Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Парфия патшалығы


Парфия патшалығы

Сабақтың тақырыбы Парфия патшалығы

Сабақтың мақсаты:  
 Оқушыларға Парфия патшалығының  құрылуы, көшпелі тайпалардың  ұрпағы  Арсақ құрған Парфия патшалығы билеушілерінің өз шекарасын үнемі ұлғайта отырып, Римның Басқыншылық әрекетіне күйрете соққы бергендігі  туралы баяндау.
 Тақырып барысында  оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуге  көңіл бөлінеді. Әсіресе  көшпелі жауынгер сақ ұрпақтарының Римнің шығысқа жасаған  жорықтарының тек қана өз шекарасын қорғап қоймай, Римнің шапқыншылығынан басқа елдерді қорғау барысындағы ерлік істеріне де тоқталып өтемін.
  Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілігі: карта (Б.з.б. ІІІ ғ. Ежелгі Шығыс),сызба
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі 
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
Сабақта   оқушылардың ойын дамыту үшін, ең алдымен Парфия патшалығының орналасқан жерін оқушылардың дәптеріне түсіріп алуын қадағалап, содан кейін Парфия патшаларының қызметтерін салыстыра отырып талдаймын және Парфиядағы басқару жүйесін парсылардың  басқару жүйесімен салыстырып,   ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын іздестіру жұмыстарын жүргіземін.
    Сабақты    әңгімелесу арқылы талдап түсіндіремін.
             Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстырамын. Ол үшін оқушыларға  төмендегідей сұрақтар қоямын: 
1. Орта және Орталық Азияда  ежелгі дүниеде қандай мемлекеттер болған? 
2. Олардың астаналары қай қалалар?
3. Олардың негізгі шаруашылығын атаңдар
4. Бұл мемлекеттер ежелгі Қазақстан жеріндегі  қай мемлекетпен қарым-қатынас жасап тұрған?
Жаңа сабақтың  жоспары:
1. Парфия патшалығының құрылуы.
2. Парфиядағы басқару жүйесі
3. Көшпелілер және Парфия
4. Парфияның римдіктерді талқандауы және оның маңызы
 Жаңа тақырыптың бірінші мәселесін  талдап, түсіндіру үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып, әңгімелесемін.
1. Сақтар қай жерлерді мекендеген?
2. Деректерге сүйене отырып сақтарға сипаттама беріңдер.
3. Сақтар қай кезеңдерде өмір сүрген?
4. Олар шаруашылықтың қандай түрлерімен  айналысқан?
5. Сақтардың қоғамдық-әлеуметтік құрылысын әңгімелеп беріңдер.
6. Сақтардың ескерткіштері қай жерлерден табылған?
 Парфия патшалығының құрылуы туралы айтқан кезде оқулық мәтінін пайдалана отырып, бұл мемлекеттің негізін көшпелі тайпалар құрғанына кеңірек тоқталып өтемін.
    Парфияның қуатты мемлекетке айналусебебін түсіндіру үшін төмендегі кестені пайдалануға болады.
Арсак Тиридат І Митридат
Мемлекеттің негізін қалады Парфия патшалығының жерін кеңейтіп, қуатты мемлекетке айналдырды. Парфия патшалығының шекарасын Евфрат өзеніне дейін жеткізді. Сөйтіп оңтүстік батыстағы бай аймақты өзіне қаратып алды.
  Парфияның римдіктерді талқандауы туралы тақырыпшаны оқушыларға өздігінше оқытып, пікірлерін тыңдатамын.
Сабақты бекіту:
1. Картадан Парфия мемлекетінің орналасқан жерін көрсетіңдер.
2. Парфия қай ғасырда мемлекет болып қалыптасты?
3. Парфия патшалары жаулап алған жерлерді картадан көрсетіңдер.
4. Парфия мен Рим арасындағы соғыстың басталу себебі неде?
5. Парфия мен Рим арасындағы шайқастарды сипаттаңдар.
6. Парфияның Риммен соғыста жеңіске жетуінің тарихи маңызы неде?
7. «Жұмыс дәптеріндегі» 1-тапсырманы орындау.
Үйге тапсырма:  §17
17-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» 2-тапсырманы орындау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Парфия патшалығы.
Кушан патшалығы
Парфия патшалығы
Киев Русінің құрылуы
Ежелгі дүние тарихы
Ежелгі парсы патшалығы
Ежелгі Қазақстан тарихы
Кушан патшалығы
Ежегі Македония
Парфия патшалығы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 7994 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 9 января 2015 15:03
Рахмет сiздерге бунын оте пайдасы тидi
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык