Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ашық есік күні


Ашық есік күні
«Бекітемін»
Мектеп басшысы: Н. Ерпанова
----------------------
20.01.2015 жыл

«Мектеп тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» тақырыбындағы ашық есік күнінің ЖОСПАРЫ
21қаңтар 2015 жыл
Мақсаты:
• Оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты бақылау.
• Оқушылардың шығармашылық біліктіліктерін дамыту және білімді насихаттау.
• Ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру.
• Отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту.

№ Жұмыстың мазмұны
1 Кесте бойынша әр сыныптағы ашық сабақтар
2 Тәрбие сағаттары
3 «Достарым, байлығым» мейірімділік акциясы
4 Оқушылардың шығармашылық көрмесі
5 «Мен елімді әнге қосып мақтан етем» патриоттық ән кеші

№79 негізгі мектебінде «Мектеп тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»
тақырыбымен өткен «Ашық есік» күніне
АНЫҚТАМА

2015 жылдың қаңтар айының 21-жұлдызында ата-аналар үшін «Мектеп тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбымен «Ашық есік» күні өтті. Мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты бақылау, оқушылардың шығармашылық біліктіліктерін дамыту және білімді насихаттау, ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту. Шақырылған ата-аналар бағдарламаға сәйкес іс-шараның барлық түріне, ашық сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысып, оқу процесімен жақынырақ танысты.
Сабақ кестесіне сәйкес 1-9 сыныптар мен мектеп алды даярлық тобында ашық сабақтар барлық пәндер бойынша өткізілді. МАД тобында математика сабағында сынып жетекшісі А. Бейсенова «6 саны мен цифры» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Қатысқан ата - аналар: Р. Ақбалаева, С. Әбікенова, Ә. Садуова, А.Ахметжанова, Б. Нақыпов, Ә. Момышев. 1 сыныпта сынып жетекшісі К.Асанова математикадан «Қайталау сабағы», ана тілінен «Төлдерді қалай шақырады» сабақтары болды. Қатысқан ата - аналар: Қ. Қызылбасова, А.Қарымсақова, А. Досов. 2 сыныпта С. Өтепова қазақ тілінен «Түбір мен қосымша» тақырыбымен ашық сабақ өтті. Қатысқан ата-аналар: А. Әбішев, Г.Досова, И. Байқазақова, Ж. Әлиханова. 3 сыныпта сынып жетекшісі И.Байқазақова математикадан «Ұзындықты өлшеу», дүниетанудан «Пайдалы қазбаларды өндіру» сабақтары өтті. Қатысқан ата-аналар: А. Қарымсақова, М.Смайлова, С. Тәнкеева. 4 сыныпта сынып жетекшісі О. Қуатбаева математикадан «Өткенді пысықтау», дүниетанудан «Таулы жердегі өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбында сабақтар өтті. Қатысқан ата-аналар: Г. Досова, А.Берсүгірова, Е. Ержанов, Л. Қойшығұлова, Б. Бейсенова. 5 сыныпта орыс тілінен пән мұғалімі Н. Жолдыбаева «Винительный падеж», математикадан пән мұғалімі Р. Ембаева «Есептер шығару» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Қатысқан ата-аналар Г. Әбішева, А. Құлбаева, А. Бейсенова, Г. Бейсенбаева. 6сыныпта географиядан пән мұғалімі Л. Жапбасбаева «Жер асты сулары мен мұздықтар», ағылшын пәнінен пән мұғалімі Л. Қойшығұлова «Жылы сақтан» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Қатысқан ата-аналар: А. Ахметжанова, Ж.Әлиханова, Г. Рахметова, К. Асанова, Ә. Сәдуова. 7 сыныпта әдебиет пәнінен пән мұғалімі Н. Ахметов «Көксерек», географиядан пән мұғалімі Л.Жапбасбаева «Оңтүстік Американың ішкі сулары» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Қатысқан ата-аналар: К. Сақтағанбаев, А. Қарымсақова, Г.Бейсенбаева. 8 сыныпта физика пәнінен пән мұғалімі А. Берсүгірова «Тізбектей және параллель қосу», өзін-өзі тану пәнінен пән мұғалімі: А.Ермашова «Адам әлем бөлшегі» тақырыбында ашық сабақтар өтті. Қатысқан ата-аналар: М. Бейсенбаева, Ә. Әлжанова, С. Қожаева, А. Сәдібеков. 9 сыныпта алгебрадан пән мұғалімі Р. Ембаева «Есептер шығару», орыс тілінен пән мұғалімі Н. Жолдыбаева «СПП с придаточнымый опредилительными» тақырыптарында ашық сабақтар өтті. Қатысқан ата-аналар М. Бейсенбаева, А. Смайлова, А. Құлбаева, Е. Ержанов.
Ұл-қыздарының мектептегі өмірімен қызыққан елуге жуық ата-ана өз қалауларымен сабақтарға кіріп, ұстаздардың сабақ өткізу әдістерімен танысты. Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқады. Іс-шара бағдарламасы бойынша тәрбие сағаттары, «Достарым, байлығым» мейірімділік акциясы, Оқушылардың шығармашылық көрмесі өткізілді. Ата-аналар мектеп өнерпаз жастары ұйымдастырған жетекшісі Ә.Әбішевтың «Мен елімді әнге қосып мақтан етем» патриоттық ән кешін тамашалады. Өз балаларының өнерін тамашалаған ата-аналар мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.
Мектеп-халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ізгі қасиеттерін жас жеткіншектер бойына сіңіретін орта. Ендеше, рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана–болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Ата-бабабадан қалған өшпес мұра, мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақ бойына дарыту –мектеп міндеті. «Көкірек көзін оята тәрбиелеу» - ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салыстыратын жауапты міндеттің ең бастысы.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А. Берсүгірова
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
АДАМЗАТ - ТАБИҒАТ ПЕРЗЕНТІ
Сынып журналдарын тексеру қорытындысы бойынша анықтама.
Ата-аналармен жұмыс
Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мұрат
Салауатты өмір-денсаулық кепілі
Тарихшылар семинары
Махаббат! Мен оны айнытпай білемін, Әрдайым бала, - деп соғады жүрегің
Бала тәрбиесі
Математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара
«Тәрбие-ортақ іс» атты ашық микрофон.
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 7303 | Қосты: Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык