Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ежелгі парсы патшалығы


Ежелгі парсы патшалығы

Сабақтың тақырыбы Ежелгі парсы патшалығы

Сабақтың мақсат-міндеттері: 
 Парсы тайпаларының одағын күшейткенін, оның басқару жүйесін жетілдіргенін және  парсылардың ежелден жылқы шаруашылығымен айналысқан, ат құлағында ойнаған ержүрек, жауынгер ел болғанын баяндау.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі. Интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: «желгі Иран мен Орта Азия» оқу картасы, «Парсы жауынгері» суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
• Финикия мен Палистинатын табиғат жағдайлары қандай еді?
• Финикия неге қала мемлекеттер деп аталды? Олардың даму ерекшеліктері қандай?
• Израил-иудей мемлекеті туралы не білесіңдер? Сүлеймен патша кезінде қандай өзгерістер жасалды?
Жаңа сабақ жоспары:
1. Табиғат жағдайы
2. Парсы патшалығының құрылуы
3. І дарий, оның ішкі және сыртқы саясаты.
Табиғат жағдайы оқулық көлемі бойынша баяндалады.
«Кейбір аңыздар бойынша, Кирді кішкентай кезінде  бір ерекше аң емізіп, асырапты. Одан соң сал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп өсіріпті».  Сабақты аңыздан  бастау оқушылардың білім алуға деген құлшынысын арттыра түседі.  Одан әрі  Вавилонның  солтүстік-шығысында Мидия мемлекеті пайда болғанын, мидиялықтар Вавилонмен одақтаса отырып, әлсіреген Ассирия мемлекетін талқандағанын айтамын. Бірақ Мидияның Вавилонмен одақтастық, достық қатынасы ұзаққа бармай, екеуінің арасындағы қанды соғысқа ұласқаны баяндалады.  Одан әрі Кирдің жаулаушылық саясатын түсіндіремін. Балалар картадан Парсы патшалығының жаулап алған жерлерін өз карталарына түсіреді.
    Парсы патшалығы І Дарий өзінің жазбаларында «жерді, аспан мен адамды жаратқан, құдіреті күшті құдай тағаланың өзін патша етіп тағайындағанын  мақтан ететінін   оқушыларға айта кетемін. Өздерін осылайша дәріптеген патшалар болғанын түсіндіремін.
   Әрбір аймақты патша тағайындаған әкім басқарады.   І Дарий кезінде әлемдегі ең таза алтын  теңге шыққанына, көптеген басқа елдерде оны құнды ақша ретінде пайдаланғанына тоқталып өтеімін.
     Елде сауданың дамуы, әрбір аймақтар арасындағы байланыстың нығаюы үшін жол жасалып,  сонау Сарды қаласынан басталған олжолдың бүкіл Кіші Азияны басып өте отырып, Тигр өзенінің бойымен оңтүстікке қарай Вавилон мен Сузы қалаларына дейін созылғанын картадан көрсетемін.
     «Патша жолының» сол кездегі рөлін ашып көрсетеді, сол жолдар арқылы патша жорықтары елдің орталығынан шеткері аймақтарға дейін жеткені туралы, осы тәжірибені кейін римдіктердің де пайдаланғанын баса айта кетемін. «Патша жолын» тақтаға сызып көрсетіп немесе бөлек карта жасап, сырттай  саяхат жасатамын.
    Сақ сарбазы Шырақтың  ерлігі жөнінде әңгіме өткіземін.  «Өз жерлестерін шапқыншылықтан құтқару үшін Шырақ қандай ерлік жасады? Сен өз елің үшін осындай ерлікке дайынсың ба?»
     Оқушылар жауабын тыңдап, қорытындылаймын.
    Парсы әскерлерінің ерлігіне тоқталамын. Олардың әскери құрамы негізгі 10 мың  «өлімге бас тігушілерден» тұрған, егер ұрыс даласында жаңағылардың жартысы өлсе, тез арада олардың орнын басқалары толтырып отырған. Сондықтан «өлімге  бас тіккендердің» саны бастапқы қалпын сақтап отырған.
   Парсылардың ең көрнекті әдеби мұрасы- «Авеста».
Бұл шығармада уағыздалатын діни ілімді алғаш Заратуштра ілімі деп атады. Ол ілімнің мәні – жақсылық, қайырымдылық құдайы Ахурамазда мен жамандық пен қатыгездік құдайы Анхра Манью арасындағы рүрес әлемдік дамудың негізі болып  саналады.
    Заратуштра ілімінің бір ерекшелігі болды. Ол бойынша өлген адамның денесін жерге көмуге де, отқа жағуға да рұхсат етілмеді. Өлі дене жерді де, отты да ластайлы. Олар өлгендердің денесен жабайы құстарға тастау керек деп есептеді.
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. І Дарий өзін қандай адам ретінде көрсетуге тырысады? Неге? Ол адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді айтады?
2. Билеуші болу үшін тағы қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?
3. Неге ол Ахурамазданы дәріптеді?
IV. Үйге тапсырма: §13
13-параграфты оқып, мазмұнын айту.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Ежелгі Македония
Ежелгі Македония
Египетте мемлекеттің пайда болуы
Хетт патшалығы
Ежелгі Финикия мен Палистина
Ежелгі Қазақстан тарихы
Кушан патшалығы
Парфия патшалығы
Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6865 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык