Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері


Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері

Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері

Сабақтың мақсаты :
Ежелгі Египет мемлекетінің көне әдебиетімен , дінімен , өнерімен оқушыларды жан-жақты таныстыру . Көне замандағы тарихи ескерткіштердің бірі пирамида құрылыстарымен оқушыларды етене таныстырып , ел тарихын толық меңгерту . Қосымша деректермен , тірек –сызбалармен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың білімін жетілдіру . 
Көрнекі құралдар : 
Дүние жүзі саяси картасы , Египеттің картасы , Тірек – сызбалар , кестелер . 
Сабақ түрі : Аралас сабақ .
Сабақ әдісі : Әңгімелесу , пікірлесу түрінде , сұрақ – жауап , тірек – сызбаларды , кестелерді пайдалану .
Сабақ барысы :  
1. Ұйымдастыру кезеңі .
2. Египетке саяхат – Оқушылардың қызығушылығын ояту .
3. Үй тапсырмасын тексеру - $ 7 Египеттегі ғылыми білім негіздері
4. Жаңа сабақ - $ 8 Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
5. Бекіту кезеңі
6. Қортындылау
7. Үй тапсырмасын беру
1 .Ұйымдастыру кезеңі – 1 минут .
 Оқушыларды түгелдеу , сабаққа дайындықтарын тексеру . Жаңа сабақтың өткен сабақпен тығыз байланысты екенін ескере келіп , үйге берілген тапсырманы талдаудан бастау .
2. Египетке саяхат – 15 минут .                                                                                                                     
   Оқушыларды Египет мемлекетіне саяхат жасату . Картадан Египетті көрсету. .
   Егиет елінің саяси және экономикасымен , өткен тарихи жағдайларымен оқушыларды таныстыра кету . Оқушылардан түсінгенін қысқаша сұрақ – жауап арқылы тексеру . 
Төмендегі хронологиялық кестемен жұмыс істеу 
 
Египет мемлекеті                  Тарихи оқиғалар
               Ежелгі заманда ( Б. з . б    ХХХ – б.з Ү ғасырлар)
Б .з.б ХХХ – ХХ ғасырлар  Египетте өркениет пайда болды , егіншілік дамыды  .
  Қалалар салынып  , мемлекеттер құрылды , білім дамыды .
Б. з . б 3000жылдар  Египет біріккен қуатты мемлекетке айналды . Астанасы – Мемфис 
  Алғашқы перғауыны – Менес .
Б. з. б 
2600 жылдар  Ең биік пирамида Хеопс пирамидасы салынды . 
  Биіктігі – 150 метр .
Б. з. Б
1500 жылдар  Египет перғауыны ІІІ Тутмос перғауын Алдыңғы Азия елдерімен
  оңтүстікте Нубия елдерін жаулап алды 
Б.з . б
Ү ғасырда  Ежелгі Египетті парсылар жаулап алды .
  Египет Ұлан байтақ Парсы патшалығына бағынды
Б. з . б
ІҮ ғасырда  Египетті Александр Македонский жаулап алды . 
  Александрия қаласын салдырды
Б.з .б 
І ғасырда  Египетті Рим империясы жаулап алды .
  Египет елі І – Ү ғасырларда Рим империясына бағынды
            Орта ғасырларда ( б.з Ү – ХҮІІ ғасырларда )
Б.з Ү- ҮІІ
ғасырларда Египет Византия империясының қол астында болды .
 Египетте христиан діні тарады
ҮІІ ғасырда Египетті арабтар жаулап алды . 
 Египет мұсылман дінін қабылдап , арабша Мысыр аталды .
ІХ ғасырда Египетте ұлы бабамыз Әл – Фараби болды 
 Әл – Фараби Кайр мен Александрияда білім алған
ХІІІ – ХІХ 
ғасырларда Египет елін Мамлүктер билік жүргізді .    Атақты мәмлүктер               
 Бейбарыс , Айбек , Қалауындар Египетті басқарды .
Жаңа заман ( ХҮІ – ХХ ғасыр басы)
ХҮІ – ХІХ 
ғасырларда Египет Осман Түркиясына бағынды
ХІХ ғасырдың
аяғында Ұлыбритания Египетті өз отарына айналдырды . 
Атақты Суэц каналын салдырды .
Қазіргі заманда ( ХХ ғ – ХХІ ғасырлар)
1922 жылы Египет тәуелсіздігін жариялады
 
1956 жылы Египет Республикасы жарияланды
Алғашқы президенті Г . Насыр болды .
1981-2011 
жылдар Египеттің президенті Х. Мубарак болды
1992 жылы Египет Қазақстанның тәуелсіздігін таныды .
2.Үй тапсырмасын тексеру - $ 7 Египеттегі ғылыми білім негіздері – 10 минут .
Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру . Жұптық жұмыс бойынша оқушыларға тест беру . 
І – нұсқа
 
1. Ежелгі Египеттегі жазу түрі.
А. Иероглиф                Ә. Алфавит              Б. Руна
 
2. Ежелгі Египеттіктер неге жазған
      А. Қағазға                  ә. Теріге               Б. Папирусқа
 
3. Египетте ең жоғары дамыған ғылым саласы
А. География              Ә . Геометрия              Б. Астрономия
 
4. Египет билеушілері қалай аталды 
А. Перғауын                Ә. Хан                Б. Император
 
5. Арабтар Египетті қалай атады
А. Мағриб                    Ә. Мысыр               Б. Шам
 
ІІ - нұсқа
1. Египетте ең жоғары дамыған ғылым саласы
А. География              Ә . Геометрия              Б. Астрономия
 
2. Иероглифтің саны қанша болды
А. 750                    Ә. 120                Б. 179
 
3. Папирусқа немен жазды . 
     А. Қаламмен                       Ә. Қамыспен               Б. Сыммен
 
3. Египеттіктер тұңғыш не ойлап тапты
А. Оқ – дәрі                   Ә. Компас                     Б. Күнтізбе
 
4. Арабтар Египетті қалай атады
А. Мағриб                    Ә. Мысыр               Б. Шам
 
5. Ніл өзені қай құрлықта 
А. Азия                        Ә. Африка                    Б. Америка
                                 3- нұсқа
 
1. Ніл өзені қай құрлықта 
А. Азия                        Ә. Африка                    Б. Америка
 
2. Ежелгі Египеттегі жазу түрі.
А. Иероглиф                Ә. Алфавит              Б. Руна
 
3. Ежелгі Египеттіктер неге жазған
      А. Қағазға                  ә. Теріге               Б. Папирусқа
 
4. Египеттіктер миллион санын көрсету үшін не істеген
А. Екі қолын көтерген            Ә. Басын шайқаған              Б. Дауыстаған
 
5. Египеттегі әлемдегі жеті кереметтердің бірі
А. Храмдар            Ә. Пирамидалар               Б . Обалар
 
 2.Жаңа сабақтың түсіндіру –  $ 8 Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері -15 минут .
Жаңа сабақ жоспары :
1. Әдебиеті
2. Ежелгі Египеттің діні
3. Египеттегі храмдар
4. Пирамидалар салу
Жаңа сабақты өткен тақырыппен тығыз байланыстыра отырып түсіндіру , ең әуелі әдебиетімен таныстыру . Ежелгі Египеттің аңыз әңгімелері , әдеби шығармаларының ерекшеліктерін көрсету .Келесі тақырыпшада дін ерекшеліктерін көрсету . Көне Египетте абыздардың маңызын , дін өкілдері ретінде қоғамда алатын маңызын түсіндіру . 
Оқушыларға пирамидалар туралы жан – жақты түсіндіріп өту , Жеті керемет аталу себебіне тоқтала кету . Пирамидалар салу себебіне тоқтала кету . Үрей атасы сфинкстің ерекшеліктерін , сфинкстің көлемін көрсету
Бекіту сұрақтары : 
1. Әдебиет шығармаларынан не білесіңдер?
2. Египеттегі күн құдайы
3. Құдайларға арнап не тұрғызған
4. Пирамида не үшін тұрғызылған
5. Египеттегі ең биік пирамида қай перғауындікі
6. Сфинксті египеттіктер қалай атаған 
1. Египет сөзі қандай мағына береді
2. Ежелгі Египеттегі жазу түрі
3. Египет елі қай құрлықта орналасқан
4. Әлемдегі жеті кереметтің бірі
5. Биіктігі 150 метр болатын пирамида
6. Ежелгі Египеттегі жақсы дамыған ғылым саласы
Қортындылау  - 2 минут
Үйге тапсырма пысықтап беру , оқушыларды бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Орта ғасырлардағы Африка
Ежелгі Египет әдебиеті мен өнері
Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты
Ежелгі дүние тарихы
Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы
Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері.
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5142 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык