай 
3. Бәйге сайысы                    10 ұпай 
4. Тарихи тұлға сайысы        5 ұпай
5. Тарихи оқиға сайысы       10 ұпай 
 Барысы: Әр сайыстан кейін жинаған ұпайлар саны  шығарылады
1. Әр қатар өз тобының атын  таныстырады ( үйден даярлап келген таныстыруларын ұсынады). 
2. Шешендер сайысы. Әр қатарға  бір оқиға беріледі.
1-топ: Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлек шыққан сәтін шешендік сөзбен, рөлдік ойын ретінде ұсынуы.
2-топ: Қазақ хандығының құрылып жатқан сәтін рөльдік ойын ретінде ұсынуы.
                         3-топ:  Тәуке ханның «Жеті жарғыны»жариялау сәтін   рөльдік ойын ретінде ұсынуы. 
             3.Бәйге сайысы. Әр қатарға 10 сұрақтан жылдам қойылады. Әр сұрақ 1 ұпайдан. 
 4.  Тарихи тұлға сайысы.
1-топ: Шамамен 1445 жылы дүниеге келген,. Анасы Жағанбегім - Мұхаммед Шайбани ханның кенже інісі Махмұд сұлтанның апасының сіңлісі.Бұл ханның мемлекетті басқару әдістері, ішкі және сыртқы саясаты туралы мәліметтер өте аз. Оның  есімі бірінші рет Мұхаммед Шайбани жөніндегі жазбаларда аталады.Сыртқы саясатта  ол Сырдария бойындағы қалалар үшін Шайбани әулетімен күрес жүргізіп отырды. Осыған байланысты қазақ басшыларының маңғыттар және моғолдармен одақтық байланысы қалыптасты. Ол  өзінің билік құрған кезеңінің басында Сайрам қамалын алды, Мауреннахр қамалын басып алуға біраз әрекет жасады.Ол  Қараталда болған кезде, Сайрам басшысы Қаттабек қаланы оған беріп, оны   өзбектерге шабуыл жасауға үгіттеді. Ол  қазақтар мен маңғыттардан үлкен қол жинап, Ташкентке жорыққа аттанды. Өзбек ханы Сүйініш қожаның әскерімен болған Ташкент түбіндегі шайқаста  ол  жараланып, шегінді. Бұдан кейін шамамен сол жылы ол  Шу өзенінің жағасындағы ордасында Ташкент басшысы Сүйеніш қожа ханға қарсы Моғолстан ханы Саидпен одақтас болды. Екі басшы бірігіп, Ташкентке жорық жасауға келісті. Бұл ұлы тұлға кім?
 2-топ:  Ол Бұхар мен Моғолстан бұғауынан босау жолында үздіксіз соғыс жүргізді. Бұхар әскерін талқандаған соң, Ташкент пен Самарқанды басып алды.  Ол Ресеймен одақтық бәтуаға келу жолында көп еңбек сіңірді. Ресейдің бұл келісімге келгендегі мақсаты: Көшім ханға біріккен күшпен соққы беру; Орта Азиямен келіссөздер жүргізу үшін одақтық байланысты пайдалану; Бұхар хандығына қарсы , Иран шахы Аббаспен одақтық келісімге келу. Патша үкіметі  көмек беруге бел байлады. Ол   ұлы Құсайынды Мәскеуге аманат ретінде жіберуге келісім берді. Патша үкіметі жауапты шешім ретінде оның  немере інісі Ораз-Мұхаммедті қайтармақшы болады. Ол  қонақжайлылық салты бойынша В. Степанов бастаған орыс елшілерін қабылдады.  Бұхар үшін болған шайқаста ол   қаза болды.Бұл тұлға кім?
 3-топ: Оның бойы аласа, бірақ мол денелі кісі екен. Оның тұсында Батұр қонтайшы басқарып отырған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды. Оның  билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның  ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты.
Ол  Бұхар хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, оның тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған.Бұл тұлға кім?
Тарихи оқиға  әр топқа қима қағаздармен беріледі тез құрастырған топ артық 5 ұпай алады
1-топқа Орбұлақ шайқасы 
Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы, бұрын қалмақ тұтқынында болған Жәңгір хан басқарды. 1643 ж. Батыр Қоңтайшының өзі бастаған ойрат қолы қазақ-қырғыз далаларына қарай қозғалды. Самарқандтан көмек келіп жеткенше оларды қарсы алуға бекінген Жәңгір хан 600 адам жинап, алдынан шықты. Жәңгір ұрыс жүргізуге қолайлы орын деп, Ор аталатын бұлақтан ағып жатқан кішкентай өзеншік маңындағы тау арасына тоқтады. Қарсы жақтың қандай тәсілмен соғысатынын білетін қазақтар тар жырада "ор қазу" әдісіне көшті.. Сөйтіп, жүдырықтай жұмылған қолын үшке топтаған Жәңгір тау шатқалының үш тарабынан тап беруге даяр тұрды. Жар астында жасырынған қауіп бар деп ойламаған жау тар шатқалга кіріп, оңтайлы ойластырылган соғыс әдісінің амалынан 10 мың қолынан айырылды. Ӏзінше Самарқандтан 20 қол әскерменЖалаңтөс батыр көмекке келді. Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың және отаншылдықтың өнегесі болып айшықталып қалды.
2-топқа Қазақ хандығының құрылуы
 Соғысқұмар Әбілқайырдың  қатал билігіне бағынғысы келмеген  Керей мен Жәнібек  ханға қарсы шықты. Қазақ тайпалары мен руларының көбі  Керей мен Жәнібекті қолдады. Олар өз алдына дербес жеке хандық құруды ойлады.  Ауыр зардап көрген халық тыныштық өмірді аңсады. Әбілқайыр ханның билігіне қарсылық білдірген қазақ тайпалары мен руларының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібектің маңына топтасып жиналады. Осы қазақ тайпалары Жетісу мен Моғолстан жеріне көшеді.
   Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың топтасып бір мемлекетке бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.
  Сол кезде Жетісуда  билік жүргізген Есен Бұға (1434-1462ж.) Керей мен Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр ханға қарсы пайдаланды. Екі сұлтанды құшақ жайып қарсы алады. Керей мен Жәнібекке Шу мен Қозыбасы аймағынан қоныс бөліп берді. Әбілқайырға наразы қазақтардың үлкен бөлігі Жәнібек пен Керей сұлтандарға көшіп келіп қосыла береді. Сұлтандар төңірегіне жиналған адамдардың саны екі жүз мыңға жетті. Керей мен Жәнібек сұлтандар Шудағы Қозыбасыға орда тігеді. Сөйтіп, Қазақ хандығының негізі  қаланады.  1465-1466 жылы Қазақ хандығы құрылды. 
 
3-топқа Қатаған қырғыны 
Қазақ билеушілері мен Аштарханидтер арасында маңызды сауда, экономикалық орталық - Ташкент үшін күрес қайта басталды. 1621 ж. Аштарханидтер мен қазақтардың қырғыздармен біріккен күштері арасында ең ірі шайқастың бірі болды. Ташкент билеушісі Тұрсын сұлтан 100 мың әскер жинап, оның  10 мыңын қырғыз билеушілері шығарды.1624-1625 жж. Есім елге қайтып, өз ордасын Түркістанда тікті. Бірақ екеуінің арасында билік үшін күрес тоқтамады. 1627 ж. Есім  хан қалмақтарға жорыққа кеткен кезде Ташкент билеушісі Тұрсын сұлтан Түркістанға Есім хан  Ордасына өз отрядын жіберіп, олар ханның әйелін, балаларын тұтқынға алып, адамдарын соққыға жығады. Кейін Ташкент маңында Есім хан мен Тұрсын арасында шайқас болып, Тұрсын сұлтан қаза болды. Есім хан Тұрсын ханды қолдап, бейбіт елдің тыныштығын бұзған Қатаған руын да жазалайды. Бұл оқиға тарихта «Қатаған қырғыны» аталды.
Қорытынды. Ұпайлары бойынша жеңімпаз топ анықталады.
 Қатысқан оқушыларды бағалау. 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Есім хан тұсындағы қазақ хандығы
Хақназар хан
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЫҒАЮЫ
Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының сыртқы - ішкі жағдайы
Қазақ хандығының басқару жүйесі
Қазақ хандығының 16-17ғ дамуы
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрлысы
Қасым хан
Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2175 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык