Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?


Өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?
Қарағанды облысы Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті
№1 ОМ Еркінбаев Ерлен 8-сынып оқушысы

Өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?

Алаш деген елім бар.
Неге екенін білмеймін,-
Сол елімді сүйемін.
М.Жұмабаев

Мен бақыттымын ! Бар әлем мойындаған тәуелсіз Қазақ елінің азаматымын. Азат елдің ұланы екенімді мақтан етемін! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен Отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін.
Халқымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов небәрі жиырма жасында « ... Ал қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе!...» деген қанатты сөзді жазды емес пе?!
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін! – деп ақын Мағжан Жұмабаев та жастарға жалынды сөз арнап, жас жеткіншектерге сенім артқан.
Мен қазір 8-сыныпта оқимын, оқу озатымын, тәртіптімін.Сабағымды жақсы оқығаным, өз елімнің өркендеуі үшін қосқан үлесімнің бір бөлшегі ғана деп ойлаймын.Ал, болашақта жоспарларым өте көп. Оқуымды ойдағыдай аяқтап, елбасымыздың арманы Қазақстанның әлемдегі ба-рын¬ша дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі барлық ой¬лары мен жос¬пар¬ларының орындалуына өз үлесімді қосқым келеді. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер. Сіздер-еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар,-деген сөзі жадымда.
Күн дидарлы Қазақстанның болашағы үшін аянбай еңбек етіп, кірпіш болып қаланатындығыма, келешек үшін жақсы оқуға уәде беремін, себебі тәуелсіздіктің туын биік ұстау – перзенттік парызымыз!
Қалың елім қазағымның жа¬на¬рын¬да жа¬нып тұрған оты бар жа¬лын¬ды, жігерлі жас¬та¬ры! Отан сүю — әрбір ет — жүрегі, қан — та¬мы¬ры қазақ деп соғатын қазақжанды, ел¬жан¬ды, ұлтжанды ұландардың баға жет¬пес бо¬ры-шы. Сондықтан, па¬рыз¬да¬ры¬мыз¬ды асқақ абы¬рой¬мен, аса адал орын¬дау арқылы ұлтымыздың іргетасын бірге нық тұрғызайық.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Батыр болғым келеді
Өзін – өзі тану пәнін сүйемін.
Оқушының ойы Альшаева Дильназ 2 «ә» сынып оқушысы
Менің Отаным - Қазақстан
Қазақстан – Егемен мемлекет
Егемен елдің – Елбасы
Алаштың арлы ұлы еді
Кемеңгер елбасы- ырысы елімнің!
Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол
“Әскери коммунизм “ саясатының экономикалық салдары
Бөлім: Статьи / Эссе | Көрсетілім: 5438 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз