Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz

Ұстаз-ұлы тұлға

« Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді»- Д. Дистерверг

Елімізді дамыған елдердің қатарына көру үшін ұстаздың қосар үлесі өте зор. Ұстаз Отанын, мамандығын, шәкіртін сүйе білетін тұлға. Шәкіртінің биіктен көрінгені, ұстаз үшін қуаныш. Сондықтанда  сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеу ұстаздың басты міндеті. Бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің тұтқасы. Мектеп қабырғасындағы  шәкірт, болашақ елдің іргесін қалайтын тұлға. Еліміз биіктен көріну үшін, алдығы елдердің қатарында болу үшін ұстаз аянбай еңбек ету керек. Қәзіргі таңда технологияның, ғылымның қарыштап дамыған кезеңі болса керек.Сондықтан да мұғалім үнемі ізденісте, заман талабына сай жан-жақты, шығармашыл болуы тиіс. Әрбір өткізген сабақ оқушы үшін жаңалық болғаны дұрыс. Мен үшінші деңгейлі курсты оқи отырып, көптеген әдіс-тәсілдерді үйренген болатынмын. Мектептегі тәжірибе кезіңінде оқушыларыма   жеті модуль бойынша сабақ жүргізе отырып, әрбір өткізген сабақтарымның құрылымы бір-біріне

Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2482 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-05-2014, 11:34 |


Табиғат көрінісін бейнелеу

І Сабақтың мақсаты: Перспектива заңдылықтарын қолдана отырып табиғат көріністерін салу;

білімділігі: қағаз бетіне затты дұрыс үйлестіру, түстерді дұрыс таңдап білу;

тәрбиелігі: эстетикалық тәрбие беру;

дамытушылығы: есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктері: үлгі табиғат көріністері, өнер туралы ұлағатты сөздер, суретшілердің  портреттері.

Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8657 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-05-2014, 11:30 |


Сабақтың тақырыбы:Қазіргі заманғы сәндік өнері

І Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазіргі заманғы сәндік  өнерімен таныстыру.

Білімділігі: Өзінің ұлттық  мәдениет тарихына үңілуге мәжбір ету.

Халық шеберлердің жасаған бұйымдары арқылы ата-баба өнерімен таныс болу.

Тәрбиелігі: Ұлттық психологиямызға тән халқымыздың мәдениетін көтеруге  дәнекер болуға баулу. Ұлттық өнерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Дамытушылы:Ата-баба кәсібінің өнерін дұрыс меңгеру үшін этнографиялық ерекшелігін  білуге ынталандыру.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Әр түрлі қарындаш, түсті қағаздар, қайшы, желім, альбом.

Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7602 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-05-2014, 11:27 |


Мұқағали Мақатаев. «Фантазия» өлеңі

Оқулық  «Әдебиет» Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева.

«Википедиа» ашық энциклопедия.

1.Ақын шығармашылығы туралы білгендерін

еске түсіреді.

2.Өлеңнің айтар ойын өмірмен байланыстыра алады.

3.Шығарманы басқа өлеңдермен салыстыра алады.

4. Өлеңді талдай алады.

Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4843 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-05-2014, 11:20 |


«Жаныңда жүр жақсы адам»

Пәні: Өзін- өзі тану

Сыныбы: 6“A”

Сабақтың мақсаты:

-оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағатын туралы өткен сабақта алған түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-оқушыларды адамдардың өзара қарым-қатынасындағы ынта-ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету.

Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 22944 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-05-2014, 23:13 |


Белсенділік негізі -шығармашылық ізденіс

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту арасында  сындарлы (конструктивті ) теориялық оқытуға негізделген  тәсіл кең тараған (Hattie.2009).

         Сыни тұрғыдан ойлау "ойлау туралы ойлану" деп сипатталған.  сыни тұрғыдан ойлау  ол бақылаудың , тәжірибенің  ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға , бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашаққа әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, ойлау және іс-әрекетімізге  жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге  және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2293 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-05-2014, 23:11 |


Жаңа формация мұғалімі болу – заманауи қажеттілік

Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуына табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6016 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-05-2014, 23:07 |


«Кемеңгер елбасы- ырысы елімнің!»

Мақсаты:

         1.Жас ұрпаққа Нұрсұлтан ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту;

         2.Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгерту;

         3.Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу;

Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7159 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-05-2014, 23:03 |


«Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі...»

Мақсаты: балаларды Абай шығармашылығы арқылы адамгершілікке,имандылыққа, Отанын, елін сүюге, үлкенге ізет,  кішіге қамқор болуға ,ізгілікке тәрбиелеу.

 

Кеш барысы:

Абайдың «Көзімнің қарасы » әні  баяу  орындалып тұрады.

 

Жүргізуші:-   Құрметті қонақтар мен оқушылар, бүгін ұлы Абай сөзімен айтқанда,  «Әдептілік,ар-ұят-адамдық белгісі ...» атты ашық тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер. 

Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 16687 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-05-2014, 20:53 |


Б. Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы »

Сабақтың мақсаты:     білімділік-  оқушылардың  Ұлы Отан соғысы туралы,туған елі мен жері үшін күрескен жауынгерлердің ерлігі туралы  білімдерін тереңдете отырып,автор мұратын ұғындыру,  автор туралы кеңінен  мәлімет беру;

дамытушылық- мәтіннен  жауынгерлердің  іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқушылардың өзіндік көзқарасын , пікірін жетілдіру, проблемалық сұрақтар арқылы  жинақтау дағдысын дамыту; тәрбиелік- шығарма арқауы – тарихи шындық екенін ұғындыра отырып, жауынгерлердің бойындағы түрлі қасиеттер арқылы бауырмалдыққа, ынтымақтастыққа, қайсарлыққа, шыдамдылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 13637 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-05-2014, 20:51 |