Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа » «Түбінде адам болатын бала»


Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа » «Түбінде адам болатын бала»
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
« № 15 орта мектебі»ММ

ТАҚЫРЫБЫ:
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа »
«Түбінде адам болатын бала»




ПӘН МҰҒАЛІМІ: КОЖАНОВА З.К.

2014-2015 оқу жы

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы,
«Менің атым Қожа» повесіндегі «Ағаттықтың азабы» жайлы толық мәлімет беру.
2.Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың өтілу жоспары: Кіріспе
1. “Өзін жазатын жазушымын”
2.Талдау (эмпериялық, эвристикалық талдау)
3. “Менің атым-....”ой толғау (есімдер тарихы)
4. Бұл сөздер кімге арналған? Диалог
5.Балалардың сүйікті фильмінен үзінді
6. Пікірталас “Ұнамды, ұнамсыз Қожа”
7. Дәптермен жұмыс “Теріп алу ” стратегиясы
8. Тақтамен жұмыс : басты кейіпкерлерге мінездеме
9. “Бұл кім?” кейіпкерді тану
12. Ой тастау :“Әдепті жолға түсуге болады .
13 Үй тапсырмасы
14 Бағалау.
Т а л д а у:
Б.Соқпақбаев кім?
Оның қандай шығармаларын білесің?
Оның шығармасы неге “Менің атым-Қожа” деп аталған?
Шығарма кімдерге арналған?
Шығарманың тақырыбы не?
Жазушының идеясы, көзқарасы
“Қожа кімге ұқсайды? “Б.С.
Тентектікті тежеуге болады ма екен?
“Менің атым... тақырыбында ой толғау
Қожа өз атына риза ма? Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?
«Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», -дейді кейіпкер.
Ол кім?
Қызығушылықты ояту сатысы “Ой қозғау” стратегиясы

Дәптермен жұмыс:
Суреттерде көріп тұрған заттарға байланысты оқиғаны екі сөйлеммен жазыңыз.
Сөйлем міндетті түрде жай сөйлем болуы шарт.
Мысалы:
Балық аулаған Қожа орыс тілін оқымай келді. Бірақ екі алған жоқ
Сергіту сәті
«Иесіне қайтар» ойыны

"Мынау кім?"
- Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-
сыпсыңдағыш. (Жантас)
Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)
Біз екеуміз таныс шығармыз деймін. (Майқанова)..
- Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (Анфиса Михайловна)
Мен сенін, әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге
емес, бақандай бір қарасы жүр.(Сәйбек қарт)
Келесі сабаққа қайсың бақа ұстап әкелесіңдер?(Оспанов)
"Қай сәт бейнеленген?"
1."Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Мандайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!" (Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А.Пушкиннің "Қысқы кеш" өлеңін жатқа сұрағанда)
2."Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге үқсар деймін" (Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сет).
3."Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сэйбек керінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?" (Пед. кеңес болып жатқан сәт).
"Білген сайын келеді біле бергім"
Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің мақсатымыз
1 .Қожа мен Жантас бейнелеріне талдау.
2.Өз ойыңызды, пікірлеріңізді еркін айту, жеткізе білу.
З.Повесть туралы ұғымды қалыптастыру.
а)"Түбінде адам болатын бала" Қожа портреті (мүғалім жатқа айтады).
"Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде атымды атамай "тампыш неме" дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз төрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағардың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің тұсына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді"
Блум стратегиясы бойынша Қожа мен Жантастың бейнелеріне талдау. (Оқушыларға кеспе-карточкалар үлестіріледі).
1Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?
2.0қулық алу үшін мүғалімді алдағаны дұрыс па?
3."Бір секундка кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді."Қожа қандай бала?"
4."Қысқы кешті" жаттамаған Жантас не істеді? Онысын қалай бағалайсың?
5."Қысқы кешті" жаттамаған Қожа қандай күйде болды?
6. - Қара көже, мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.
Осы сөздерімен Жантастың қандай сипаты көрінеді?
7. - Бұл кім?
- Мен ғой, ата. Мен Қожамын.
Мұнда неғып отырсың?
Педсоветке келдім.
Онда сенің не шаруаң бар?
Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
Сені мұғалім етеміз дей ме?
Директор етеміз дейді. Қожа қаңдай бала?
8."Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-ау" деген ойынан Қожаның қандай екені көрінеді?
9. - Мама! Сен жылап жатырмысың?
- Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! — деп Қожа мамасының тізесін
құшақтай жығылған қалпында жылап жібереді. Қожа қандай?
10.Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп, өзіне-өзі серт беруі оның қандай бала екендігін керсетеді? Ой тастау.
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер болды? Анасын аяуы ма, Сейбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?
"Теріп алу" стратегиясы:
алғыр, пысық әділетгі
өтірікші ақын
ақылды әзілқой
сотқар, тентек арамза
мейірімді тапқыр
қу, зымиян қателікгерін түсіне біледі
шыдамсыз жағымпаз
тиянақсыз
"Топтастыру" стратегиясы:
Қожа Жантас

Ой тастау :“Әдепті жолға түсуге болады .
Бағалау.
Үй тапсырмасы: “Менің атым – ........”
Шығарманың кейіпкеріне ұқсап өзіңнің жағымды, жағымсыз жақтарыңды жазып келіңдер
“Менің қиялымдағы Қожа...” қандай болу керек? эссе жазып келу



Сабақтың өтілу жоспары: Кіріспе
1. “Өзін жазатын жазушымын”
2.Талдау (эмпериялық, эвристикалық талдау)
3. “Менің атым-....”ой толғау (есімдер тарихы)
4. Бұл сөздер кімге арналған?
Диалог 5.Балалардың сүйікті фильмінен үзінді
6. Пікірталас “Ұнамды, ұнамсыз Қожа”
7. Дәптермен жұмыс “Теріп алу ” стратегиясы
8. Тақтамен жұмыс : басты кейіпкерлерге мінездеме
9. “Бұл кім?” кейіпкерді тану
12. Ой тастау :“Әдепті жолға түсуге болады .
13 Үй тапсырмасы
14 Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Менің атым Қожа.
Қамқорлық. Б. Соқпақбаев.
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» хикаяты
Бердібек Соқпақбаев, Менің атым Қожа
Соқпақбаев Менің атым Қожа повесіндегі Қожа бейнесі
«Менің атым – Қожа» повесінен үзінді
Б.Соқпақбаев. « Түбі адам болатын бала»
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа

Автор Кожанова Зинаида Курбанбаевна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 15 орта мектеп

Бөлім: Материалы / Әдебиеттен ашық сабақтар | Көрсетілім: 15091 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар