Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қыз еркем, анасымен көркем.» Қыз бала мен аналар арасындағы сайыс


«Қыз еркем, анасымен көркем.» Қыз бала мен аналар арасындағы сайыс
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Қыз еркем, анасымен көркем.» Қыз бала мен аналар арасындағы сайыс
Түрі: Спорттық сайыс
Сыныбы: 2а

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, анамен қыз бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Қыз бала және аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Қыз еркем, анасымен көркем » отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:

Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

2а – класс оқушыларының аналарына деген өлең шумақтарын қабыл алыңыз.
Шаттық шеңбері: Дене тәрбиесі әні
Ән: Анашым. Орындайтын: Н. Нұрбақыт

Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Қыз еркем, анасымен көркем.» Қыз бала мен аналар арасындағы сайыс
– еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде
6 отбасы қатысады, соның біреуі ғана жеңімпаз болады.

Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Отбасы мүшелерің шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1 – топ Өмірхановтар отбасы
2 - топ: Тажмухановтар отбасы
3 - топ: Исатаевтар отбасы
4 - топ: Ізбасаровтар отбасы
5 – топ Қуанышовтар отбасы
Әр топ өз ұрандарын таныстырады.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Мектеп директоры- М.К Кулсарина
2. Ден тәрбиесі пәнінің мұғалімі – М.Е Еңсепбаев
3. Тәрбие ісінің меңгерушісі – К.Л Аманова
Спорттық сайысымыз балдық жүйемен бағаланады.

Спорт - денсаулық кепілі десек, Қыз еркем, анасымен көркем» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады

1 - кезең: «Кедергілер арасымен жүгіру»
Шарты: ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

2 - кезең: «Сақинаның ішімен қызы мен анасы жүгіріп өту. »
Әділқазылар алқасы 2кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

3 – кезең: «Скакалкамен секіру»
Әділқазылар алқасы 3 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

4- кезең: «Қасықпен алма алып жүру.»
Әділқазылар алқасы 4 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

5 - кезең: «Ракеткамен шарикті апару»
Шарты: Шарикті түсірмеу керек
Әділқазылар алқасы 5 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

6 - кезең: «Кім жылдам.»
Шарты: Допты аяқтың ортасына қысып жүгіру»
Әділқазылар алқасы 6 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

7 - кезең: «Әтеш қатығысы» «Өгіз тартыс»
Шарты: Әр отбасы бір - бірімен күштерін сынасады
Әділқазылар алқасы 7 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

8 - кезең «Сан сауалға саяхат»
Шарты: Сұрақтарға жауап беру
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет
«Ана туралы жыр » әні
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің жанашыр жанұям
Мен білемін, істей аламын, жүзеге асыра аламын
Жігер жеңіске жетелейді.
Жігер жеңіске жетелейді.
Ұстазымыз және біз .Спорт сүйер балғынбыз!
«Толағай» отбасылық сайыс.
«Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы
«Толағай» отбасылық сайыс
"толағай" отбасылық сайыс
Толағай отбасылық сайыс

Автор Жапарова Луиза Достанова

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы. Қарабұтақ орта мектебі.

Бөлім: Материалы / Сыныптан тыс жұмыс | Көрсетілім: 7337 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар