Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы


Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға Қазақстан Республикасының Ата Заңы жайында мағлұмат беру, Ата заңның ерекшелігімен және негізгі жүйесімен таныстыру, тәуелсіз Қазақстанның заңдық негізі туралы білім беру.
• Дамытушылық: заңдық білімдерін жетілдіру, конституциялық құрылыс жайында өз ойларын білдіру дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, өз пікірлерін түйіндей білуге үйрету;
• Тәрбиелік: еліміздің Ата Заңын құрметтеу баршамызға міндет екенін түсіндіру, әр азаматтың конституциялық міндеттерімен және құқықтарымен таныстыру. Ата Заңды құрметтей білуге үйрету, құқықтық тәрбие беру, азаматтық жауапкершіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Пән аралық байланыс: құқық
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызады.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болғаннан кейін үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Үй тапсырмасын әңгіме түрінде өткіземін.
Алдымен сыныпқа ортақ сұрақ қоямын:
Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер?
Әр топтан бір оқушыдан жауап беруі керек.
Сұрақ: Тәуелсіздік бізге қалай келді?
Бұл сұраққа да бір оқушыдан жауап беруі керек.
Ең соңында бір-бір сөзбен жауап беретін сұрақ қоямын.
Сұрақ: Президент - ол:
Бұдан кейін   оқушылардың үйде жазған әңгімелерін тексеруге жинап алып, жаңа тақырыпқа кірісемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын алдын ала тақтаға жазамын.  Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын. Осыдан кейін әр топқа ҚР Конституциясын таратамын.
Тақырыпқа мынадай жоспар құрылады:
1.  Ата Заңының тарихы.
2.  Ата Заңның құрылымы.
3. Мемлекет, адам құқығы және Ата Заң.  Ең алдымен жалпы сұрақ қоямын:
            Конституция дегеніміз не?
Әр топ ақылдаса отырып бір парақ қағазға жауап жазады. Оны бір оқушы шығып түсіндіріп береді.
Осыдан кейін  оқушылардың сәйкес келетін жауабын іріктеп ала отырып, Конституция сөзінің мағынасын түсіндіріп өтемін.
Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Мемлекетте қабылданатын барлық заңдар, ережелер, қаулылар, құжаттар конституция негізінде ғана жасалады. Осылардың барлығы конституция талаптарына қайшы келмеуге тиіс.
Одан әрі еліміздің Ата Заңының тарихын оқушыларға баяндап беремін. Оны мына бағытпен түсіндіремін:
• Алғашкы Ата Заң (1993 жылы 28 ақпан).
• Соңғы Ата Заңның қабылданған уақыты (1995 жылы 30 тамыз).
• Қандай тәртіппен қабылданды? (Бүкілхалықтық референдум негізінде).
Ата Заңның құрылымымен таныстырғанда тақтаға схема түрінде сызып көрсетемін. Бұл схеманы ҚР Конституциясын пайдалана отырып, оқушылар жеке-жеке толтырып шығады. Артынан   Ата Заңның құрылымы туралы айтып беремін.
Қазақстан Республикасының Ата Заңы (9 бөлім, 98 бап)
Бөлімдер Тақырыбы Баптар саны
I бөлім 
II бөлім 
III бөлім 
IV бөлім 
V бөлім 
VI бөлім 
VII бөлім 
VIII бөлім 
IX бөлім
Алдымен жоспардың үшінші бөлімі бойынша сабақты түсіндіремін. Онда мына бағыттарды негізге аламын:
 Азаматтардың конституциялық құкығы мен міндеттері.
 Мемлекеттің сипаты. Топтық тапсырмалар.
Әр топқа ата заңның бірінші, екінші бөлімінен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін тауып жазуды тапсырамын.  Тез орындаған және көбірек жазғанға көңіл бөлемін.
Әр топқа келесі тапсырманы беремін. Төрт плакатты таратамын. Ондағы схема бойынша топпен ақылдасып отырып, тапсырманы орындаймын. Оқушылар алдындағы  түсіндіргенімді естеріне түсіреді.
Қазақстан Республикасы
Демократиялық Зайырлы Құқықтық Әлеуметтік

Толтырылған схеманы тақтаға іліп бір оқушы түсіндіріп береді.
Қорытынды кезең.
Сабақты қорытындылау мақсатында қойылатын сұрақтар:
1. Конституцияның мемлекет өміріндегі орны қандай?
2. Ата Заңның басты ерекшелігі қандай?
3. Референдум дегеніміз не?
4. Азаматтардың конституциялық құқықтарын атап беріңдер.
5. Конституцияда Қазақстан мемлекетіне қандай сипат берілген?
6. Неліктен Конституцияны құрметтеу біздің борышымыз болып саналады?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң бүгінгі тақырыпты қысқаша қорытындылаймын. 
Бағалау:
Үй тапсырмасы.
1.   56-параграфты оқу.
2.  Конституцияны оқып мазмұндау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы
Құқықтық мемлекет
Президенттің талпынуы – халық бақыты, гүлденген Қазақстан
1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы
Ғарышты игеру
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Ұлттық теңге-мақтанышымыз
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Бүгінгі Қазақстан
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 11894 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык