Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ІІ-деңгей сертификатталушы-коучер Жайықбаева Жібек Сырғабайқызының «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбындағы коучинг сабағының


ІІ-деңгей сертификатталушы-коучер Жайықбаева Жібек Сырғабайқызының «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбындағы коучинг сабағының
ІІ-деңгей сертификатталушы-коучер Жайықбаева Жібек Сырғабайқызының
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбындағы коучинг сабағының
рефлексивтік есебі.

Мақсаты: «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» түрлері туралы түсінік беру. Сабақты критерийлер бойынша бағалау тәсілін насихаттау.
Күтілетін нәтиже:
• Бағалау түрлерін біліп, критерий жасай алады.
• Тәлім алушыларды ынталандырады, оқуға қызығушылығы артады, өзін-өзі бағалай алады.
Менің коучинг сабағыма мектебіміздің 15 мұғалімі қатысты. Бұл мұғалімдер менің «Оқытудың жаңа әдіс - тәсілдері» атты өткен семинарыма қатысқан болатын. Семинар соңында бірнеше мұғалімдер өз пікірлерін стикерлерге жазып қалдырды. Солардың ішінен «мен де, осы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйренгім келеді» деп жазған мұғалімдер болды. Міне сол мұғалімдермен жұмыс істеуді жөн көрдім.
Коучингке қатысқан мұғалімдерге коучинг үдерісі туралы «Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар.Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады» (МАН,81-бет) деген ақпаратпен таныстырып өттім. «Коуч» сөзіне де слайд арқылы түсіндірме жүргізілді. Әңгіме сұхбаттың қызу талқылауға түскені сонша мұғалімдердің көздерінен «тағы да біле түссек» деген ойды оқуға болатыны сөзсіз еді. Мұны бірлесе отырып пікірлескенде олардың қойған сұрақтарынан да анық аңғарар едің, осы себептен өзімнің курстан алған білімімді айта түссем деген әсерде болдым. Бірақ қобалжуым басылмады. Өйткені оқушыларға өткізген сабағымда өзімді жайлы, қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, «сабақ төңірегінде берілген тапсырманы ғана түсіндірсем болды, сабақ мақсатына жетіп отырады» деген пікірде болатынмын. Ал мұғалімдермен өткізген коучингімдегі іс-әрекет мүлде басқаша. Өзіңмен қатарлы әріптесіңнің алдында жаңалықпен таныстыру, олардың тәжірибесіне өзгерістер енгізу кәсіби шеберлікті қажет етеді. Өйткені, барлығы жоғары білімді, өз саласының мамандары. Олармен жұмыс жасағанда теориялық және әдістемелік жағынан өзіңе сендіре білуің керек. Сол үшін өзімді сенімді ұстадым, бағдарлама идеясын түсіндіруге тырыстым.
Кезекті коучинг сабағымды жағымды психологиялық ахуал қалыптастырумен бастадым. Мұғалімдерге бір-біріне жақсы тілектер айтқызып, әрбір қатысушы өз есіміне сын есім қосып өзін таныстырды. Ынтымақтастық ахуал орнаған соң, топқа бөлініп отырды.

Келесі тапсырма мұғалімдерге қоянның суретін салуды ұсындым. Біраз уақыт өткен соң жұмыстарын қасындағы жұбымен алмастыруды тапсырдым.

Жұптық жұмыс: «екеу ара жұптасып, бір-біріңізді критерий қоя отырып бағалаңыздар», «бағалаған суреттеріңіз бойынша сөйлеңіздер және неліктен ондай баға қойғандарыңызды айтып беріңіздер, яғни қандай критерий пайдаланғандарыңызды айтасыздар» деп сұрақтар қоя бастадым. Мұғалімдер салған суреттері үшін алған бағалары не үшін төрт немесе не үшін екі болғандығына көз жеткізді. Мұғалімдер критерилер бойынша бағалау жайлы топта талқылады. Егер сабағымызда оқушылардың жұмысын критерийлер арқылы бағалайтын болсақ, баланың жұмысын нақты бағалаймыз, және оқушы бұл бағаны не үшін алғанын өзі де пайымдап, біліп отырады. Мұғалімдер өздерінің бағалаған жұмыстарын қалай бағалағандарын айтып өтіп, жоғары бағаларын көрсетті. Кейін мен суретті қайтып өздері алуын ұсындым. Тақтаға мен бағалауға арналған өзімнің критериімді ілдім.
Менің критериімен өздерінің суреттерінің бағасын салыстырды.



«Енді осы критерий бойынша қайта бағалаңыздар. Екі бағаның айырмашылығын салыстырыңыздар» деп едім, мұғалімдерім өздерінің жұмыстарын қайта қарап, ұпайлармен есептеп, бағаларын қоя бастады.


Сыни ойлауларын дамытуға қойылатын сұрақтар:/диалог/
«Баға деген не?», «Бағаның оқушыға, оның біліміне әсері қандай?
«Бағалау критерийлерін сабақтарда қалай қолдануға болады?» –деген сұрақтарыма мұғалімдерім өздерінің сыни ойларын жеткізді.
«Оқыту үшін бағалау және Оқуды бағалау» модулін интерактивті тақтамен презентация арқылы түсіндіріп өттім.



Ал енді сергіту сәтіне тоқталсам, менің әріптестерімнің «сегіз қырлы бір сырлы» екендерін бүгінгі сабағымнан аңғардым. Оларға актерлердің ролдерін сомдау тапсырылды. Әр топтан екі адамнан ортаға шығып, оларға төмендегі тапсырмаларды рөлдерде ойнап көрсетілулерін ұсындым:
1. Тіс дәрігеріндегі тіс ауырған адам
2. Сән үлгісін көрсету
3. Суға батқан адамды құтқару
4. Мектептегі сабақ жүргізу
5. Адамы көп автобус ішінде әңгімелесу
6. Баяндамашының қызықсыз баяндамасын тыңдау
7. Жол ережесін бұзушы мен МАЙ қызметкері



Екінші топ мұғалімдердің барлығында да актерлік қабілеті бар екенін байқадым. Үш топ бір-бірінің көрсетілімдерін көріп, бір-бірін бағалау критерилері арқылы бағалады. Мұғалімдер «оқушыларымыз сияқты шулап-күліп, бір демалып қалдық қой» деп өз қуаныштарын білдіріп жатты.
Келесі тапсырма топтық жұмыс болды. «Оқытудың сапасын жақсарту үшін бағалаудың мұғалімдер үшін маңызы қандай?» деген сұраққа топпен келісе отырып сыни ойларын ортаға салу үшін постерге түсіруін өтіндім. Топ басшысының жұмыстарын қорғайтынын айтып өттім.
Сабақ барысында мұғалімдерден төмендегіше ұсыныс түсті: «Бағалау критерийларын қалай құруды, сабақ барысында оқушыларды критерийларды қолданып. қалай бағалауға болатыны жайлы жақсы түсінік алдық. Егер осы әдісті пайдаланып оқушыларды сабақ барысында бағалайтын болсақ, оқушылар да алған бағасының себебін түсініп отырады, арада түсініспеушілік болмайды. Келесі сабақтарда бағасын жақсарту үшін не істеу қажет екендігін біліп, түсініп отырады, және соған қарап әрекет жасайды. Бұл әдіс бізге қатты ұнады, келешекте сабақтарымызда қолданамыз. Егер де қоянның суретін салуды қайта орындатсаңыз барлығымыз бес бағасын алатын едік. Біз оқушылардың уй тапсырмасына дайындығын бағалағанымызда олардың қандай күйде болатындығына көз жеткіздік.»





«Коучингтен тағы бір жағымды әсер алсын» деген оймен психологиялық тренинг жібердім. «Бақытты болу да өнер» бейнеролигін тамашалады. Слайдта адамның өмірге деген құштарлығы артатын түйінді сөздер берілген еді. Осы сөздерден кейін мұғалімдердің шаршағандарын басылып, психологиялық тұрғыда демалып қалғанын байқадым. Демалып қалғандарына алғыс айтып отырды.
Коучингімнің соңында, Лотер Зомверттің «бес саусақ» тәсілі
• Бас бармақ – неден қиналдыңыз
• Балан үйрек - кімге көмектестіңіз
• Ортан терек – көңіл күйіңіз
• Шылдыр шүмек – не үйрендіңіз
• Кішкене бөбек – қандай жетістікке жеттіңіз
Бұл тәсіл мен үшін бүгінгі жұмысымның нәтижесін шешетінін білдім.
Кейін стикерлерден оқып білгенім, коучинг ұнамады деген мұғалім болған жоқ. «Барлығы жақсы өтті, рахмет!», «Осындай коучингтер көп болса екен!»-деген стикерлер көп болды, «келесіде бұдан да қызықты әдіс-тәсілдер күтем» деген ұсыныста болды, «бүгінгі кочингтен біраз нәрсе үйрендім» деген, тамаша стикер жаныма дауа болды. Ал тілекке келсек, «үнемі осындай көңіл-күйде жүр», «алда осы сабақтардың көп түрлерін өткізе берсеңіз», «ұстаздарды көбірек қатыстырыңыз!», «келесі коучингте тың жұмыс болса», деген стикерлер менің екінші коучингімнің тақырыбына ой тастады. Және де коучинг сабақтың «Инсерт» әдісінің «Білгім келеді» бағанына жазылған сұрақтар да түрткі болды. Ұсыныс, пікірлердің коучке жаңа коучинг тақырыбына, оның құрылымына тигізер әсерінің қаншалықты маңызды екенін мен де рефлексивті есеп жаза отырып, түсіне бастадым.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ.
«Ақпараттық –коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» коучинг сабағы жайында рефлексивті есебі.
Коучинг және тәлімгерлік
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша коучинг сабағының жоспары.
Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша өткізген коучинг сабағының жоспар
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы
Критералды бағалау
Оқыту үшін бағалауда оқушының өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану
Бөлім: Статьи / Эссе | Көрсетілім: 5170 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз