Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ел үмітін ақтаймыз, ата салтын сақтаймыз.


Ел үмітін ақтаймыз, ата салтын сақтаймыз.
Қызылорда қаласы №43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Әбдуайтова Айгүл Оңдасынқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ел үмітін ақтаймыз,
Ата салтын сақтаймыз»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт- дәстүрлерімен
таныстыру, оның тәрбиелік мәнін ашу.
Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мен
оқушылар бойында патриоттық сезімін
ояту.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған бильборд,қазақ тың салт-
дәстүрлері бейнеленген бильборд,
бесік,ат макеті,

Тәрбие сағатының барысы:
ІҰйымдастыру кезеңі:
ІІ.Негізгі бөлім
1-бастаушы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 «е» сынып оқушылары ұйымдастырып отырған «Ел үмітін ақтаймыз,ата салтын сақтаймыз» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
2-бастаушы:
«Халық-қалың орман,әрі пана,әрі қорған»,-деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай ,әр халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы болады.
1-бастаушы:
Біздер бұрын көрмеген,
Салт-дәстүрін білмеген,
Үйренеміз дәріптеп,
Заманымда өрлеген.
1-оқушы:
Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұмыры.
2-оқушы:
Сәнге толы қазағымның тірлігі,
Күліп тұрса ынтымақ пен бірлігі.
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді,
Сезіміңді серпілтетін жыл гүлі
Салт-дәстүрім қайта оралды аты аңыз.
3-оқушы:
Сұрамаймыз алғыс та ақы да біз,
Үй дастарқан даламыз-сахнамыз
Ұлы мейрам қуанышқа шақырамыз.
4-оқушы:
Ала қотан той-думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу-маржан шашайық.
5-оқушы:
Киелі көк байрақ астында
Иелі іс ұқсас тасқынға
Көк байрақ күш беріп әр істе
Ерлерді жеткізген әр іске.
6-оқушы:
Киелі байрақта аруақ бар
Иеді бастарын ардақтап.
Көк туды қастерлеп,сүйіп те,
Көтеріп мұсталық биікке
7-оқушы:
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда
Еркіндігім елтаңбам.
8-оқушы:
Құдіретіңнен айналдым ата –салтым
Ұрпақтан ұрпаққа жалғастырған халқым
Орындалып әрқашан салт-дәстүрі
Қазағымның дүркіреп атсын таңы!
9-оқушы:
Қонақ күту салтымыз
Оқып-біліп жатырмыз
Салт-дәстүрі сақталса
Арта берер даңқымыз
Мұғалім:Қазақ халқының салт-дәстүрін тамашалайық.
1-бастаушы:
"Шілдехана"
Шілдехана өмірге адам келгенннің, оған қуанудың бір белгісі.
Сен келді деп өмірге,
Шырақ жағып көңілге
Қуануы қауымның
Тегін емес тегінде
2-бастаушы:
"Сүйінші".Сүйінші қазақ халқының дәстүрінің бірі.Жас нәресте дүниеге келгенде,қуанышты хабар бергенде туған-туыс,дос-жарандар бір-бірінен сүйінші сұрайды.
(Осы кезде сүйінші сұраған жас бала мен сәби көтеріп келе жатқан келіншек болып киінген қыз келеді)
Сүйінші сұраған бала:
Сүйінші,әже, сүйінші
Бөпем келді дүниеге.
Сүйінші ата сүйінші
Батыр келді өмірге.
(Атасы немересіне сүйінші береді.)
«Ат қою»
Мұғалім:
Дүниеге келген жас нәрестеге ата-аналары мен ата-әжелері үш күннен қалдырмай ат қояды.Ортаға ат қою рәсімін жасау үшін әжені шақырамыз.
Әже:
Сенің атыңды «Азамат» деп қояйын.(Үш рет құлағына айқайлайды)
Мұғалім:
Бесік қасиетті,киелі мүлік,сәбидің алтын ұясы болып есептелінеді.»Бесікке салу» рәсімін тамашалаңыздар.
Әже:
Әлди,әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама,бөпем,жылама
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
«Баланы қырқынан шығару»
Сәби дүниеге келгеннен 40 күн өткен соң нәрестенің «сүт тырнағы мен қарын шашын» алып,теңгелер салған ыдысқы 40 қасық су құйып шомылдырады.
Мұғалім:
" Тұсау кесу "рәсімін тамашалаңыздар.
10-оқушы:
Қаз,қаз балам қаз балам
Қадам бассаң мәз болам.
Тұсауыңды кесейін
Күрмеуіңді шешейін.
Мұғалім:
Баламыз ер жетті «Атқа мінгізу» тойын жасайық
Атқа мінді, бүгін міне балақаным
«Ер жетті» деген сөзі ол халқымның
Озып шығар үнемі бәйгеден ол
Қолдау болса тәңірі жаратқаны
Бола қойшы сен мәңгі маған тірек
Анаң тілер өзіңе жақсы тілек.
Мұғалім:
Кезек «Сүндетке отырғызу» тойы
11-оқушы:
Қазағымның әрқашан көп қой тойы
Соның бірі құдіретті сүндет тойы.
Әрқашанда салт-дәстүрім арта берсін
Сүндетке отырғызу ата-ананың міндет тойы.
Мұғалім:
Бір топ бишілер тойға шашу әкеліпті." Домбыра "биі
1-бастаушы:
Бір үйдің баласы болма
Көп үйдің санасы бол.
Бір елдің баласы бол,
Бар елдің данасы бол!-деп Төле би атамыз жырлғандай.салт-дәстүрімізді сақтайық.Еліміздің болашағы өзіміз ,сондықтан да ел үмітін ақтайық.Осымен сынып оқушылары дайындаған тәрбие сағаты аяқталды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Хош келдің , әз Наурыз!
Бесік тойы
Салтым – асыл қазынам!
Қош келдің-Әз Наурыз!
Мен өсіп келемін
« Ата –баба дәстүрі ұрпаққа үлгі»
Халқын сүйген, салтын сүйер.
Халқын сүйген – салтын сүйер!
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ардақтайық!
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4406 | Қосты: Абдуайтова Айгүл Оңдасынқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык