Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шағын мектептегі инновациялық технология


Шағын мектептегі инновациялық технология
Шағын жинақты мектептегі инновациялық технология

Кушкинбаева Балжан Сейфуллақызы
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі. Қаракөл ауылы.

Қазіргі таңда қазақстандық білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын артыру. Себебі, республикамызда шағын жинақты мектептердің саны соңғы он жылда екі есе өсіп, мектептердің басым көпшілігін құрап отыр.
Оқушыларды даму ерекшеліктері мен деңгейлерін жан-жақты ескере отырып, олардың өздгінен білім алу, өз-өзін ұйымдастыру және мүмкіндіктерін таныта білу қабілеттерін қалыптастыру- шағын жинақты мектептің басты міндетті.
Шағын жинақты мектептердің жалпы білім беретін орта мектептерден айырмашылығы – мұғалімнің әртүрлі жастағы балаларға бір мезгілде сабақ өткізуі. Біріктірілген сыныптарда сабақты өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау, әрі қолдана білудің өзі ұстаздардан кәсіби шеберлікті, ізденімпаздықты талап етеді. Осыған орай білім берудің формалары мен сабақтың түрлерін өзгертіп отыру тиімді. Шағын жинақты мектеп ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты тиімді ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдану көзделеді.
Шағын жинақты мектеп жағдайында жаңа технологияларды қолданудың төмендегідей тиімділіктері бар:
1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2. оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады

Осыған орай Казталов ауданы Қаракөл елдімекеніндегі Қаракөл бастауыш мектептебінің бастауыш сынып бірлестік мұғалімдерінің мақсаты:
 Сабақ процесінде жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушының шығармашылық потенциалын дамыту, әлемдік білім беру кеңістігінде болып жатқан үрдістерді оқу процесіне зерттей отырып кіргізу, жаңа технологиялардың ерекшеліктерін оқып үйреніп, тиімді пайдалану жолында мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін анықтау;
 Сабақ тиімділігімен, сапасын көтеруге бағытталған мұғалімдердің ізденістік-әдістемелік жұмыстарын жүйелеу және білімін жетілдіруге жағдай жасау.

Мазмұнына қарай біз өз іс-тәжірбиемізде қарым-қатынастарды ізгілендіру негізіндегі, оқушылардың іс-әрекеттерінің белсенділігі мен тиімділігін арттыру, оқыту үрдісін басқару мен ұйымдастыру тиімділігін арттыру, халық педагогикасының буындарын қолданамыз.
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, ел-дағдыларын қалыптастыруда, өз ойларын еркін жеткізуге алуға болады. Сабақта Эльконин-Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолданамыз.
Аталған технологияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады.
Осы технологияларды сабаққа қалай енгізгенімді ұсынғым келеді.
.
Сабақтың тақырыбы:
М.Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып
А.Құнанбаев «Жазғытұры», І.Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сынып

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға көктем мезгілі, оның өзіндік ерекшелігі туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз пікірін ашық, еркін айта білу дағдысын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекілік: тақырыптық суреттер, суретті жұмбақ, қима қағаздар
Қолданылатын әдістер: СТО
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану
Тарих пәнін оқытуда интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Бастауыш кластардағы қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі
Біріккен сыныптарда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 2460 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз