Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Күнді іздеген достар" ертегі қойылымы


"Күнді іздеген достар" ертегі қойылымы
11.02.2015ж. Кластан тыс шара.
Тақырыбы: «Күнді іздеген достар»
Мақсаты: оқушылардың театр туралы түсініктерін кеңейту, рольдерде ойнау арқылы әр кейіпкердің ішкі сезімін ұғындыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, әсемдікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сөздік қорларын молайту, коррекциялық жұмыстар жүргізу.
Көрнекіліктер: сахнаның безендірілуі, билеттер, шақыру билеттері, хабарландыру, құм, күннің макеті, микрофон, шарлар, т.б.
Шараның түрі: сахналық қойылым
Жоспары:
I. «Таңшолпан» балалар театрымен таныстыру.
II. «Күнді іздеген достар» қойылымын тамашалау.
III. Жергілікті телеарна тілшісімен сұхбат.

Шараның өту барысы:
Музыка ойналып тұрады. Келушілерді театрға қарсы алу. Келушілер есік алдындағы кассадан билет алып кіреді.
Телеарна тілшісі:
- Қайырлы күн қымбатты көрермендер! Бүгін біздер «Таңшолпан» балалар театрының кішкентай әртістері дайындаған «Күнді іздеген достар» қойылымын тамашалауға келіп отырмыз. Қойылым алдында барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй тілейміз.
(көңілді музыка ойналады, сайқымазақ киімін киген оқушы түрлі түсті шарлар таратады.)

Музыка ойналады.
Жаздың жаймашуақ күні еді. Айналаның бәрі әдемі, көкте күн күлімдеп, шуағын шашып тұр. Күннің шуағы айналаға нұрын төгіп, жан біткеннің бәріне ерекше көңіл күй сыйлап тұрды. Жаздың осындай жаймашуақ күнінде орманда ерекше бір оқиға болды.
Сахнада көңілді балапан билеп, ойнап жүреді.
Бір мезетте аспанды қара бұлт торлап, күннің бетін жауып тастады. Сол-ақ екен айналаның бәрі қараңғыланып, күн күрт салқындап кетті. Найзағай ойнап жаңбыр жауа бастады. Жаураған балапан ағаштың түбіне жасырынып қалды. Қорыққанынан жылай бастады. Оны көріп қасына мысық келеді.
Мысық: Балапан, сен неге жылап отырсың?
Балапан: Аспанды бұлт торлады, күннің көзі жоғалып кетті. Мен қорқып отырмын.
Мысық: Сен қорықпа, Балапан! Екеуіміз дос емеспіз бе? Жүр, мен саған күнді іздеуге көмектесейін.
Автор: Сөйтіп екеуі күнді іздеуге шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, келе жатып, бұтаның түбінде жасырынып отырған қоянды көреді.
Балапан: Сәлем, Қоян!
Қоян: Сәлем, досым!
Мысық: Саған не болды? Неге жылайсың?
Қоян: Күннің сәулесі болмаған қандай жаман! Мен қорқып отырмын.
Мысық: Білесің бе, қоян, күн сәулесі бәрімізге қажет. Біз балапан екеуіміз күнді іздеуге шықтық. Бізбен бірге барасың ба?
Қоян: Әрине, Мысық досым! Мен де барамын.
Автор: Сөйтіп, үсті-басы су болып, тоңып қалған қоянды ертіп үш дос күнді іздеуді жалғастырады. Жолда құйрығын бұлғаңдатып, сылқым түлкі келе жатты.
Мысық: Амансың ба, түлкішек?
Түлкі: Жолдарың болсын, балақайлар!
Мысық: Түлкі, түлкі күнді қалай табуға болады?
Түлкі: Күнді қайтпексіңдер? Оны табу сендердің қолдарыңнан келе қоймас. Менің сендермен бос сөйлеп тұратын уақытым жоқ. Әтештен сұраңдар, сол бәрін біледі. Ал мен кеттім!
Автор: Үшеуі қол ұстасып, әтеш досына бет алады. Әтеш келе жатқан қонақтарды көріп амандасады:
Әтеш: Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку! Амансыңдар ма, достарым!
Балапан: Сәлем, әтеш досым!
Қоян: Әтеш досым, сен күнді қайдан табу керек екенін білесің бе?
Мысық: Бізге көмектесші, Әтеш досым, әйтпесе, барлығымыз қатты жаурадық, көңіл-күйіміз жоқ.
Әтеш: Жарайды. Мен сендерге көмектесейін. Анау таудың басындағы ақ бұлтқа жетсеңдер, ол сендерді күнге алып барады. Ку-ка-ре-ку!
Балапан: Тауға? Жоқ, мен тауға шыға алмаймын!
Қоян: Біз қалай тауға шықпақпыз? Мен қорқамын, бармаймын!
Мысық: Достар, бұларың не? Сендерсіз мен жалғыз қалай тауға шығып, күнді табамын? Күн бәрімізге де өте қажет қой.
Әтеш: Мысық дұрыс айтады. Достар қашан да бір-біріне көмектесуі керек. Достар тату, бірге болса,кез келген қиындықты жеңуге болады. Кеттік, ендеше!
Автор: Барлығы қол ұстасып биік тауға жетеді. Тауға шығу оларға қиын болды. Осының бәрін бұлт көріп тұрады.
Бұлт: Достар, сендер күннің әрдайым жарқырап тұрғанын қалайсыңдар ма?
Бәрі: Ия,иә, әрине, қалаймыз! Күн – бізге керек.
Бұлт: Олай болса, мен сендерді сынап көрейін.
1- тапсырма. Құм қалашығын салып беріңдерші.
2- тапсырма. «Достық» биін билеңдер.
Бұлт: Жарайсыңдар, достар! Мен сендерге ризамын. Қазір күннің көзін ашып берейін. Алдымен бірге айтайық: Жарқыра, күн, жарқыра!
Бәрі осы сөзді қайталайды, таудың арт жағынан күн шығады.
Балапан: Жарқырасын күніміз!
Мысық: Жарқын болсын үніміз!
Қоян: Достығымыз берік боп,
Әтеш: Таусылмасын жырымыз!
Автор: Күннің жылы шуағы жандарын жылытып, құшақтары мейірімге толған Достар қуанысып, ән айтады. Мысық, Қоян, Әтеш «Достарым» әнін орындайды.
Музыка ойналады. Сахна шымылдығы жабылады.

ІІІ бөлім.
Кішкентай әртістер сахнаға қайта шығып, көрерменге иіледі. Көрермендер гүл шоғын ұсынады.
Балапан рөлінде – Бақытжан
Мысық – Қайыржан
Қоян – Ерасыл
Әтеш – Радмир
Түлкі – Наргиз
Жергілікті телеарнаның тілшілерімен сұхбат.
1. Бүгінгі қойылым сендерге қиын болған жоқ па?
2. Сен қандай рөл ойнадың?
3. Сенің кейіпкерің қандай аң?
4. Ертегінің негізгі ойы қандай?
5. Достар қандай болуы керек?

Көрермендерге бірер сұрақ:
Қандай ертегі көрдіңдер?
Ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегіден кейінгі көңіл күйің қандай?

«Жылы лебіздер» Қазір кішкентай әртістерден қолтаңба қалдыруларын сұраймыз. (Әр оқушы тілектерін жазып, келген қонақтарға ұсынады.)
Осымен «Таңшолпан» балалар театрының қойылымы аяқталды, келіп, тамашалағандарыңызға рахмет! Кішкентай әртістерімізге шығармашылық табыс тілейміз, таңшолпандай жарқырап, биіктерден көріне берсін! Қолдарыңыздағы билеттерге алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып қалдыруларыңызға болады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қыз сыны
Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.
«Дауыс іздеген балапан»
«Бізде жасай аламыз»
Тауық пен балапан
Мектеп сахнасына: Аюға көмек
Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий
Қош келдің, жас өрен!
Ойыншықтар сыры
Ойнайық
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 20334 | Қосты: Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык