Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Египеттегі ғылыми білім негіздері


Египеттегі ғылыми білім негіздері

Сабақтың тақырыбы Египеттегі ғылыми білім негіздері

 Білімділік: Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылыми білімдердің негізгі заңдылықтарын ашып көрсту.
 Дамытушылық:Ежелгі Египетте математикалық, геометриялық және аспан денелерінің қозғалысын бақылап отыратын астрономиялық ғылыми білімдердің болғанын баяндау.
 Тәрбиелік: білім мен ғылымның ежелгі Египеттен бастау алғаны туралы айтып, оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
• «Перғауын» ұғымын түсіндіріңдер.
• Перғауындардың шексіз билік жүргізгендігіне мысалдар келтіріңдер.
• Египетте шондарлар тобына кімдер жатты? Олардың қызметіне сипаттама беріңдер.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Египетте жазудың шығуы мен дамуы.
2. Математикалық білімдер.
3. Аспан әлемі
4. Египеттегі медицина.
5. Ежелгі Египеттегі мектеп
Б.з.б. IV мыңжылдықтың өзінде-ақ Египетте білімнің әр түрлі салалары дамыған. Осыған байланысты жазудың қажеттілігі туған. Ал мемлекет пайда болған кезде жазу біржола қалыптасқан еді. Перғауындарға сауатты адамдар қажет болды.
     Алғашқы египеттіктер айтайын деген ойын суреттер арқылы білдірген. Ал таңба суреттер-иероглифтердің саны 750-дей болған. Таңба суреттерді тақса да, ағашқа да ойып салған.
   Одан әрі   сабақты оқулық бойынша түсіндіремін. Ежелгі Египетте математикалық білімдердің болғандығын «математикалық папирустар» дәлелдейді. 
   Ежелгі Египетте құрылысқа тасты пайдалану кең өріс алды. Оған дәлел-Египеттегі пирамидалар, храмдар, сәулетті үйлер. Бұл міндеттерді орындау үшін құрылысшыларға қандай білім, амалдарды білу керек болды деп ойлайсыңдар?  Ғылымның қай түрі дамыды?
   Оқушылар ойын тыңдап болған соң   сөзін жалғастырып, кітаптағы суретке оқушылар назарын аударамын. Ақ жібек матадан тігілген әдемі киім киген шонжар пальманың көлеңкесінде тұрып, егіншілер еңбегін бақылай отырып, іштей есеп шығарады:
   «Құлдар мен шаруалар еген даласынан храмға арнап 400 қап бидай жинады, 20 қабын шондарларды асырауға қалдыру керек, 80 қабын бордақыланған малға жемге жұмсаймын, 40 қабын құлдардың күн көруіне, 20 қабын  көктемгі егіске. Сонда қанша қабы қалды?
  Ол ойланып, есептеп көрсе, 240 қап бидай ды сатуға болады екен. Ауыл шаруашылығының тез өркендеп, дамуына байланысты египеттіктерге көп есеп шығаруға тара келді.
   Осының бәрі қандай ғылымның дамуына әкелді? Әрине, оқушылар:  «Математика», -деп жауап береді.
Перғауын Ніл өзенінің бойына, табиғаты әдемі жерге сарай салғызуға нұсқау береді. Құрылысшылар кеңесе отырып, ол құрылысқа қанша кірпіш кетеді, неше құл мен шаруаны жұмысқа жегу керек, қанша күнде салып бітіруге болады-осының бәрін есептеп шығарады. Қолөнершілер де қоланы құйғанда мыс пен қалайының қанша бөлігін жұмсау керек екенін дәл есептеп алу қажет болған.
      Тақтаға ежелгі египеттік сан таңбаларын жазып көрсетеді де,  нені білдіретінін сұраймын.
    Таңбаны жазу мен есептеу жүйесі  қиын да, көп болды, соған қарамастан адамдар арифметикалық амалдың төрт түрін меңгере білді.
 Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылымдардың  бірі геометрия болды. Өйткені күнделікті тұрмыста, құрылыс саласында, жер өлшегенде ауданы мен көлемін анықтау қажет болды. Египеттіктер тік төртбұрыштың, үшбұрыштың, трапецияның және шеңбердің  бер көлемін есептей білген. Олар ұзындықты шынтақпен де алақанмен де саусақпен де есептеген.
    Ежелгі мысырлықтарға Нілдің қашан таситындығын күні бұрын білу қажет болған. Ең қысқа түнде таң алдында аспаннан жарық жұлдыз көрінетіндігін байқаған. Дәл сол күні су таси бастаған.
    Нілдің қашан таситындығын неге күні бұрын білу керек болды? Аспанды бақылау кезенде қандай ғылым пайда болды?
   Ніл тасығанға дейін каналдарды тазартып, бөгеттерді жөндеу керек болатын. Егер Ніл өзенін бөгемесе, олар тектен-текке теңізге құйып,  қуаңшылық салдарынан барлық астық күйіп кететін еді.
    Мысыр абыздары Сотистің бірінші көрінуінен екінші көруне дейінгі аралықта 365 күн бар екендігін есептеп шығарды. Осы уақыт аралығын олар 30 күннен 12 күнге бөледі, ал калған 5 күнді ешбір айға қоспай, жыл аяғында құдайға құлшылық ететін күндер деп есептейді.
    Ежелігі Египетте өте кең тараған ғылыми білімдердің бірі-медицина болды. Египет дәрігерлері аурудың жеке түрлеріне  маманданды. Олар: асқазан, тыныс жолдары, көз, тері аурулары т.б. болып бөлінді.
    Египет дәрігерлері хирургия тәсілін пайдалана отырып та емдеген. Олар операцияға қоладан жасалған әр түрлі медициналық құралдарды пайдаланды.
   Дәрігерлер көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттерін білген. Сондықтан да адамдарды емдеу барысында шөптер мен өсімдіктерді жиі пайдаланып отырған.
    Ежелгі Египетте мектеп оқушыларына арналған ереже болған. Ережеде мынадай сөздер бар: «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы. Өзіңнен артық білетіндермен ақылдас, болмаса сені ұрып-соғады. Баланың құлағы арқасында , ол таяқ жегенде ғана тыңдайды».
ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.
 Пысықтау барысында білімнің айқын да тиянақты болуына қол жеткізуге тырысамын.
IV. Үйге тапсырма: §7


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Египетте мемлекеттің пайда болуы
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
Ежелгі Египет әдебиеті мен өнері
Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты
Египетте мемлекеттің пайда болуы
Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы
Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері.
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4144 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык