Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Теңіздер мен көлдер


Теңіздер мен көлдер
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Қосжар ауылы, №67 орта мектебінің
география пәні мұғалімі Есепбаев Досбол
Пәні: Жаратылыстану
Сыныбы: 5
Пән мұғалімі:
Сабақ тақырыбы: §22.Теңіздер мен көлдер.
Мақсаты: а) Білімділік: Теңіздер мен көлдер туралы білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке және экологиялық білімділікке тәрбиелеу.
б) Дамытушылық; Оқушылардың өзіндік – ізденіс, шығармашылық жұмыстарын дамыту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Білім – білікті және дағды қалыптастыру.
Сабақтың формасы: Ұжымдық
Пайдаланылатын пед. Технологиялар, әдіс-тәсілдер, АТ: Тест, тірек – сызба арқылы ауызша баяндау, түсіндіру.
Пайдаланылатын құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Глобус, дүниежүзі физикалық картасы, атлас, кескін карта.
Пәнаралық байланыс: Астрономия, информатика
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу;
ә) Оқушылар назарын білім алуға бағыттау;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырып бойынша тест тапсырмасы арқылы.
1. Ішуге жарамды суда тұздың мөлшері қандай шамадан аз болуы керек?
А) 10 грамнан; В) 1 грамнан; С) 35 грамнан; Д) 5 грамнан.
2. Емдік сулардың шығып жатқан жерлерін не деп атайды?
А) Арасан; В) Тұзды су; С) Дәрілік су; Д) Сұйық су.
3. Мұхит пен теңіздің 1 литр суының құрамында қанша тұз болады?
А) 15 грамм; В) 45 грамм; С) 55 грамм; Д) 35 грамм.
4. Су қатты күйге енгенде көлемі қалай өзгереді?
А) Кішірейеді; В) Ұлғаяды; С) Өз қалпы сақталады; Д) Өзгермейді.
5. Суды жоғары температурада қыздырғанда қандай күйге енеді?
А) Сұйық; В) Қатты; С) Жылы; Д) Газды.
6. Атлант пен Үнді мұхитына қарағанда Тынық мұхит суының температура айырмасы қандай? А) 20С жоғары; В) 10С төмен; С) 50С төмен; Д) Мұхит сулары бірдей температурада.
7. Дүниежүжілік балық аулаудың 40% -ы қай мұхитқа тиесілі?
А) Тынық мұхит; В) Атлант мұхиты; С) Слтүстік мұзды мұхит; Д) Үнді мұхиты.
8. Ауданы жағынан ең кіші мұхит?
А) Тынық мұхит; В) Атлант мұхиты; С) Солтүстік мұзды мұхиты; Д) Үнді мұхиты.

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе «Ой қозғау» сұрақтары
1. Теңізбен көл суларының адам өміріндегі маңызы?
2. Өз жеріңдегі өзен, көлдерді қандай мақсатқа пайдаланып отыр?
1. Жаңа сабақ мазмұнын ашу тірек – сызба арқылы.
1. Сұрақ: Теңіз дегеніміз не? Теңіз дегеніміз – материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі.



Ішкі теңіздер Шеткі теңіздер Арал аралық теңіздер
Жерорта Араб Сулавеси
Қара Баренц Фиджи
Азов Охот Банда
Балтық Кариб
Қызыл Жапон




Каспий Арал Гудзон Мексика
Мұхиттар мен теңіздер ішінде шығанақ және бұғаз болады.
Шығанақ дегеніміз – мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке қарай енген бөлігі.
Бұғаз - құрлықтарды бір – бірінен бөліп тұрған және теңіз, көл, мұхит суларын бір – бірімен жалғастырып тұрған жіңішке сулы өткел.(Гибралтар, Магеллан, Мозамбик, Ла – Манш).
Көл дегеніміз – табиғи жолмен пайда болып жер бетінің ойыстарына жиналған су.

2. «Сәйкестендіру» әдісі бойынша Көлдердің ерекшелігін анықтау

Каспий теңізі Ауданы жағынан ең үлкені
Жоғарғы көл Ең тұщысы
Байкал Тұщы су қорына мол көл
Титикака Ең тереңі
Өлі теңіз Ең төменде орналасқаны
Балқаш Ең тұздысы
Чад (Африка) Жартылай тұзды, жартылай тұщы көл.
Климаттың әсерінен ауданын үш есеге
дейін өзгертетін көл.

ІV. Білімді бекіту: «Сандар сөйлейді» әдісі арқылы.
1. 30, 59,10, 150 млн адам, 30000.
Сұрақ – жауап
1. Қазақстанда қандай көлдерді білесің?
2. Адам өмірі үшін көлдер мен теңіздердің қандай маңызы бар?
3. Мұхиттар мен теңіз суларының ластануы неге байланысты?

V. Үй тапсырмасы: §22. оқып келу. Кескін картаға үлкен теңіздердің аттарын жазып түсіріп келу.

VI. Білімді бағалау:
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы
Мұхиттар
Көлдер
Аралдар мен түбектер
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Теңіздер мен көлдер
Гидросфера
Мұхиттар
Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Теңіздер мен көлдер

Автор Есепбаев Досбол Аманғалиұлы

№67 орта мектеп

Бөлім: Материалы / Географиядан ашық сабақтар | Көрсетілім: 2854 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар