Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы


Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы

Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.
1-жүргізуші:

Ардақты елім, кең елім,
Құтты болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең

2-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні  мерекесіне арналған «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен өткелі тұрған «Мен-елімнің париотымын» атты патриоттық ән байқауына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

 Сіздерді еліміздің айтулы  мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс  тілейміз.

2-жүргізуші: Бүгінгі байқаудың ерекшелігі, оған тек Саржансай орта мектебінің оқушылары емес, Кеңсахара орта мектебінің  де оқушылары қатыспақшы.

1-жүргізуші:

Құттықтау сөзді Саржансай орта мектебінің директоры Утепбергенов Айбек  Болатұлына береміз.

Келесі сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Іліяс Гүлжанат Жайшылыққызына береміз.
2-жүргізуші:
Енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Кеңсахара орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Қилыбаев Е.О.

  1. Саржансай орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Іліяс Г.Ж.
  2. Саржансай ауылдық клуб меңгерушісі- Баймұханов Е.

1-жүргізуші:

Және бүгінгі байқаудың  жүргізушілермен таныс болыңыздар

2-жүргізуші:

Яғни бізбен – «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұланбасы- Шамуратова Гүлбану.

1-жүргізуші:

Және «Жас Ұлан» балалар ұйымының 2012-2014 оқу жылдарындағы ұланбасы, ал қазір белсенді мүшесі- Серіков Заңғар.
2-жүргізуші:

Ал енді байқауымызды бастамас бұрын  алдарыңызға   Мектебіміздің мақтанышы, Республикалық өнер байқауының жеңімпазы, «Жас Ұлан» балалар ұйымының белсенді мүшесі – Башанова Нұргүлді шақырамыз. «Ізін көрем»әні
1-жүргізуші:

Енді байқауымыздың «Бүлдіршіндер» номинациясы бойынша  шымылдығын ашатын алғашқы қатысушымызды ортаға шақырамыз
1) Журунтаева Аида «Қазақ елі осындай»

2) Тапаков Таир «Көк тудың желбірегені»
2-жүргізуші:

Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?! – дей келе сахнаға келесі қатысушымызды шақырамыз

3)Жайшылық Рахат «Туған жер»
4)Шаймарданова Нұргүл «Туған жер»

1-жүргізуші:

Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!

5)Абдибаева Қаракөзайым «Туған жерім»
6) Мақаш Ерасыл «Қазақ жастары»

2-жүргізуші:

Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде

7)Бақытов Бөкенбай «Атамекен»
8)Раисова Дана «Астана»
 1-жүргізуші:

Осымен «Бүлдіршіндер» номинациясы бойынша қатысушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп болды. Алдарыңызға «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері Баймұхаммедов Асылбек пен Серіков Заңғарды ортаға шақырамыз
Астанам –нұрлы астанам,
Гүл жайнаған жас қалам
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған.
«Астана» әні қабыл алыңыздар! Көңілдірек отырайық!
1-жүргізуші:

Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім,
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін! – дей келе, «Мен – елімнің патриотымын» патриоттық әндер байқауының «Жасөспірімдер» номинациясы бойынша қатысатын алғашқы өнерпазды сахна төріне шақырамыз!
2-жүргізуші: Қарсы алыңыздар,

  • 9 – класс оқушысы Худайбергенова Алия «Азат елім»
  • Балмұханов Абылай «Жаса Қазақстан»

1-жүргізуші:

Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,
Егемендік  алғаныма қуанам.

  • Серіков Заңғар «Отанға ода» әні
  • Сарманова Дина «Туған жер»

2-жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің

5)Мирзоева Мавлюданың орындауында «Алтын бесік» әні

6) Баймұхаммедов Асылбектің орындауында «Қазақстаным» әні
7) Забихолла Аманғали «Жаса Қазақстаным»

Осымен байқауымыз тәмамдалды.

 Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

2-жүргізуші:

Құттықтаймыз! Еліміздің патриоттары аман болсын және мерейлері арта берсін!

1-жүргізуші:

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,
Отан - әнмен жүрегім тербеледі
«Отан» әні қабыл алыңыздар!

Жеңісті күндерде жүздескенше аман- сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Отаным-атамекен
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
Қазақстан ұландары ертеңгінің!
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
Тәуелсіздігім-мерейім!
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
« Елі сүйген ер »
үлгілі отбасы
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 3037 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык