Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz

Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
                     Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
                     Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
                     Мерекесі достықтың, мәңгіліктің

Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 2293 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 31-01-2015, 14:11 |


Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгеніңді іске қолдана білу»дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ, алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соны орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар. Қай заманда, қандай реформа болсын білім  беру саласының басты тұлғасы –ұстаз. Мемлекеттік білім саясаты да осы ұстаз арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда оқу орнының, оқытушының қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді. Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің шәкірт  алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны шәкіртке  жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.

Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 1743 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 31-01-2015, 14:10 |


Адамның дене мүшелеріБас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, иық - адамның дене мүшелері . Мұны адамның қаңқасы дейді.  Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, аңдай, т.б. мүшелер орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды.    Бұлардан басқа көзбен көруге болмайтын ағзалар да бар.

Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 38169 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 31-01-2015, 14:08 |


Тәуелсіз Қазақстан елінің  тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің  не  екенінін  дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз  қаласынан, өз өлкесінен басталады.Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты  ұрпақ   бойында  ұлттық сана  көрініс  тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне  деген  сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз  Қазақстанның   қалыпты  дамуы, әлемдегі  ең  беделді  мемлекеттер  қатарына   ұмтылу жолындағы  нәтижелі  көрінісі болып саналатыны анық.

Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 1620 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 31-01-2015, 14:05 |


Шаруашылық есеп–бұл шаруашылық құбылыстарының сан көрсеткіші және сапалық сипаттамасы. Ол ішкі және сыртқы тұтынушыларға, басшыларға немесе экономикалық пайда табушыларға дұрыс ақпарат алу үшін керек. Шаруашылық есепті жүргізудің кезеңдері: Бақылау, өлшеу, тіркеу. Талаптар:Нақтылық, объективтілік, дер уақыттық, салыстырмалылық, үнемділік. Принциптері: Есептеу, үздіксіз қызмет, мәнділік, түсініктілік, дұрыстық, шыншылдық, әсірелеусіздік, бейтараптық, сақтық және т.б. Есептік өлшемдер: Ақшалай, натуральды, еңбек

Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 9583 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 13-01-2015, 12:13 |