Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің педагогикалық пәлсапам


Менің педагогикалық пәлсапам

Менің педагогикалық  пәлсапам

Эссе

«Менің педагогикалық  пәлсапам»

        «Мен неге ұстаздық мамандықты қаладым?»-деген сұрақты өзіме жиі қоямын.Балаларға деген махаббатым,өзімді,бар жан-дүниемді  түгелдей соларға арнау -менің мамандығымның негізгі пәлсапасы.Өткенге қарай отырып,мен өз қалауымның кездейсоқ емес екендігін айта аламын.Мектепте оқып жүргенде ұстаздарыма еліктедім,солардың арқасында ұстаз болуды армандадым,олар маған мектепті,балаларды ,өзімді,адамзатты,жалпы бар әлемді  сүюді үйретті.Олар  осы уақытқа дейін жүрегімде алып жүрген мәңгі алауды  тұтатты.Ол алау мені де,менің айналамдағыларды да өз қызуымен жылытуда.

«Ұстазсыз шәкірт болмас,шәкіртсіз ұстаз болмас»,-демекші ,бұл біздің жалпы біріге сүрген  махаббатқа толы өміріміз,ортақ тағдырымыз.Ұстаз әр уақытта қандай жағдай болмасын оқушының  өзіндік жеке басын,қадір-қасиетін сыйлау қажет деп ойлаймын.Мұғалімнің оқушыға деген терең сенімі мен сыйластығы,кіршіксіз  махаббаты  ғана өзара түсіністік жағдайын тудыратыны сөзсіз.Балаларға жақсылық пен жамандық туралы нақты түсінік беру негізінде  өз пікірін,көзқарасын қорғай білуге үйрету қажет.Мені кей кездерде оқушылардың  сезім жетегінде ұстаз,не мұғалім деп аты-жөніммен атамай, «мама»деп байқаусыз айтып қалған кездері қанаттандырып,керемет қуаныш сезіміне бөлейді.Мұғалім оқушымен «жұмыс істеп қана қоймай» олармен бірге өмір сүруі қажет,қуаныштары мен қайғысына,жеңістері мен жеңілістеріне  ортақтасып,шынайы адалдыққа құрылған қарым-қатынас жасауы қажет.Егер ұстаз өмірі оның барлық білім жолын,білігі мен дағдыларын,ақылы мен тәжірибесін,психологиялық саулығы мен адамгершілік,рухани құндылықтарын бір арнаға топтастыра алса,онда тәрбиеленушілердің өзіндік «Мені»,интеллектуалды «Мені» жан-дүниесі қалыптасады. Себебі, балалар-адамдық қарым-қатынастың ең нәзік,сезімтал  индикаторы екені аян.Сонымен менің ең негізгі қағидам:оқушының  жеке тұлғасын,оның білімдік қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеру.Екінші қағидам:бірінші қағидамен тығыз байланысты,ұстаз кемеңгер болуы керек.Үшінші  қағидам: оқушының ақылы мен тұлғалық қабілеттерін ашуға арналған жаңа педтехнологияларды,оқыту әдістерін пайдалану арқылы оның білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.Төртінші қағидам,жеткен жетістіктерге қанағаттанып қоймай ,одан әрі оқушы қызығушылығын әрбір жаңаны игеруге құштарландыру.

Мәдениетті,рухани құндылықтарға жан-дүниесі бай  адамды  тәрбиелеу  педагог үшін ең негізгі қажеттілік.Бірақ ұстаз ең өзі осы қасиеттерге ие болуы қажет,өзінде осы қасиеттер болса ғана біз ол қасиеттерді оқушы бойына  бере аламыз.

Оқушыға деген махаббат,оларды түсіне білу,олардың  өздерін таба білуге үйрете білу- кәсіби  шеберлікті нығайтудың негізі екенін түсіндім. Ал әр сабақтың негізгі ерекшелігі - шығармашылық  қызмет, өзара түсіністік пен сенім,сыйластық,достық атмосфера,жаңа білімді игеруге деген қызығушылық.

Менің түсінгенім,білімді беру емес ,оны  алу қажет.Сондықтан мен көп уақытымды оқушылардың өздерінің  өз беттерінше ойлануына,өз беттерінше ақпаратты таба білуге ,деректерді салыстыруға  мүмкіншілік беруге жіберемін,яғни оларды оқуға үйретемін.

Кемеңгер Л.Н.Толстой : «Алған білімің жадыңмен емес, егер ақылыңмен табылса ғана білім болады »-деп жай айтпаған.Яғни,мен оқушыларға өз беттерімен шындықтың,тапсырманың  жауабын табуға  мүмкіншілік беруім керек.Мен оларға даяр жауапты бермей,олардың ойын сол бағытқа аударуым қажет.Әр оқушы өз ойының жемісін өзі тауып,оны жаңалық қылуы қажет.Міне ,осындай жеңістің ұшқынын оқушы көзінде көрсем,мен өзімді нағыз оқытушы ретінде сезіне аламын. Балалармен болу,олармен бірге  жасау, жаңаны игеру-менің кәсібімнің ең негізгі пәлсапасы.

        Адамның адам болып қалыптасуы оның тәрбиеленген ортасына байланысты. Әсіресе, өмірден өз орныңды табуға жол бастайтын, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес беретін жанашыр ұстаздың болуы үлкен бақыт. Ұстаз шәкіртінің білімін шыңдаушы, білімнің биігіне қанат қағып, талай асуларды бағындыру жолындағы демеушісі әрі қолдаушысы екені әмбеге аян. Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы» деген екен. Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім-тәрбиеден өтеді. Ұстаздың ұлағаты шәкіртіне білім нұрын төкпей тұрып санасына сан қырлы сәуле құюы да баба сөзінің салмағы болар.Міне, менің ең негізгі мақсатым-оқушы санасына тәрбие мен білімнің  сәулесін бірдей егу

Өз білімін жетілдіру жоспары

Мектептің алдына қойған мақсаты: «Өзін дамыта алатын және өз дегенін іске асыра алатын шығармашылық тұлғаны қалыптастыру» 

Өз білімін жетілдіру тақырыбы:  «Оқыту жүйесінде П.М.Ердниевтің технологиясын қолдана отырып, сабақтың  сапасын арттыру;» 

Мақсат:  П.М.Ердниевтің технологиясын кіріктіре  отырып, сабақтың  сапасын арттыру

Міндеттер:

П.М.Ердниевтің технологиясы туралы әдебиеттерді оқу;

Тәжірибе алмасу мақсатында әріптестердің сабақтарына қатысу

Өз сабақтарыма  сараптама жасау,өзіндік бағалау

П.М.Ердниевтің технологиясы  талаптары бойынша оқыту жүйесінің моделін жасау

Жасалған модельді практикада тәжірибеден өткізу

Өз білімін жетілдіру бойынша негізгі тақырыптар мазмұны:

- «Математика пәні бойынша жалпыоқыту  біліктіліктерін қалыптастыру технологиясы »ұғымының негізі мен М.Ердниевтің технологиясын табысты енгiзудiң шарттары

- .М.Ердниевтің технологиясының әдістері мен тәсілдері

- .М.Ердниевтің технологиясын енгізудің кешенді жолдары

Күтілетін нәтиже:

- Оқыту жүйесінің моделі деңгейінде П.М.Ердниевтің технологиясын меңгеру

- Сабақтың сапасын арттыру арқылы оқыту сапасын артты 

Істелінген жұмыс есебінің формасы: ПБ отырыстарында хабарламалар жасау

Өз білімін жетілдіру формасы:жеке

 

Диагностикалық

2011-2012

  1. Кәсіби қиындықтар туралы сараптамалар

 2.Мақсат-міндеттерді анықтау

3. Білімін жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс жоспарын жасау.

4.Өз біліктілігін жетілдіру курстарына бару

5. «Қазақстан мектептеріндегі математика»әдістемелік басылымдарға жазылу

  1. Әдістемелік,педагогикалық,психологиялық әдебиеттерді оқу

 

Практикалық

2012-2013

1 -этап

1. Пән мұғалімдерінің ПБ отырыстарында практикалық этаптың жүзеге асуы бойынша есеп беру

2. «Жас зерттеуші» ғылыми-зерттеу конференциясына қатысу

3. Таңдалған тақырып бойынша басқа педагогтардың тәжірибелерімен оқып,танысу

4. Әдістемелік,педагогикалық,психологиялық әдебиеттерді тақырып бойынша жүйеге келтіру

5 .Жұмысқа түзетулер енгізу

 

 

2-этап

Мектеп пен аудан көлемінде ашық сабақтар өткізу

Олимпиада , байқауларға, конференцияларға қатысу

Математика,физика пәні мұғалімдерінің сабақтарына қатысу Семинарларға қатысу

Өз сабақтарыма  сараптама мен бағалау жасау

П.М.Ердниевтің технологиясы  талаптары бойынша оқыту жүйесінің моделін жасау

Жасалған модельді практикада тәжірибеден өткізу,түзетулер енгізу

Жалпыламалық

2013-2014

  1. Өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша  әдіс-тәсілдер,формалар,қызметтік амалдар сараптамасы Қорытынды жасау.
  2. Мектеп пен аудан көлемінде ашық сабақтар өткізу

3. Пән мұғалімдерінің ПБ отырыстарында өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша есеп беру

  1. Аудандық олимпиада,байқау,конференцияларға қатысу және нәтиже көрсету.
  2. Оқушылар мен оқытушыларға кеңес-көмек беру
  3. Жұмыс жетістіктерін  даярлау

 

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
Математика сабақтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу
Өзіндік білім көтеру жоспары
Білім сапасын арттыру жолдары
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
Математика сабағында деңгейлеп – саралап оқыту
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
«Шығармашыл ұстаз-жаңашыл ұстаз».
Бөлім: Статьи / Эссе | Көрсетілім: 2197 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз