Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері


Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері

Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері

Сабақтың  білімділік  мақсаты:
Ресейдің  қол астына өткеннен кейінгі  қазақ елінің жағдайымен, Ресейдің отарлау саясатының басталуы жайында  түсінгендерін тексеру.
Сабақтың дамытушылық  мақсаты: 
Туған өлкенің  тарихын оқып, терең  үйрену  арқылы   оқушылардың  отан тарихына  қызығушылығын оятып, өз білімін жетілдіруге  бағыт-бағдар  беру.
Сабақтың тәрбиелік  мақсаты:
Ресейдің  отарлау саясатына қарсылыққа , тәуелсіздік үшін күрескен ерлерге сүйіспеншілікке, тарихқа қызығушылықты арттыра отырып отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Электронды оқулық, Қазақстан картасы, тірек-сызбалар,  тест жұмыстарының  түрлері.
Сабақтың түрі: Ізденіс, зерттеу  сабағы.
Сабақтың әдісі: Тірек сигналдары  арқылы жүйелеп  оқыту, өзіндік жұмыс, тест, әңгімелеу, сұрақ-жауап,талдау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңін өткізу.
2. Сабаққа кіріспе.
( Қазақстан  Ресейге  қосылуы жайында пікірталас)
( Ізденіс бұл қозғалыс, оқушылардың  танымын  арттыру)
3 ассистент тағайындап, сыныпты 3 командаға бөледі. Оқушылар  оқулықтан немесе  мұғалім берген  жаңа дата, терминдерді  анықтауды іздейді.1 минуттан  кейін оқытушы  сұрай бастайды.
Команданың  әрбір дұрыс жауабына  ұпай қосылады. Қорытындысында  жеңген  команда  анықталады. 
 
 
І. Бақытты  жағдай ойыны. 1ұпай
 
1. 18 ғасырдың  І жартысында қазақ жерінің  Ресейге қосылуын алғаш ұйымдастырылған хан    (Әбілқайыр)
2. Әбілқайыр хан екінші елшілігін Ресейге  жіберді  (1730ж)
3. Қазақстанның Ресейге  қосыла бастауы  қай жылдан басталды?
(1731ж)
4. Абылай ханның  шын есімі?   (Әбілмаңсұр)
5. Абылайдың атасы  қай қаланың билеушісі болды? (Түркістан)
6. Абылай ханнан кейін орта жүздің ханы болды? (Уали)
 
ІІ. Кім шапшаң? Бәйге 1ұпай
1. Патша үкіметті қай жылы Бөгейді  Орта жүздің  екінші ханы деп  сайлады?  (1815ж)
2. Сібір қазақтарының  Жарғысы қай жылы  қабылданды? (1822ж)
3. Кіші жүздің соңғы ханы  кім? (Шерғазы)
4. 19 ғасыыдың екінші жартысында  Хиуа феодалдары жаулап алған қазақ жерлері (Сырдария жағалаулары)
5. Қазақ шаруаларының 1821ж Қоған хандығына  қарсы күресін  басқарды (Тентектөре).
6. 19 ғасырдың басында  Ресейге қосылмаған қазақтың жерлері(Оңтүстік Қазақстан ,Жетісу)
7. Қазақ жеріндегі резиденциясы Қапал бекінісі қай жылы салынды? (1847)
8. Қазақстанның Ресейге қосылуының  аяқталу кезеңінде орыс әскерлерін қолдады ( Сұраншы, Шаян батыр, Жайнақ би)
9.1854ж  Верный бекінісі салынған  жердің ертедегі атауы       
   (Алматы)
10. Қай жылы  Қапалдағы  Ұлы жүз  резиденциясы Верныйға 
  ауыстырылды? ( 1855ж)
11. Қаскелең өзеңі сағасындағы  Қоқан  хандығының бекінісі
    ( Таушүбек) 
12. 1847ж маусымда  Жем өзеңі  маңында  орыс 
    жазалаушыларына шабуыл жасаған батыр  (Есет батыр)
13. 1864 ж Ресей өкіметтінің  Қоқан хандығына қарсы  отрядын  кім басқарды? (М.Черняев)
14. Қазақ хандығының астанасы болған  қай қаланы  орыс әскерлері 1864 ж  жаулап  алды? ( Түркістан)
15. 1860ж 19-21 қазанда орыс және  Қоқан әскерлері арасында болған  шайқас.(Ұзынағаш)
 
ІІІ. Кім шешен ? Тарихи тұлғалар 2 минут (50 ұпай)
1. Абылай хан 
2. Әбілқайыр хан
3. Кенесары ха
 
IV. Кестені толтыр
уақыт жетекші Қай жерді қамтыды? Нәтижесі сипаты
И. Тайманұлы Кіші жүзді
1837-1847жж Отаршылдыққа қарсы
С.Датұлы Еділ Жайыққа көшуге
 
С.Қасымұлы жеңілді
1835-1860жж Сырдарияны
Есет батыр Отаршылдыққа қарсы
 
V. Хронологиямен жұмыс
Жылдар Оқиғалар
1635ж
                    1731ж  
                  1740ж
                   1758ж
                 1783ж-1797ж
1822ж
1824ж
1841ж
              1836-1838жж
             1837-1847жж
          1860ж 19-21 .10
         1864ж. 22.09
1865ж
1868ж
1873ж
Топ бойынша алған ұпайларын санау.
VI. Карта сөйлейді. 
VIIХронологиялық сөзжұмбақ
1. Кенесары хан қолы қай жылы жеңілді?
2. Кенесары қай жылы хандыққа көтерілді?
3. Бөкей хандығы қай жылы пайда болды?
4. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қай жылдары басталды?
5. Кіші жүзде хандық қай жылы жойылды?
6. Орта жүзде екінші хандық қай жылы пайда болды?
7. Бөкей хандығы қай жылы жойылды?
8. Черняев әскері қай жылы Шымкентті алды?
9. Есет батыр қай жылы Ресей билігін мойындады?
10. Кенесары ханның көтерілісі қай жылы басталды?
11. Орта жүзде хандық қашан жойылды?
12. Исатай мен Махамбет қай жылы аяқталды?
Оқушылар білімін бағалау.
Бекіту

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан және Ресей
ХІХ ғасырдың 50- 70 жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт- азаттық көтеріліс
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Верный бекінісі негізінің салынуы
ХІХ ғ. І жартысы ұлт- азаттық көтерілістер
Қазақ-Қытай қарым-қатынасы. Абылай хан
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы
Қазақ хандығынан Кеңестер билігіне дейінгі Қазақстан
Қазақстан және Ресей
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3069 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык