Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz

Оқушылардың  Механикалық «Күш»  тақырыптары бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге, нәтижеге жетуге  бағаттау.  Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.   Жауапкершілікке, тиянақтылыққа,  бірін –бірі сыйлауға ынтымақтастаққа тәрбиелеу.

Уроки / Физика | Көрсетілім: 3454 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Бейсенбиева Хадиша Наурызбекқызы | Уақыты: 20-01-2015, 11:05 |


Халық даналығының нақыл сөздерінің мақал-мәтелдерінің астарында  физикалық құбылыстарды сын тұрғыдан ойлауға өмірмен байланысын анықтауға тапсырма беріледі. «Арбасының дөңгелегін майламаса, арбакештің шайы қайнамайды.Бұл жерде арбакеш не туралы ойлану керек, қандай физикалық теорияны  қолданады. 

Уроки / Физика | Көрсетілім: 2116 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Бейсенбиева Хадиша Наурызбекқызы | Уақыты: 20-01-2015, 04:36 |


Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз."Қызықты физика әлемі" атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Уроки / Физика | Көрсетілім: 22760 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Гулзира Аманжолова Тлектесовна | Уақыты: 16-01-2015, 22:38 |


Суға көлемі100 см болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000кг/м. Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар.(темірдің тығыздығы- 7900 кг/м, ал керосиндікі- 820 кг/м). химед заңының табиғат құбылыстарындағы, адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, оқушылардың ой өрісінің кеңеюіне жағдай жасау. Оқушының өз бетінше ізденуге дағдыландыру, жауапкершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.

Уроки / Физика | Көрсетілім: 4704 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Маханова Айдана Рысбекқызы | Уақыты: 15-01-2015, 22:07 |


Дарынды және талантты балаларды оқыту модулін қолдану мақсатында  оқушыларға синквейн әдісіне салмақсыздық , планета  сөздерін салуын тапсырдым . Олар бұл тапсырманы аз уақытта орындап , оқып бөлісті . Синквейн әдісімен қоса қз еркімен салмақсыздық туралы эссе жазуларын сұрадым .

Уроки / Физика | Көрсетілім: 7315 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Ажмухамбетова Алия Болатовна | Уақыты: 15-01-2015, 16:36 |


«Мылтық» тобы.Шардың көмегімен реактивті қозғалысты көрсету. Импульстің сақталу заңын орындайды.Осы тапсырма орындалған соң, ҰБТ –ға арналған  тест жұмысы беріледі.(1-10) Осы төрт топ тасырмасын бағалау үшін бағалау парағы тапсырылады. «Блум таксономиясы» бойынша бағалады. 12 балдық жүйе: 1 білу,түсіну, талдау, қолдану, жинақтау, бағалау.

Уроки / Физика | Көрсетілім: 2411 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Бейсенбиева Хадиша Наурызбековна | Уақыты: 11-01-2015, 10:29 |


Паскаль заңы :.Сұйыққа немесе газдарға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. 2.Электрлік заряды бар  нүктелік денелердің өзара әрекетесуін сипаттайтын заң,Кулон заңы: Вакуумдағы қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күші зарядтар модулінің көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтықтарының квардратына  кері пропорционал. Бұл күш  осы зарядтарды қосатын түзу  бойымен    бағытталады.

Уроки / Физика | Көрсетілім: 1921 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Коянбаева Асылгул Жайылхановна | Уақыты: 7-01-2015, 15:17 |


Баяғы  бағзы  заманда   таңғажайып    бір  ел  болыпты.Сол  елде   Аспан  мен   Күн   атты   ерлі-зайыптылар   ғұмыр  кешіпті.Олардың   жасы  нешеде  екені барлығына  беймәлім  екен.Олардың  ұрпақтары   өте  көп  болады.Бірақ   әр  қайсысы  өз  қызметтеріне  араласып  кетуінің   салдарынан   олар  бірін-бірі   көре  алмайды.Бірақ  кей  балалары   кем дегенде  жылына  бір  рет  кездесу  мүмкіндігіне   ие  болады.Күн  ана  шапағаты  мол,мейірімді.

Уроки / Физика | Көрсетілім: 3352 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Асылгул | Уақыты: 7-01-2015, 15:07 |


Төмендегі суретте көрсетілгендей иіндікке екі күш: Ғ1 және Ғ2 әрекет етеді. Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін тіреу нүктесі деп атайды. АА1 және ВВ1 түзу сызықтар бойымен Ғ1 және Ғ2 күштері орналасқан. Тіреу нүктесінен күштер орналасқан түзулерге түсірілген  перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды. Суретте Ғ1 күшінің иіні d1=OC, ал Ғ2 күшінің иіні  d2=OD болып табылады.

Уроки / Физика | Көрсетілім: 10265 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Асылгул | Уақыты: 7-01-2015, 14:58 |


Құрғақ  шүберекпен сүртілген айна, шыны мен пластинка тозаңы және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады.Синтетикалық  киімді шешкенде, шытырлаған дыбыс естиліп ,ал қараңғы  бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсындар. Міне бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған.Біздің заманымызға дейінгі 600-жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиетін байқаған Сол кезде гректер құрғақ, қатты шайыр күйдегі янтарь ( грекше электрон)  өндірген.Янтардь теріге немесе жүнге үйкегенде, ол біраз уақыт бойы шашты, жапырақты , асықтың  сабағын ,талшығын өзіне тартқан.

Уроки / Физика | Көрсетілім: 5957 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Асылгул | Уақыты: 7-01-2015, 14:48 |