Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Балаларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету


Балаларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету

             Балаларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғарғы сыныптары мен жоғарғы оқу орындарында қарастырамыз. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негізгі баспалдағын балалардың кішкентай кезінен, яғни, өзіндік мені ояна бастаған 3-4 жастан бастауымызға әбден мүмкін екен. Мен әлем әдебиеттерін оқи отырып, өз ойымның таразысында саралай келіп, мынадай пікірлер айтқым келеді.  Біз балалрымыздың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуда жас шамасын бекерге өткізіп алмай, ертеден біз олармен жұмыс жасауымыз керек. Балалардың сыни ойлана алуы үшін  өз іс әрекетіндегі қарапайым өзгерістерге мән беруге, өз ойын айта алуға дағдыландыруымызға болады. Балалардың негізінде 3-5 жас аралығында сыни ойлау қабілетті жақсы дамитын кезеңі. Олай дейтін себебім, балалар осы кезеңде өзіне жақын болған ата-анасына немесе ата-әжесіне « Ұлы Абай» атамыз айтқандай айналадағының барлығын танып-білсем деген ниетпен көптеген сұрақтар қоя бастайды. Балалардың айтқан сөздері оның миында болып жатқан құбылыстардың нәтижесі блып табылады. Балалардың жастайынан ми бөлімін әр түрлі білім және бсқада дүниелермен жұмыс жасалмаса, өскенде семіп қалған жер қыртысындай болып қала береді.

 Мен оқушылармен жұмыс жасаған кезімде, оқушылар көбіне мәтін соңындағы дайын сұрақтар мен даталардан ғана сұрақ қоя алатынын байқадым. Балалар әңгімесі мен сұрағы, оның ойлай алу шамасының көрінісі. Балалар дайын материялдармен ғана шектелудің нәтижесінде, сыни ойлау қабілетінің дамымайтынын көрсетті. Мысалы: Сабақта ақын Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін оқыған кезде олардың алдындағы негізгі міндет, мәнерлеп оқу немесе жаттау ғана деп түсінеді. Кез-келген өлең не әңгіменің немесе басқа да дүниелердің өзінің берер мәні мен салмағы бар. Біз балаларға қарапайым ойланатындай түрткі болар сұрақтар қою арқылы сыни ойлануға бейімдеуімізге болады. Мысалы: Абай  Қыс кейпін, сыртқы көрінісін қалай суреттеген? «Қыс» өлеңін кейіптеу арқылы кімге теңестіріп алған? Өлеңдегі кәрі құда кімдердің мазасын алды?  Балалар өлеңде тарихи сөздер кездестірдіңдер ме? Қыстың ашуы мен бөркі қалай суреттелген? Балаларды осындай қарапайым сұрақтар арқылы ойлануға мүмкіндік бердім. Балаларға келесі тапсырма, өлеңнің құрлысын зерттеу жұмысын тапсырдым. Бірінші топқа «Қыс» өлеңіндегі буындардың қоланылуы; екінші топқа «Қыс» өлеңіндегі зат есімдердің қолданылуы; үшінші топқа «Қыс» өлеңіндегі сын есімдердің құрамы жайында кішігірім зерттеу жұмысын жүргізу арқылы балалар алған білімдерін қолданады. Сыни тапсырмалардың нәтижесінде балалар құрғақ біліммен емес құнарлы біліммен сусындайды. Осы кезде қытай ғалымы Конфуций ілімі есіме түсті. «Егер маған айтсаң ұмытамын, ал көрсетсең керемет есімде сақтаймын, ал өзіме жасатсаң тез үйреніп аламын» деген пікір бүгінгі білім беру жүйесімен сайма-сай келгенінің өзі құдіреттілік.

Бүгінгі  балалардың көбі кітапхана сөресіндегі кітап санын көбейтіп тұрған ашылмаған кітап секілді ашылмаған күйі кетіп барады.  Ашылмаған беттердің берер жемісі қанша? Балалар тән азығымен бойы ұзарып бара жатқанымен, ақыл-ойы баланың ойымен бірдей болса, өскеніміз қайсы? Білімі таяз бала өздігінен артқа шегіншек, өз-өзіне сенімсіз келеді. Өзге біреулерді көлеңкелеп, өзіндегі бар қасиет пен қабілетті мүлде байқамайды. Өз-өзіне сенімсіз адамда қорқақ көздер пайда болады. Бұл қорқақ көздер жеңілуге, шегінуге бейім. « Өзіндік пікірі жоқ, адам жүзі қайырылған қарумен тең». Балалардың өз пікірін еркін және ашық айтып, өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізіп, өзгелерді тәнті ету үшін мықты білім мен жақсы тәрбие әбден керек. Мықты білім мен жақсы тәрбиені беруші мектеп қабырғасында жүген мұғалімдер мен үйдегі ата- аналар деседе білім берушілерге үлкен міндеттеме жүктелген. Жоғардағы айтылған жақсы білім, мұғалім мен оқушы арасындағы жақсы қарым-қатнас пен сапалы жұмыстың нәтижесі екені көрініп-ақ тұр. Мен өзімнің  тәжірибемде мынадай нәрсеге көз жеткіздім. «Егер оқушы мұғалімді жақсы көрмесе, ол өтетін сабақты да жақсы көрмейді » тіпті, сол сабақтан өмірі құрдымға кетсе де оқығысы келмейді. Мұғалім оқулық пен оқушы арасындағы алтын көпір. Әр маман өз саласын оқушыға қызықтыра алуы үшін, маманның  мықты білімі жеткіліксіз, әр баланың жас ерекшелігі мен жан дүниесін ескере отырып, жүрегіне жол таба білуі керек. Ағылшын психологы  М.Монтосерий  «Мен оқушыларымды аз оқытып, көп қадағалаймын» дегеніндей, балаларға мүмкіндік беру арқылы бақылау, қадағалау қажет.   


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Дарынды балаларды тәрбиелеу
Ерте жастан ағылшын тілін үйрету
Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі
Сабақтың тиімділігі мұғалім және оқушы табысының ынтасы
Сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлаудың тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту
Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлау үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған қалай және неліктен енгізгіндігі туралы рефлекс
Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыда
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бөлім: Статьи / Эссе | Көрсетілім: 2193 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 10 января 2015 13:34
керемет, мағынасы жақсы екен маған ұнады. Сізге табыс тілеймін.
avatar
• 10 января 2015 13:43
Гулжахан еңбегің жана берсін.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз