Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Анамдай болған асыл жан.


Анамдай болған асыл жан.

Анамдай болған асыл жан.

Мен бұл әңгімемді, жүрегімнен шыққан шын сырымды Орал – Қазақстан арнасында өткен «Ене мен келін арасында қандай сыйластық бар?»- деген хабарға жауап деп ойлаймын.

Кейінгі кезде: «Ене қандай болуы керек, келін қандай міндет атқару керек? Қалай болғанда келін менен ененің арасы жақын болады?» - деген проблемалық сұрақтар жие көтеріліп жүр.

Неге бұлай? Әлде өмірде жұмыс-жұмыс деп жүріп бір жерден қате жібердік пе? Ене мен келін арасындағы сыйластық қазақ даласының жазылмаған заңында қатаң сақталған еді ғой.

Соған да бағынбай барамыз ба?

Осындай ой түйткілден кейін мен де өз енем ,анамдай болған, жайлы айтуды жөн деп таптым.
Осыдан 20 жыл бұрын бір әулеттің желкілдеген тұңғышы, жоғары оқу орнын бітірген жас мұғалім осы бір киелі шаңыраққа келін болып табалдырық аттадым.

Мен түскен шаңырақ ауылға өте сыйлы, татулығы жарасқан, менен бұрын да келін түсіріп, қыздарын ұзатқан әулет болатын.
Менен бұрынғы абысындарым Зоя, Нұргүл атты апаларым енемізді «Апа» деген екен. Өйткені олардың жолдастары, екі үлкен қайнағаларды ата мен әженің баласы деп қазақы дәстүр бойынша тәрбиелеген.
Жалпы бұл әулеттің балаларының барлығы – ата – әже тәрбиесін көрген жандар.
Мен өзім алғаш келін болып түскен күннен бастап өз енемді ( біздің жақта ата – ене, қайнағалардың атын айту келінге әбестік көрінеді, бірақ оқырманға түсінікті болуы үшін енемнің аты – жөнін айтайын, ол – Мусина Лайық. Бұған үлкендер жағы түсіністікпен қарар) «Мама», атамды «Папа» деп атадым. Бұл сөздер қанша орысша болса да, маған осы жандар үшін жақын сөз осы сияқты болып көрінді.
Мамам өте байсалды, үнемі күліп жүретін, ешкімге артық сөз айтпайтын аңқылдаған, аузын ашса ар жағынан жүрегі көрінетін асыл жан еді.

Жолдасым Нұрбергеннің маған айтқан мына сөзі мәңгі есімде: «Әкем жайлы сен білесің, ол кісі өзі сыйлай білетін, өзін сыйлата білетін жан. Ал енді сенің қарым – қатынасың апаммен жиі болады ғой. Апам- ата – енені, он баланы тәрбиелеген жан. Ешқашан жолдасының, ата – енесінің алдынан кесе өтпеген, жалғыз қайнысы мен келінін құдайындай сыйлаған, қайын сіңлі, күйеу балаларын қадірлеген жуас адам. Сондықтан саған бар айтарым, анамды сыйла, анамды қадірле... Мен сенен басқа ештеме сұрамаймын...»
Осы сөзін мен ешқашан ұмытпадым. Және бүгін жазып отырған себебім, үйленетін жігіттер өзінің болашақ жарына осылай айта ма екен, айтпаса осыдан кейін айтып жүрсін.

Мамам менен кейінде бірнеше келінді қолына түсірді. Тәрбиеледі, анасындай болды, немерелерін өсірді, қызығын қызықтады. Мамам келіндерінің арасында жүріп, бір келінді бір келінге ешқашан жамандаған емес, қайта кішкене жақсылығын көрсе қуанып, үнемі айтып жүретін. Біз түгел бөтен кісіге қатты сөз айтпаған. Ренжіп қалса, үндемей қалатын. Артынан жаңа былай деп айтайын деп едім деп отыратын. Мен туу мама айтып тастасаң қайтеді, ол сенен жас қой, неге сөйлетіп қоясың десем, қой жарар айта берсін, маған жұқпайды, ол негізі жақсы ғой бірдемеге ренжіп тұрған шығар деп сөзді басқа жаққа бұрып жылы жауып қоя салатын.
Қазір ойлап отырсам осының барлығы бізге кешірімді болуды көрсеткен үлгі өнегесі екен ғой.

Қалдығайтыда Қайнысы мен келіні тұрды. (Біздер тәте, апа дейміз. Әкеміздің туған інісі.) Сол кісілерді үнемі мақтап, әрбір ісін, сөзін үлгі қылып отырушы еді. Ол кісілер бала-шағасымен үйге жие келетін, әр келгені қуаныш жиын-той болатын, әр келген сайын қой сойып, балаларына құлақ беретін. Осындай жоралғыны барлық ағайынына жасайтын. Біздің әулеттің заңында келген қонаққа ет асу, сый сияпат көрсету қатаң сақталған. Осының барлығына мамам ешқашан шаршамайтын, келіндерімен бірге жүгіріп жүріп қонақ күтісетін. Бұл дегенің тума-туыс арасындағы сыйластықты кейінгілерге үлгі ету екен ғой.

Мамам ешқашан былай істе деп айтпайтын, былай істеу керек сияқты, осылай істесе дұрыс сияқты, оны өзіңде білесің ғой, өздерің жақсы істейсіңдер деп мақтап қоятын. Біз соған риза болып шаба беруші едік. Яғни мамам келіндерді қалай жұмсау керектігін дәл білуші еді.
Әкеміздің жағасын ешқашан кір шалмаушы еді, үнемі тап-таза қылып киімін тазалап қоятын. Үнемі папаң біледі деп, алдынан кесе көлденең шықпайтын. Бұл дегенің келіндерін өз күйеулерін (өзінің балаларын) қалай сыйлау керектігін көрсеткен үлгісі екен.
Қазіргі кезде кейбір енелер келіндеріне менің баламды былай сыйлау керексің деп алып, олардың әкесінің жер жебіріне жетіп, айтпасты айтып жататындар бар ғой. Осындай жағдайларды естігенде мамамның
іс-әрекеті көз алдыма келіп, үнемі айтып отырамын.

Бізді мамам ешқашан жұмыстан қалдырған емес. Немерелерін балпанақтай қылып, өзі бағып өсірісті. Тіпті оқуымызды тереңдетіп жалғастыруға өзі себепші болды, мен балаларды бағам, сендер оқып алыңдар, жейтін нандарың ғой деп қасымыздан табылатын. Ауылдағы құрдас кемпірлері мамама «студент кемпір» деп ат қойған.

Біздер кейіннен қаланың қасына Подстепный ауылына көшіп келдік, артымыздан қайныларым жанұяларымен келе бастады. Екі қайным осында үйленді. Енді Үшана мен қала арасында жол сала бастады. Қолында сөмкесі, балаларына ауылдың сәлем сауқаты, қасында немерелері. Немерелерін ауылға алып кетіп бағады, әке - шешесін сағынды деп алып келе жатады. Осының өзі өте бір қызығы бітпес дәурен болатын. Қалаға келгенде барлық баласының үйіне барып қонушы еді. Қашан келеді екен деп асыға күтуші едік.
Ауылдан келгеннен кейін әр демалыс сайын Біздің үлкен баламыз Дулатты ертіп алып, не болмаса мен өзім еріп бала-шағасын, одан қала берді Тәтемнің үйіне (соңғы уақытта Тәтемдер қалаға көшіп келген болатын.) барушы едік. Базарға шығып базар аралаушы едік. Осындай қызық дәурен бітпейтіндей көрінуші еді, сөйтсем бұл да жалған дүние екен...

Зулап жатқан өмір-ай, мамамсыз екі қысты, екі көктемді артқа тастадық. Тұңғыш немересі Дарияның тойын көрсем деуші еді, оған жете алмады.., онсыз той өткіздік. Өзі бағып, соңғы сәтіне дейін бесігін тербеткен Кәусарының тілі «Әжем» деп шықты. Өзі көрмеген Аягүл немересі суретінен «Мынау менің әжем» деп көрсетіп жүр.

Мен өзімді осындай әулетке, осындай анаға келін болып түскеніме бақыттымын деп санаймын.

Қазіргі кезде бірнәрсеге сәл келісе алмай қалсақ, мамам барда осылай болмаушы еді ғой, қой бұнымыз дұрыс емес деп ақылға салып қоя қоямыз. Бұл сабырлылық та ана бойынан бізге дарығаны да. Өйткені қазақта «Келін қайынененің топырағынан» дейтін жақсы сөз бар ғой.

Мамамыз салып кеткен сара жолмен келіндері апалы-сіңілідей жүріп келеміз.
Мамамыз қонаққа барғанмен, карта, лото ойнамаған. Қазіргі кезде келіндері де сондай ойнамайды. Басымыз қосыла қалса мамамның әр ісін айтып әңгімелеп отырамыз. Сағынамыз, бір жағымыз бос тұрғандай, бір нәрсе жетпейтіндей көрінеді. Бұл да жақсы адамның жақсылығы емес пе?!
Анамыз өте бір асыл жан еді. Әлі де арамызда жүрсе болатын еді, бірақ бұл бір алланың ісі. Ендігі айтарым, анамның жаны жанатта болсын деп тілейміз.

Өз замандастарыма айтарым: бізде осындай ене болуға дайындалуымыз керек. Бізге де уақыт келді, сондықтан өмірден түйгенді уақытында жүзеге асыруымыз керек деп ойлаймын.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің іс-тәжірибем
Шығарма "Ақша саған айтарым бар"
«Ана біздің күніміз»
Қыз сыны
Анамыздың мейрамы.
Рахмет,анашым!
Халқын сүйген – салтын сүйер!
Туыстық атаулары
Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Аман болшы ақ мамам
Бөлім: Статьи / Эссе | Көрсетілім: 2737 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз