Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » С. Сейфуллин. Ақсақ киiк. Ана тілі


С. Сейфуллин. Ақсақ киiк. Ана тілі
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №7 Е.Халықов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шарғабаева Жанаргүл Сағынбайқызы
Ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы
Сабақ -2
Пәні: Ана тілі Сыныбы: 3 «в» сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин. Ақсақ киiк.
Жалпы мақсат: Өлеңдегі ойды меңгерте отырып, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Сілтеме: Ана тілі оқулығы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41, 78, 104 беттер.
Электронды оқулық, muzik.com
Оқу нәтижелері: Өлеңдегі негізгі ойды меңгеріп, мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады.
Қолданатын материалдар: Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.
Негізгі идеясы: Табиғаттың сұлу мүсіні -жануарлар.
Әдіс тәсілдер: Топпен жұмыс, кері байланыс. Сыни тұрғыдан ойлау: Блум таксономиясы.
Диалогты оқыту: әңгіме дебат. Оқытуда басқару мен көшбасшылық. АКТ ны қолдану. ОҮБ: Табыс критерийлері бойынша бағалау.Өзін- өзі бағалау.
Дереккөздері: Ана тілі оқулығы.МАН. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Электронды оқулық. Мультфильм. Әндер топтамасы.
Тапсырмалар
Тапсырма түрлері Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының әрекеті Тапсырмалар жүйесі
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Сыныпты әртүрлі геометриялық пішіндер арқылы топтарға бөлу.
Шаттық шеңберін құру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Қызығушылықты ояту. Үй тапсырмасын талдау. Диалог. Оқушы мен мұғалім арасындағы әңгіме.
Мұқанов шығармасындағы негізгі ой не?
Көкшетаудың сұлулығын сипаттап бер.
Оқжетпес, жұмбақтас деп атаулардың пайда болу себептері қандай?
Жаңа сабаққа кіріспе. Бүгін біздер киік туралы мәлімет алып, өлеңмен танысамыз. Сұрақтарға жауап береді.
Мұғаліммен әрекетке түседі.

Қойылған сұраққа жауап береді.

Тапсырма: Жұптарыңмен отырып киік туралы білетіндеріңді жинақтаңдар. Қағазға жазып алған тізімді топта талқылаңдар.
Бірге талқылап жаңа сабақты бастау. Оқушылар өзара алған білімдерін топта толықтырады, талдайды, қорытындылайды.

Жұппен жұмыс кезінде өздерінің білімдерін сынайды. Бір біріне сыни көзқараспен қарайды.

Мағынаны тану. INSERT әдісімен Киік туралы не біледі, не білгісі келетінін кесеге толтыру.
Автор туралы мәлімет. Электронды оқулықтан алынған С.Сейфуллин туралы мәліметті оқыту. Сәкен кім? Еңбектерін ата. Оқушылар интертақтадан көрген мәліметті жүйелейді.
Топпен тұжырымдайды. Класстер құру.

Интертақтадан ақсақ киік туралы мультфильмді көрсетем.
Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқу.
Талдау.
Дәптермен жұмыс.
Топпен өлеңнің шумағын оқып талдау.
Әр оқушы өзінің ойын айтады.
Аңшының әрекетіне оқушылардың ойын ұсынуы.
Қызыл түспен боялған сөздерді жазып алады. Мультфильмде көрсетілген мазмұнын айтып береді.
Суретпен жұмыс. Бір параққа киіктің суретін салу.
(Кері байланыс орнату.) Суретті салады. Өздері салған суретке сипаттама беріп, бағалайды.
Жұппен өзара бағалау жасайды.
Ой толғаныс. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңдар. Өлеңге топпен сатылай кешенді талдау жасайды. Әр топтың талдауы салыстырылып, өзара бағаланады. Табыс критерийлері бойынша талдау бағаланады.
Үй тапсырмасын беру. Өлеңнен ұнаған шумағын жаттап алу. (Кері байланыс орнату.) «Киік киелі жануар» немесе «Киікті қорғауға аламын» тақырыбында эссе жазу. Эссе жазу үшін ақпарат көздерінен мәліметтер жинайды.
Бағалау. Мұғалімнің бағасы мен оқушылардың оқыту үшін қойылған бағаларын қосып бағалау парағы толтырылады.
Рефлексиялық кезең. Екі жұлдыз, бір тілек.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Мен соғысты жек көрем"
С. Мұқанов. Көкшенiң көрiнiсi
С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".
Диалогті оқыту. Зерттеушілік әңгімеге тартуда ашық сұрақтар қою.
С Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сын есім
Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспары
С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин “Ақсақ киік”
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2935 | Қосты: Шарғабаева Жанаргүл Сағынбайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык