Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Айгөлек байқауы өтті


Айгөлек байқауы өтті

«Айгөлек» байқауы болып өтті

Герасимовка орта мектебінде шағын орталықтың (миницентр) бүлдіршіндері, даярлық топтарының және бастауыш сынып оқушыларының арасында мектепішілік «Айгөлек» ән – би балалар байқауы өтті. Шағын орталықтың тәлімгері Заманбекова Гүлсайраның ұйымдастыруымен, бастауыш сынып ұстаздарының, ата – аналарының қолдауымен өткен бұл сайысқа қатысушы балапандар өздерінің үлкен дайындықпен келгенін байқатты. Өз Отанына, туған өлкесіне, ата – анасына , достық қарым – қатынасқа деген ыстық ықыластарын әнмен білдірген бүлдіршіндер көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, көңілімізді бір көтеріп тастады. Байқау болған соң, қатысушылардың өнерлері бірінен – бірі асып түсіп жатты. Әр ұлттың билерін мың бұрала билеген бишілерді қол соғып, қошеметтеп отырды. Қазақ қашаннан да ән – бисіз өмірін елестете алмайтын ұлт қой. Тамашалауға келген жұртшылықтың көп болғаны сонша, мектептің акт залында ине шаншар жер болмауының өзі осының айғағы емес пе? Бір сәт өзімізді теледидардан көріп жүрген «Айгөлек» байқауында жүргендей сезіндік. Биші топтардың үлкен талғаммен, сәнмен тігілген киімдері көңілге қуаныш ұялатады, олардың киімдерінен көзді тайдырып әкетудің өзі қиын.
Сайыстың аты сайыс. Үш адамнан құралған қатал әділқазылар алқасы қатысушы өнерпаздардың әрқайсысына әділ баға беруге тырысып бақты. Әділ қазылар мүшелері орындарды шағын орталық пен мектепалды даярлық топтарының арасында бір бөлек, ал бастауыш сыныптар арасында бір бөлек бағалады.
Бастауыш сыныптары арасында ән байқауы бойынша бас жүлдені «Гүл көбелек» әнімен 2 сынып оқушысы Нұржанова Ақнұр қанжығасына байласа, І орынды «Қазақ жастары» әнімен Жайырбеков Әли иеленді, ІІ орын Қойшыбаев Алинұр «Вокзалда қауышқан қыз» әнімен , ІІІ орынды Гладышева Татьяна «Дружба» әнімен еншіледі.
Сонымен қатар, жүлдеден бишілер де құр қалған жоқ. Бас жүлдені 4 сынып қыздарының орындауындағы «Ұйғыр» биі жеңіп алды. Ал, 2 сынып оқушылары «Теңізшілер» биімен І орынды иеленсе, 1 сынып оқушылары «Гуми» биімен ІІ орынға ие болды.
Шағын орталық топтары мен даярлық топтарының өнерпаздары арасында ән жанры бойынша бас жүлдеге «Ботақан» әнімен Айсұлу ұсынылса, І орынды Ақерке мен Аида «Ерке қыз» әнімен, 2 орынды Злата «Улыбка» әнімен , ІІІ орынды Мансұр мен Тимур «Анашым» әнімен өзара бөлісті.
Бишілерге келер болсақ , бас жүлдені даярлық тобындағы «Гүлдерай» тобы қазақ биімен иеленді, І орын шағын орталықтағы «Айгөлек» тобының еншісіне тисе, ІІ орынды шағын орталықтың «Грибочки» тобы иеленсе, Ақбота мен Диана «Чунга - Чанга» биімен қазылардың көңілінен шығып, ІІІ орынға лайық деп саналды.
Сайыс соңында жүлдегер өнерпаздар дипломдармен марапатталды. Барлық байқауға қатысушыларға ата – аналарынан демеушілік көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды. Сайысты өнерпаздар байқаудың әнұранына айналған «Айгөлек» әнімен аяқтады. Ұйымдастырушы Гүлсайраның айтуына қарағанда, осы сайысты енді біздің мектепте жылда осы уақытта өткізіп отыру дәстүрге айналатын болды.
Герасимовка орта мектебінің
мұғалімі Токпаева Сайраш


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Менің Отаным - Қазақстан!
АДАМЗАТ - ТАБИҒАТ ПЕРЗЕНТІ
«Күз сарайы» кеші.
Жырлайды жүрек
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
Социометрия әдісі бойынша сынып оқушыларының қарым-қатынас зерттеу жұмысының сараптамасы
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 2552 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 30 июля 2015 00:33
That's what we've all been waiting for! Great poingts!
avatar
• 28 ноября 2015 01:56
Здравствуйте!!!

http://arsfasad.ru/kupit-kolco-s-molotom-tora.html

заказать молот тора в украине
молот тора купить в могилеве
носить молот тора
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз