Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль -Ленц заңы


Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль -Ленц заңы

Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: электр тогының жұмысы мен қуатын есептеу формуласын қорытып шығару; электр тогының жұмысының практикалық өлшем бірлігін енгізу; электр тогының өткізгіштерді қыздыру себебін түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ауызша, жазбаша, жауап алу, жекелей топтық жұмыс, ойын, тест, тәжірибе жасау.

Сабақтың көрнекіліктері: презентация, виртуалды зертхана, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
б) психологиялық әзірлеу;
в) сынып оқушыларын 2 топқа бөлу және ат қою: 1-топ - «Вольтметр», 2-топ –«Амперметр».

Сабақтың ұраны:«Барлық теоремалар мен ережелерді білу жеткіліксіз,
оларды меңгере білу керек» П. Л. Чебышев

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
«Кубизм» әдісі
1. Өткізгіштерді жалғаудың қанша әдісі бар?
2. Шартты белгілер бойынша схемадан құралдарды ата?
3. График бойынша өткізгіш кедергісінің мәнін табыңыз?
4. Шартты белгілер бойынша схемадан құралдарды атау

5. Есеп:
Кедергілері 10 Ом және 15 Ом өткізгіштер паралель жалғанған. Егер электр кернеуі 60 В болатын болса, жалпы ток күші неге тең. Жауабы: 10А.
6. Суреттегі кескінді салыстыр!

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.

2. Топтастыру стратегиясы.
Ом заңы- электр тоғының негізгі заңдарының бірі

Венн диаграмасы
3.Тәжірибе 1-топқа

4.Тәжірибе 2-топқа

Қызығушылықты ояту кезеңі.
Интерактивті тақтада «Болашақ энергия» түрлерінің суреті көрсетіліп
ой шақыру стратегиясы’’бойынша еске түсіру.
Ой тудыру. (Миға шабуыл).
Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз?

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
1. Елімізде 2017 жылы не өтейін деп жатыр? (ЭКСПО 2017 көрмесі)
2. Осы көрменің тақырыбы қалай аталады? (Болашақ қуаты)
3. Осы қуат деген сөзді бұрын естулерің барма? ( 7 сыныпта механикалық қуат)
4. Қуат неге байланысты? (жұмыс)
(Осылай сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын біледі.)

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Электр энергиясы сыртқы тізбекте электр тогының жұмысы есебінен энергияның басқа түрлеріне айналады:
1. өткізгіштің ішкі энергиясына
2. сәулелену энергиясына
3. химиялық реакцияның энергиясына.

SI жүйесінде қуат бірлігіне ватт (1 Вт) алынған.
1 ватт (1 Вт) қуат бірлігіне 1В кернеуі бар тізбек бөлігіндегі 1 А тоқ күшінің қуатын алады:

Қуаты 1 кВт электр тогының 1 сағат ішінде жасаған ж±мысы 1 кВт • сағ болады. 1 кВт = 1000 Вт, ал 1 сағ 3600 с болса, онда 1 кВт • сағ = 1000 Вт • 3600 с = 3 600 000 Дж.
Кейбір электр аспаптарының қуаты, кВт.

1. Шаңсорғыш 0,65
2. Электр үтігі 0,6
3. Кір жуатын машина 0,5
4. Теледидар 0,3
5. Тоңазытқыш 0,2
Өткізгіштердің қызуы тек ток күшіне ғана байланысты ма?
Мынадай тәжірибе жасайық. Кедергілері әр түрлі мыс, болат және никелиннен жасалған үш өткізгішті бірінен соң бірін тізбектей жалғайық. Тізбекті тұйықтап, ондағы ток күшін біртіндеп арттырамыз. Тізбектей жалғанған өткізгіштердегі ток бірдей болады. Өткізгіштерде бөлінетін жылу бөлінетін жылу мөлшері әр түрлі: алғашында никелин өткізгіш, сондай-ақ токты арттырғанда никелин және темір өткізгіштер қыза бастайды, ал мыс сым білінер білінбес қана жылынады.
Бұл тәжірибеден өткізгіштердің жылуы олардың кедергілеріне тәуелді болады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

1831-1842 жылдары тәжірибе жүзінде тоқтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Джеймс Джоуль мен орыс ғалымы Эмилий Ленц зерттеді.
Олар бір-біріне тәуелсіз Джоуль-Ленц заңы деп аталатын заңды тағайындады
Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің
квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін
уақыттың көбейтіндісіне тең: Q=I2Rt

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру
жұмыстарын жүргізу.

VIІI. Бағалау. Смайликтер тарату арқылы бағалаймын. Қай топта смайлик көп болса, сол топ жеңеді.

Үй тапсырмасын беру: §42 оқу. №6 үйде орындалатын эксперименттік тапсырма.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль- Ленц заңы.
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Тұрақты токтың жұмысы. Қуаты. Джоуль-Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Электр тогының жұмысы мен қуаты
Электр тогы
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау

Автор Жүнісбекова Гүлзат Әбілдәқызы

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мирный ауылы, В.Терешкова орта мектебі

Бөлім: Материалы / Физикадан презентациялар | Көрсетілім: 3448 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар