Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Атамекен елім-ұлан байтақ жерім


Атамекен елім-ұлан байтақ жерім

 Атамекен елім-ұлан байтақ жерім

 

 

Жоспар:

  1. Әнұран.
  2. Көркем сөз: 1Файзуллаева Асылзат.

                               2.Мұрат Қуат.

                              3.Жанерке.

  1. Хор:« Атамекен»
  2. Бейнебаян  «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық»
  3. Ән: « Айнакөл » Ыдырысұлы Ғалымжан, Сәрсенбай Бейімбет.
  4. Би: Қазақ биі.
  5. Ән: «Түңгі қала » Ибадуллаев Рақым.
  6. Көрініс:«Төле бидің төрелігі »
  7. Ән: «Ұстазым» Байымбетова Жадыра.
  8. «Жетелі елдің жеті белгісі»
  9. «Ойлан да тап» ойыны.
  10. Би Жастар биі
  11. Ән «Атамекен» Минуарлва Құралай.
  12. Қорытынды.

 

Қ.Р.Әнұран ойналады.

 

1-жүргізуші: Ғалымжан

Ассалаумағалейкум, халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

 

2-жүргізуші:Фатима

Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Бүгінгі бізідің «Атамекен елім, ұлан байтақ жерім » атты ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер.

 

1-жүргізуші: Ғалымжан

Қайда жүрсең,атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен-демекші

Атамекен-туған халқымның,ұлтыңның мекен еткен,ата бабаңның қоныс тепкен жері.Туған жер-әр адамның дүние есігін ашып,өмірге келген жері.

 

2-жүргізуші:Фатима

Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жиа бастаған сәттен өз болашағына,өткеніне ден қоя бастайды.Адамның болашағы да,өткеніде атамекенмен тығыз байланыста болады.

 

2-жүргізуші:Фатима

Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
 

1-жүргізуші: Ғалымжан

Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.
 

2-жүргізуші:Фатима

-Айпырай! Туған жер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, – деп ақиық ақын Мұқағали.Мақатаев жырлағандай, жазушылармен ақындар өздерінің жырлары мен шығармаларына Туған елдің тынысын арқау еткен.

Олай болса,тыңдап көрейік.
 

Асылзыт: Отаным Қазақстан

Қазақстан, халқым менің  қазағым,

Саған арнап өлеңімді жазамын

Кең далаңда мына жатқан байлыққа

Әуестеніп,қызыға мен қарадым.

Құсың ұшар көк аспанмен таласа,

Тауларыңа сенің зәулім көз жетпейді қараса.

Қызыл-жасыл көбелектер гүлден-гүлге қонады,

Сүп-сүйкімді қозыларың еді неткен тамаша!

Достық пенен татулықты қалайтұғын халқым бар,

Табылады бойымыздан намыс пенен жігер –ар.

Мақтанамын туғаныма бейбіт сүйген бұл елде

Сия жетпес болсам егер бар сезімді атқарар.

Отанымды мақтан тұтам, қорғаймын.

Қазағымның нақыл сөзін қолдаймын.

Қазақ атам демейдіме: «Отан үшін отқа түс»

Отандастар, сізге үлкен,ыстық сәлем жолдаймын.

Қазақ елі гүлдей берсін, дамысын.

Жылдан жылға көтерілсін табысың.

Қазақстан, көтерілсін табысың.

Біз, жастар да, тырысамыз сен үшін!

      

Өтебай Тұрманжановтың «Отан» өлеңі.

 

Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді,

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың қасы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ, астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

Жәудір.Қазақ тілім

Қазақ тілі- еркіндігім,елдігім,

Қазақ тілі- жеңіп алған теңдігім

Қазақ тілі- ата-баба мұрасы,

Тек сонымен жырлап өткен ео мұңын.

Қазақ тілі- тілі менің ұлтымның,

Ұлттың тілін ұлықтауға ұмтылдым.Қаза тілін менсінбейтін кім екен,

Намысына намыс берем шіркіннің!

 

 

 

1-жүргізуші: Ғалымжан

Хор «Атамекен» 

Сөзі:Қ.Мырза Әлі

Әні:Е.Хасанғалиев.

Атамекен

Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын,көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалы

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсең,атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен

Жасыл жайлау-түкті кілем,көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын,көп күлем.

Асқар тауың аспанымен таласқан

Қазағымның мәртебесі деп білем

Қайырмасы.

 

Бейнебаян «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық»

 

1-жүргізуші: Ғалымжан

                            Ақ   көйлегім  үстімде

                            Би  билеймін “Айгөлек”

                            Қой   демейді   ешкім  де

                            Шаршамаймын  дөңгелеп –

 

  Демекші ортаға қазақ биімен   биші қызымызды шақырамыз  қабыл алыңыздар!

 

2-жүргізуші:Фатима

Ән  «Түңгі қала» орындайтын  Ибадуллаев Рахым

 

2-жүргізуші: Фатима

Көрініс «Төле бидің төрелігі»

 

2-жүргізуші:Фатима

Отанымыздың  болашағына  зор  үлесін  қосып  жүрген  ұстаздар  жайында айтып кетпесек болмас.

Ұстыз жайында ән

Ән: «Ұстазым» Орындайтын Байымбетова Жадыра

 

2-жүргізуші:Фатима

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін,

Достым білгің келе ме?

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың

Отан – өлең, Отан –жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан – осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

Отан деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап, сүйе біл!,-демекші құрметті көрермендер ендігі кезекте дамыған жетелі еліміздің жеті белгісін сіздерге тарту етпекшіміз қабыл алыңыздар. Студенттер, неге біздер жеті белгіге тоқталып отырмыз?! Өздерің білесіңдер, қазақта жеті саны – киелі сан. Сондықтан біздер негізгі жеті белгі туралы мәлімет аламыз.

 

1-белгісі – Қазақстан Туы. Еліміздің жалауы туралы не білеміз? Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы – Шәкен Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, яғни аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, жоғарыда айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ, ол да бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан күннің тудан орын алуы лайық. Қазақ халқы ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы егеменлдік алған Қазақстан қыран сияқты көкте самғасын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туындаған. Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнектерін байқаймыз. Мұның өзі тудың ерекшелігін, қазақ халқының танымын, қасиетін көрсетеді.

 

1-жүргізуші: Ғалымжан

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабығы.

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл-халқымның

 

 

2-белгісі – Қазақстан Елтаңбасы.

 

Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, терезең тең болсын» деген сөз бар. Осы үш сөз негізге алынса керек, Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық образ. Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын бір жағынан, қазақтың «Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі» дегенді аңғартса керек. Жалпы қазақ мүйізді қастерлеген. Пырақ қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске алады. Жоғарыда, дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақтың сан ғасырлық тарихында жұлдыздың қаншалықты маңызды болғаны белгілі.

 

2-жүргізуші:Фатима

Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ.

Екі жақтан көмкеркен.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған…

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

 

 

 

3-белгісі – Қазақстан Республикасының Әнұраны.

 

Қазақстан Республикасының Әнұраны – Ел ұраны.

 

1-жүргізуші: Ғалымжан

 

Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

 

4-белгісі – Тіл, Қазақ тілі.

 

Тіл – кез-келген ұлттың, елдің ерекшелігін танытатын бірден-бір белгі. Тіл тағдыры елдің елдігіне, ел ұлдарының азаматтығына да сын. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Ана сүті бойына сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған тілі мен дінінен айрылған ұрпақ алдымен рухани кемтарлыққа ұшырап, содан кейін көлденең көк аттының қолжауына айналып кете барады.

2-жүргізуші:Фатима

 

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

 

5-белгісі – Ата Заң.

 

Ең алғаш 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы қабылданды. Одан кейін оған 1995 жылы 30 тамызда толықтырулар енгізіліп, қазіргі Конституция пайда болды. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бізге адамның ар-намысы мен қадір-қасиеттеріне қол сұғылмауына;

ар-ождан бостандығына кепілдік береді. Әрбір адам және азамат бұл заңдарды орындауға, құрметтеуге міндетті болып саналады.

 

 

6-белгісі – Төлқұжат.

 

Балалар, біздер 16жасқа дейін төлқұжат ролін туу туралы куәлік атқаратынын білеміз. Ал 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматы екендігін дәлелдейтін бірден бір белгі жеке куәлігі және төлқұжат болып табылады.

 

7-белгісі – Теңге.

 

Еліміздің негізгі рәміздері қабылданғаннан кейін көп ұзамай төл теңгемізге ие болдық. Қазақстан Республикасының теңгесі 1995 жылы 15 қарашада қабылданып, айналымға енді. Қазақстан теңгелерінде қазақтың ұлы да ұлағатты адамдары бейнеленді. Атап айтқанда Ш.Уалиханов, С.Аронұлы, А.Құнанбаев, Қ.Сағырбайұлы, Әл-Фараби, Әбілқайыр хан, Абылай хандардың бейнесі теңгеден орын алды. Ал қазіргі кезде заман талабына, еліміздің көркеюіне байланысты теңгелер де өзгеріп отырады.

 

1-жүргізуші: Ғалымжан

 

Туымды желбіретіп жел кереді,

Еліме осы еді ғой ең керегі.

Алтын Орда заманынан бұлбұл ұшып,

Тағдырым табыстырған теңгем еді.

Дүние дөңгелердей дөңгеледің,

Өзі тауып жатады ел керегін.

Қазақ қазақ болғалы қолға ұстаған

Құтты болсын, ағайын, теңгелерің!

 

 

2-жүргізуші:Фатима

Бәйге ойыны

  1. Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері кім? Тоқтар Әубәкіров
  2. Абылайханның шын аты                              (Әбілмансұр)
  3. Әнұран қандай жағдайда орындалады –                    салтанатты жиындарда
  4. Қ Р - ның әнұранының авторларын ата.
  5. Елтаңбаның авторы кім -
  6. Екінші қазақ ғарышкері -  Талғат Мұсабаев
  7. Мақта Қазақстанның қай жерінде көп өсіріледі – Оңтүстік Қазақстан
  8. Отан туралы мақал-мәтел білесізбе.
  9. Мемлекеттік рәміздерді ата -       Әнұран, Елтаңба, Ту
  10. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? 1993 жылы 28 қаңтарда
  11. Қазақстан Республикасының теңгесі қашан қабылданды? 1995 жылы 15 қарашада
  12. Еліміздің тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев қашан сайланды? 1991 жылдың 1- желтоқсан

 

 

2-жүргізуші:Фатима

Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері.

Қазақтың қасиетті қара топырағы! Менің ата-бабамның асылы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы бабалар аманаты. Демекші ортаға «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» бөлімінің оқытушысы Минуарова Құралайды  «Атамекен » әнімен ортаға шақырамыз. Қол соғып қошеметтеп отырайық.

 

1-жүргізуші: Ғалымжан

Құрметті ұстаздармен студенттер ! Біздің кешіміз осымен аяқталады. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! Дей келе сөз кезегін қорытындылау үшін Минуарова Құралайды шақырамыз.

 

Құрметті ұстаздар оқушылар бүгігі біздің ЕТБ-0911 тобының ұйымдастырған «Атамекен елім-ұлан байтақ жерім » атты ашық  тәрбие сағатына келгкендеріңізге рахмет.Бұл ашық тәрбие сағатын өткізудегі мақсатымыз

- өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.

- Оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту болып табылады және же мен куратор ретінде тобымның жетістіктерін айтып, марапаттағым келіп отыр. Менің тобымның студенттері өте алғыр,бірінен –бірі өткен ақылды,талантты және бұданда үлкен биіктерден көрінеді деген  ниеттемін және марапаттау қағазын беруге рұқсат етіңіздер.

Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,

Қалықта Елтаңбасы–шаңырағым.

Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,

Аспандат Атам қазақ Аруағын!

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! Еліміздің Егемендігі жасасын!

Қазақстан Республикасы Туы мен тұғырлы, Елтаңбасы мен елеулі, Әнұраны мен айбатты бола берсін ,–деп ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Хош сау болыңыздар.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Отаным-атамекен
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы
«Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
«Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
Тәуелсіздік белестері.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан
Бағдарлық карта Әдебиеттік оқу
«Көк байрағым елдігім, еркіндігім!».
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 12436 | Қосты: Жансейтова Патма | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык