Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Еңбекке үйренем десең, ерінбе


Еңбекке үйренем десең, ерінбе
Сабақтың тақырыбы: Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еңбек етуге баулу отырып еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Өз бетіменен еңбек етіп, оны қорғай білуге, жаңа ой тауып, іскерлік, қабілетін арттыруарқылы шығармашылық жұмысқа бейімдеу, еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, қолөнер-бұйымдары т.б.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Ұйымдастыру
Адам еңбекпенен өседі. Еңбек адамды жақсылыққа жеткізеді. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады. Адал еңбектің жемісі нәтижелі болады.
Хор: «Еңбек»
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты-Еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп
Мұның аты-Еңбек.
Қырға шықсаң, өрлеп
Мұның аты-Еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірлесең –Еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек!
Балалар: «Еңбек ет те мақтап,
Ойнап күл де шаттан» демекші, сендерге қызық тапсырма.
Мұғалім: барлығымыз еңбек тақырыбында мақал-мәтел айтып және тақтаға келіп сурет салуымыз қажет. Суреттің бір элементтін салады. Суретті жалғастырып кетеді. Суретті аяғына дейін жалғастырып шығады. (таұтада үйдің суреті салынып шығады.)
Мақал-мәтелдер
1. Адал еңбектің абыройы жоғары
2. Еңбек сүйген еш уақытта кеш болмас
3. Еңбек еткен мұратқа жеткізеді.
4. Еңбекке бейім болсаң қатарыңнан кем болмайсың.
5. Еңбегі өнімді болса, көңілі сенімді болады.
6. Еңбекпен тапқан
Шекер балдан татқаның
7. Еңбек етсең емерсің
8. Еріншекке есік те асу болар.
9. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарының тіленбей.
Мінекей, балалар, бәріміз бірлесіп, еңбектеніп осындай үлкен үйдің суретін салып шықтық. Бұл да еңбектің арқасы . «Бірлік бар жерде,тірлік бар» -деген осы.
Ертегі: «Екі соқа» (ертегіні мазмұндап түсіндіру, балаларға сұрақтар қою арқылы пысықтау.)
Балалар еңбектің түрі шексіз. Көптеген мамандықтың түріде көп, тек адам өз еңбегін жүрегімен сүйіп бар ықыласымен орындаса ғана нәтижелі болады.
Қай еңбекті алсақта ол тек маңдай термен ғана келеді.
Ертегі: «Қайдан келдің Бауырсақ?» (Нұрай мен Ләйлә)
Балалар дастарқанымыз наннан үзілмесін нан дастарқанға келемін дегенше қаншама адамның еңбегіменен келеді.
Балалар өскенде өздерің кім боласыңдар? балалар өздерінің болашақта таңдаған мамандықтары жайлы тақпақтарын айтады.
Мысалы: Дәрігер
Ақхалатты киемін
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін. т.б. тақпақтарын айтады.
Көрініс: «Еңбекпен тапқан тиын»
Қорытынды: Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге , өзіне деген сенімділікке, бақытқа, байлыққа жетелейді. Еңбексүйгіштік адам айналасына сыйлы, беделді,болады. Әрқашан ісіңе адал бол еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбектң бағамен қадірлейік. Балалар өз өнерлерін ортаға салады.

№43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебі


Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Еңбекке үйренем десең, ерінбе »
Сыныбы:2 «Б»
Сынып жетекші: Серімбетова Гаухар



Қызылорда қаласы, 2015
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еңбек бәрін жеңбек
Адам еңбегі.
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулуда шығармашылық жұмыс.
Мамандықтар әлемі
Еңбек – бәрін жеңбек
Еңбек – өмір мәні
Еңбек- өмір мәні
Адамға еңбектің пайдасы
Өзіне өзі қызмет ету
Сынып жетекшінің еңбегі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10264 | Қосты: Серімбетова Гаухар | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык