Сабақтың тақырыбы: « Әр бала – болашақ данышпан » интеллектуалдық сайыс
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Бастауыш сынып оқушыларын көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын ашық айта білуге баулу.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, плакаттар, сан жазылған жетондар.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Жүргізуші:
-Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар! Сіздердің назарларыңызға 2 сынып оқушыларының «Білімді болсаң, озып көр!» атты сайыс түрінде өткізгелі отырған тәрбиелік шараны ұсынамыз.
Жүргізуші:
Армысың, ардақты ұстаздарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін балғындар сайысады.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің қорытындысынан кейін ұпайы аз оқушы ойыннан шығады. Оқушылар оқу бағдарламасына сай дайындалған сынақ сұрақтарына жауап береді. Сайыста математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. «Кім шапшаң?» сұрақ жауап сайысы
4. Тест тапсырмалары
5. Білгенге маржан,білмеске арзан.
6. «Суретке тіл бітсе…» Сайыскеріміз суретке қарап, әңгіме құрастырады.
7. Мақал-мәтел білесің бе?
Жүргізуші:
Қандай жақсы шіркін-ай дүниеде,
Өз салтымен қауышып, ашқан бағын
Шыққан бүгін бастауыштан балдырғандар
Ізденімпаз ішінен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Кім жеңеді жеңісте үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік бар да,
Әділқазы алқасы атыңды ақта,
Жүйріктерге арман мен бақыт жолда! –дей келе, сайыскерлерімізді әділ бағалайтын әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар!
Әділқазылар алқасын сайлау.
1. Бастауыш сынып мұғалімі
2. Бастауыш сынып мұғалімі
Жүргізуші:
Жарыста озып шығар жүйріктері
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді,
Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,
Таң қалдыр, біліміңмен көрерменді.
-Ортаға сайысқа қатысушы оқушыларымызды ду қол шапалақ ұрып қарсы алайық!
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дей отырып, сендерге сәттілік тілеп, ойынымызды бастайық!
Жүргізуші:
Қазекем мақтанады ұрпағымен,
Көрінсін ұландарым бар қырымен
Танытсын кім екенін мына көпке,
Ата-жөнін, ата-баба жолымен –дей келе оқушыларымыздың таныстыруын тыңдайық.
Оқушылар өзін-өзі тақпақ не өлең түрінде таныстырады. (Таныстырудың ұпай сандары сұралады.)
Қайсысы епті, қайсысы мықты,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кімдер жылдам,
Таланттарын табайық
-Құрметті сайыскерлер! Келесі біздің сайысымыз «Бәйге»деп аталады. Қойылған сұрақтарға тездетіп, алдарыңыздағы жетонды көтеру арқылы жауап бересіздер.
1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері
Жауабы: Тоқтар Әубәкіров
2. Тәуелсіздігіміздің биыл қанша жылдығы тойланды?
Жауабы: 21 жылдығы
3.Көкжиектің негізгі төрт тұсын атап бер.
Жауабы: Солтүстік, Оңтүстік, батыс, Шығыс
4.Аю жыртқыш жануарға жата ма?
Жауабы: Жатады
5.Ересек адамда неше тіс болады?
Жауабы: 32
6. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жауабы: Екіге бөлінеді
7. Мақалды жалғастыр. Күш білекте емес, …
Жауабы: Жүректе
8. Мәтін түрлерін ата.
Жауабы: Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
9. Жұмбақ шешуін тап
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл? Мұғалім
10. Есепте. Қалам-8 теңге тұрады.Даптер – 10 теңге тұрады. Барлығы қанша теңгеге алынды?
Сайысқа қатысушылардың ұпай сандарын әділқазы алқаларынан сұрау.
Сонымен ойын шартына сәйкес ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
2.
-Құрметті көрермендер келесі бөліміміз «кім шапшаң?» деп аталады. Тапсырма математика пәнінен беріледі. Әр оқушыға тапсырмалар жазылған парақ таратылады. 5 минут беріледі.
Тапсырмалар
1. 15-10= 56+4=
17-5= 59+11=
19+3= 45-3=
2. 10+х=25
3. Салыстыр
3 дм 13 см
1 тәул 30 сағ
4. Фигураларды ата
Әділқазы алқасынан «Кім шапшаң?» атты кезеңнің ұпай қорытындысын сұраймыз. (Қорытындыға сәйкес ұпайы аз оқушы ойыннан шеттетіледі)
3.(Бес оқушыға арналған)
Қазақ тілінен тест тапсырмалары беріледі.
Тест тапсырмалары
1. Жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді тап.
2. Сөйлемді көрсет
3. Бас әріппен жазылатын сөздерді көрсет.
4. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой!
5. Қате буынға бөлінген сөзді көрсет
Тест қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шеттетіледі.
-Құрметті сайыскерлер! Келесі кезең «білгенге маржан, білмеске арзан» деп аталады.Оқушылар ұяшық таңдайды. Әр ұяшықта пәніне байланысты тапсырмалар жасырылған. Ұпайы жоғары оқушы бірінші таңдайды. (Төрт оқушыға арналған)
1. «Әдебиеттік оқу» ұяшығындағы тапсырма
Құрманғазы Сағырбайұлы туралы не білесің?
2. «Математика» ұяшығындағы тапсырма
Суреттегі шаршыларды сана\
3. «Қазақ тілі» ұяшығындағы тапсырма
Суретке қарап, сөйлем құрастыр.
4. «Дүниетану» ұяшығындағы тапсырма
Суретте көрсетілген жануар туралы не білесің?
Оқушылар тапсырмаларды орындап болғасы бағаларын сұраймын. Ұпайы аз оқуышы ойыннан шеттетіледі.
(Үш оқушыға арналған)
Сонымен үш сайыскеріміз қалды.Ары қарай не болады екен? Кім озып шығады?
Ендеше келесі тапсырмамызға көшелік.
«Суретке тіл бітсе…»
Сайыскерлеріміз суреттегі қоржынның бірін таңдайды. Ол қоржында сурет жасырылған. Оқушыға үш минут беріледі.Ол суретке қарап шағын әңгіме құрастырады.
Сайыс аяқталған соң әділқазы алқаларынан ұпай сандары сұралады. Жалпы ұпай сандары бойынша , ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
Мақалшы аталатын кез де келді,
Көп нәрсе уақыт сайын өзгереді
Қанеки, шын шешенді біз табайық,
Үйреткен бұл өнерге өзгелерді.
«Мақал мәтел білесің бе?» деп аталады.
Соңына қалған екі оқушы қатысады.
Ойын шартымен таныстырылады. Ұпайы аз оқушы шығады. Бір оқушыға бір минут беріледі. Сол уақыт ішінде ол қанша мақал айтылса сол оқушы жеңімпаз атанады.
Сайыс соңында ұпай сандары саналып, әділқазы алқасына сөз беріледі.
Ән. «Қазағым»
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.
Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тәрбие сағаты |
Көрсетілім: 3945 |
|
|
|
"Әр бала - болашақ данышпан"

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |