Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қыпшақ мемлекеті


Қыпшақ мемлекеті

Сабақтың тақырыбы Қыпшақ мемлекеті

Сабақтың мақсаты:

  • Қыпшақтардың шығу  тарихы, этностық құрамы жөнінде оқушыларға толық мағлұмат беру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, қызығушылығы жоғары тұлға қалыптастыру;
  • Ұлтжанды, білімді   азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
  2.  Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

 Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік:  карта, суреттер

Үй тапсырмасын сұрау:

  • І тоқсан материалдарын қайталау
  • «Эрудит» сұрақтар

Сабақты жоспары:

  1. Қыпшақтардың шығу тегі, тарихы
  2. «Дешті Қыпшақ» сөзінің пайда болуы.
  3. Қыпшақтардың этностық құрамы

   Сабақ жоспарының бірінші мәселесі бойынша  оқулық  мәтінінде келтірілген деректерді басшылыққа ала отырып-қыпшақ тайпасының тегі жергілікті халықтан шыққандығын жете түсіндіру.

    Ал қыпшақтардың әуелгі кездегі тарихы жөнінде сабақты түсіндіру барысында мына кестені пайдаланамын

Кезеңдері

Оқиға мен нәтижесі

1

IV ғасыр

Қыпшақтар ғұндар бірлестігінде болды

2

IV-VII ғасырлар

Яньто тайпаларын басып алып, сеяньто атты жаңа бірлестік құрды

3

VI ғасырдың ортасы

Түрік қағанатының қол астында тәуелді болды.

4

VII ғасырдың басында

Қыпшақтар Монғолияның терістігіндегі он-теле немесе он-оғыз  тайпасынан құрылған бірлестікті басқарды.

5

630 жылы

Қыпшақтар (сеяньто)  Өтікенді өздерінің Сир (Қыпшақ мемлекетін құрады

6

VII ғасырдың басы 646 жылы

Қыпшақтар бағындарып алған оғыз тайпалары қыпшақтар мемлекетіне күйрете соққы берді.

7

691 жылы

Тоғыз-оғыз дағының басындағы ұйғырларды жеңіп, Өтікен жерін алады. Бұ аймақта 742 жылы құлағанға дейін қыпшақтар 50 жыл билік жүргізді.

8

759 жылы

«қыпшақ» сөзі көне түрік жазба деректерінде  Мойыншор құлпысында кездеседі.

9

ІХ ғасыр

 Араб саяхашысы Йбн Хордад бектің VIII ғасырға жататын түркі тайпаларының тізімінде қыпшақ сөзі жазылған.

10

VIII ғасыр

Қыпшақтар Орталық Қазақстанда қоныстанады

11

ІХ-Х ғасырлар

Қыпшақтар Қимақ қағанатының құрамына кіреді.

12

ХІ ғасырдың ортасы

Сырдария жағалауындағы Хорезм шекараларына дейін қоныстанған

13

ХІ ғасырдың екінші жартысы

М.қашғари жасаған картада қыпшақтар Ертістен бастап Еділ өзеніне дейінгі жерді, тіпті Маңғыстау түбегін де иеленген.

14

1096 жылы

Қыпшақтар Хорезмге шабуыл жасаған.

15

ХІ ғасыр

Орыс жылнамаларында қыпшақтарды половецтер деп атаған

16

ХІ ғасырдың басы

Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойындағы оғыздарды жеңіп, жерін кеңейтіп, санын көбейтіп отырды.

17

ХІ ғасыр

Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейінгі Ұлы Даланы мекендегендер «қыпшақтар» деп аталды

 

 Екінші мәселе бойынша   «Дешті Қыпшақ» сөзінің пайда болуы жөнінде мәтінді оқытып, оқушылардың төмендегі сұрақтарды қою. Картамен жұмыс жасау.

  1. « Дешті» сөзі парсы тілінде қандай мағына береді?
  2. Мазафатт әл-ғұз» атауы қандай мағына береді?
  3. Қай жерлер қай кезден бастап Дешті Қыпшақ деп атала бастады?
  4. Қазақстанның ішкі аудандарын мекенлеген қыпшақтар қалай аталды?
  5. Шығыс дешті Қыпшақтар мекеніне қандай жерлер жатады?
  6. Батыс Дешті Қыпшақтар мекеніне қандай жерлер жатады?

     Үшінші мәселені түсіндіру кезінде қыпшақтар құрамына се және яньто тайпалары кіргенін атап өту. Кейіннен ХІ ғасырда, Шығыс Дешті Қыпшақтағы тайпалар этностық құрамы 16 тайпадан, Батыс Дешті Қыпшақ тайпалыры 11 тайпа одағынан тұрғанын, яғни қыпшақ тайпалары қазақ халқының құрамына негізгі тайпа болып кіргеніне баса көңіл бөлу.

Сабақты  бекіту:

  • Қыпшақтардың шығу тегі қайдан және қашан бастау алған
  • Қыпшақтардың алғашқы кездегі тарихи жағдайы  қандай?
  • «Қыпшақ» сөзінің пайда болуы және қыпшақтардың  тарих сахнасына көтерілуі.
  • Қыпшақтардың алғанқы орналасқан жерлерін  картадан көрсетіңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма:

  1. §10 бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру
  2. Қосымша деректерді пайдаланып, қыпшақтар жөнінде тарихи шығарма жазу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қыпшақ хандығы (ХІ – ХІІІ ғасырдың басы)
Кыпшақ хандығы.
Қыпшақ хандығы
Ақ Орда ( XIII – XV ғ.)
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Қимақ қағанаты (ІХғ.аяғы – ХІ ғ басы)
Ақ Орда (XIII – XV ғ.)
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6369 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык