Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » uCoz - Новое письмо


uCoz - Новое письмо
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Ағылшын тілі пән мұғалімдері: Кеулімжаева Базаркүл Елеуқызы
Қасенова Гүлшара Күзембайқызы
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №2 мектеп- гимназия
Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында атап көрсетілгендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой- пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Елбасымыздың биылғы жылғы Жолдауында білім мен тәрбие мәселелерін былай деп атап өтті:
• Білім беру саласының басты міндеті- білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту;
• Білім және ғылым министрлігі және облыс әкімдері үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын;
• Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс.
Уақыт талабына сай жоғарғы білімнің негізгі ерекшелігі- оның жеке тұлғаға бағытталып, оның рухани және мәдени тұрғыдан өсуіне, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету болып табылады.
Білім мен тәрбие тұғыры тіл болғандықтан, тілдерді оқыту жайлы қашан да басты назардан қалмай келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Тіл туралы» заңдарға, сонымен қатар бүкілхалықтық талқылауға түсіп, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» сәйкес еліміздің ұрпағы алдына мемлекеттік тіл- қазақ тілін, орыс тілін және шетел тілдерін білу міндеті қойылып отыр.Осы орайда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” деген болатын..
Сондықтан да, шетел тілдерінің оқытылу сапасын халықаралық стандарт талабына сәйкестендіру қазіргі кезде мектептің алдына қойылған басты педагогикалық мақсаты болып отыр. Оқушыларға сапалы білім беріп, алынған білімдерін анықтау мақсатында тестік технологияның алар орны зор. Бірнеше жылдар көлемінде білім саласында жүргізіліп жүрген бірыңғай ұлттық тестілеу өткізудің бітіруші түлектер үшін маңызы зор. 11 жыл бойы берілген білімнің нақты көрсетілетін нәтижесі де осы - ҰБТ. Әрбір пән мұғалімінің ең түйінді мәселесінің бірі - ҰБТ нәтижесін жақсарту мен көтерудің жолы. ҰБТ нәтижесін жақсарту мақсатында өзіміздің іс - тәжірибемізді бөліскіміз келеді. ҰБТ тапсыратын оқушыларға жылдық жоспар жасаймыз. Жылдық жоспар оқушыларға төменгі сыныпта берілген материалдар негізінде жасалады. Әртүрлі тақырыптарға арналған тест жұмыстары, тарихи сұрақтар, мақал-мәтелдер, идиомалар, фразалық етістіктер жинақталады.
ҰБТ - ға дайындықты үш кезеңге бөліп жүргіземіз.
Кезеңдерге бөліп дайындық жүргізудің мақсаты:
- тіл білімі салаларынан берілетін білімді тереңдету;
- оқушылардың мүмкіндігін анықтай отырып, оларға көмек көрсету;
- әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, білімін толықтыру;
- тақырыптарды толық меңгертіп, білім сапасын арттыру.
Енді әр кезең бойынша атқарылатын жұмыс бойынша тоқталып өтейін.
1 кезең. Теориялық бөлім
2 кезең. Практикалық бөлім (Мұнда тақырыптық жаттығу жұмыстарымен жұмыс жүргізіледі)
3 кезең. Қорытынды бөлім. Өтілген тақырыптарға арналған сынақ тест жұмысы.
Үш кезең бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері мынадай.
1 кезең. Теориялық бөлім.
Бұл кезеңнің мақсаты: оқушыларға тақырыптың ережесін меңгертіп, мысалдармен түсіндіру.
Осы кезеңде сабақ көрнекілік, оқыту әдістерінің бірнеше түрлері, тірек кестелер арқылы түсіндіріледі. Сонымен бірге осы жұмыстар арқылы оқушының зейіні мен ынтасы артып, білімді игеруге қызығушылығы артады.
Оқушының іс - әрекеті: ережелерді мұқият жаттап, мысалдарды есінде сақтау.
Күтілетін нәтиже: тақырып негізінде тиянақты білім қалыптасады.
2 кезең. Практикалық бөлім.
Бұл кезеңнің мақсаты: оқушылардың тақырыпты мүмкіндігінше қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау. Осы кезеңде әртүрлі жаттығу жұмыстары, тақырыптық жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Оқушылардың танымдық қызметі мен ойлау қабілеті, ізденушілік қабілеттері арта түседі.
Оқушылармен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Бұл кезеңде уақыт шектеледі.
Оқушының іс - әрекеті: жаттығу жұмыстары тақта негізінде жүзеге асады. Тақырыптық жаттығу жұмыстары дәптерге орындалады.
Күтілетін нәтиже: алған білім тұрақтанып, нақтыланады.
3 кезең. Қорытынды бөлім. Сынақ тест алу.
Мақсаты: Берілген білімді іс - тәжірибеде сынап байқау.
Осы кезеңде 25 сұрақтан тұратын, А, В, С, Д, Е - жауабынан тұратын тест дайындалады. Тест тақырыпқа сай болғаны жөн.
Оқушы алған білімін осы кезеңде іс жүзінде көрсетіп, дәлелдейді.
Оқушының іс - әрекеті: сұрақтарды мұқият оқи отырып, берілген жауаптардың дұрысын белгілейді.
Осы үш кезең бойынша оқушы өз міндетін орындаған соң, мұғалім оқушының біліміне талдау жасайды.
Кезеңдерге бөліп жүргізілетін жұмыс үлгілері төмендегідей:
Тарихи сұрақтар
A famous American is. Normal Rockwell
Aesop told people interesting____ Fables
All towers are__ and the keys are carried by the chief warder to the Queen’s house. Locked
An American tragedy” was written by____ Theodore Dreiser
Australia is a________ Island continent
Australia is famous for its. Sheep
Christopher Columbus discovered America in___ 1492
Christopher Columbus discovered____ Central America
Christopher wren was ___ from repairing the Cathedral by the Graet Plague. prevented
Christopher Wren was ___ from repairing the Cathedral by the Great Plague. Prevented
Edgar Poe is one of the brilliant and original writers and poets in___ literature. American
Elizabeth Gaskell is__ writer.an English
England in translation into Kazakh means. Англдар жері
English people __ to be rather conservative. tend
Formally the head of Canada is. Queen of Great Britain
From the earliest times the___ of London depended upon its water- born trade. Prosperity
From the earliest times the___ of London depended upon its water-born trade. Prosperity
Give the name of the longest river in Britain? The Severn
Give the name of the longest river in Britain? The Severn
Harlem is situated in____ New- York
How many houses does the British Parliament consist of? 2
How many parts does Great Britain include? 3
How many states are there in America?50
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары.
Intellectual Olympiad
Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану
Өмірді танып білуге құштарлық
Өмірді танып білуге құштарлық
Going to Britain
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
“The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland”

Автор Кеулімжаева Базаркүл Елеуқызы

Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы №2 мектеп- гимназия

Бөлім: Материалы / Ағылшын тілінен ашық сабақтар | Көрсетілім: 2265 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар