Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог


Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог

  Ыбырай Алтынсарин – ағартушы,        педагог                                 

 Ақтөбе  облысы,  Байғанин ауданы

                                                             Т.Жармағамбетов  атындағы  орта мектеп.

                                                                        8»а»  кл  Қазақстан  тарихы

                                                                     Пән  мұғалімі:   Мақсұтова  Ақнұр

 

Мақсаты:

Білімділігі: Қазақтың ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін жан – жақты таныстыра отырып,оқушылардың өз бетімен білім алуына жетелеу.

Дамытушылығы: Жаңа сабақ материалдарын оқып – үйренуде оқушылардың белсенділігін арттыру,ойлау,іздену,зерттеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелеу: Оқушыларды Ы.Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға,еліне,халқына,ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Көрнекілігі: кестелер,слайд,тірек – сөздер

 

Сабақтың әдісі: слайдтармен жұмыс,көрініс көрсету,топтастыру

 

І. Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен амандасу,түгендеу

    (психологиялық дайындық)

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Қуаныш бүгін ерекше

Шуағын шашып тұр әлем.

Білімнің түскен жолына,

Достарым,саған мың сәлем.

Ендеше,тілек тілейік,

Баршамыз ізгі ниетпен.

Тарихтың зерттеп қойнауын,

Тәуелсіз елдің өрені.

Жетейік биік белеске,

 

 

 

ІІ. «Өзіңе сен,өзіңді сүйреп шығар...» үй тапсырмасын сұрау

 

  1. «Қоржыннан шыққан сұрақтар»
  2. Абай қай жылы дүниеге келді? (1845 жылы 10 тамызда бұрынғы Семей облысы Абай ауданы Шыңғыс тауының етегінде)
  3. Абайдың әкесі кім? (әкесі Құнанбай кезінде болыс,аға сұлтандық қызметтер атқарған)
  4. Абайдың әжесі мен анасы кімдер? (әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі аңыздар – Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері)
  5. Абай қай тілдерді жақсы меңгерген? (мектепте дін сабағын жеңіл меңігеріп,араб,парсы,түркі тілдерін және орысша үйренеді)

 

2.Тестпен жұмыс

  1. Абылай хан қай жылы дүниеге келді?

      А) 1718 ж  Ә) 1715 ж   Б) 1713 ж    В) 1711 ж

  1. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды?

       А) 1771 ж   Ә)  1781 ж   Б) 1731 ж    В) 1733 ж

  1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс қай жылдары өтті?

       А) 1820 – 1829 жж   Ә) 1716 – 1723 жж

       Б) 1837 – 1847 жж    В) 1845 – 1852 жж

  1. 1836 – 1838 жылдардағы көтеріліс басшыларының бірі,жауынгер ақын:

      А) Жәнібек   Ә) Махамбет   Б) Бөкей    В) Жанайдар

  1. Шоқан Уәлиханов қай жылдары өмір сүрді?

      А) 1802 – 1847 жж     Ә) 1835 – 1861 жж

      Б) 1835 – 1865 жж      В) 1830 – 1865 жж

  1. Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусына оқуға түскен жылы

      А) 1858 ж    Ә) 1857 ж   Б) 1835 ж    В) 1847 ж

  1. Абай қай жылдары өмір сүрді?

      А) 1845 – 1905 жж     Ә) 1844 – 1904 жж

      Б) 1845 – 1904 жж      В) 1836 – 1904 жж

  1. Абай орыстың қай ақынының шығармасына арнап өлең шығарады?

      А) Лермонтов            Ә) Салтыков – Щедрин

      Б) Толостой               В) Пушкин

 

3.Кестемен жұмыс

  1. Қазақ билері
  2. Қазақ халқының ұлт – азаттық көтерілістері
  3. Шоқан Уәлиханов
  4. Абай Құнанбаев

 

Балалар,бүгінгі жаңа сабақты бастауымыз мына өлеңнің жалғасын тауып,авторын анықтауымызға байланысты:

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған...

 

  1. Өлеңнің жалғасын кім айтады?
  2. Өлеңнің тақырыбы мен авторы ата

 

 

Олай болса біздің бүгінгі сабағымыз ұлы ағартушы,педагог,ғалым Ыбырай Алтынсаринге арналады

 

 

 

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ыбырайдың өмірі мен балалық шағы
  2. Ыбырай – ұстаз
  3. Ыбырай – жазушы
  4. Ыбырай – ақын
  5. Ыбырай – аудармашы

 

 

  Ағартушы ,педагог,жазушы,ғалым,балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай обылысының Торғай жерінде дүниеге келген.Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырай атасы Балғожа би тәрбиелейді.1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді.Мұнда орыс,араб,татар және парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады.

   Мектепті 1857 жылы бітіріп,атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарады.1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді.

   Сол замандағы қаражаттың жетіспеушілігі,мектеп үйі,құрал – аспаптардың жоқтығы да оны мұқалта алмады.Ол ауыл – ауылды аралап,халыққа білім беретін зиялы мектептердің артықшылығын түсіндірді.Өзінің насихатын халықтың жүрегіне жеткізе білген оған халық арасынан қолдау көрсетушілер табылды.Қаржы жинаудың ең алдымен өзі бастап,атасы Балғожаның еншісіне берген малын сатып,түскен ақшаны мектеп салуға жұмсады.Оқу үйі жетіспеген кезде,оқу – білім іздеген қазақ балаларын өз үйіне жатқызып оқытқан.

    Сол замнның ең озық білім ордалары саналған Петербург,Қазан қалаларына барып,орыс ағартушыларының еңбектерімен,орыс үкіметінің халыққа білім беру жүйесімен танысты.Солармен таныса отырып,қазақ балаларына арналған оқулықтар жасаумен айналысты.

   1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалды.Осы жылы оның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы «Қазақ хрестомтиясы» Орынбор қаласында жарық көрді.Бұл «Қазақ хрстоматиясы» оқулығына енгізілген өлеңдер мен әңгімелерінің тәрбиелік,білімдік маңызы зор болды.Мысалы, (Кел,балалар,оқылық!), (Өнер білім бар жұрттар) сияқты оқырман қауымның жүрегінен шықты.Сонымен қатар «Қазақ христоматиясындағы» бірқатар өлеңдері шәкірттерді отаның сүюге,адамгершілікке,тәлім – тәрбиеге жетелейді.

     Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қызыдарды білімге тартты.1887 жылы Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашты.

     Ыбырай Алтынсарин сонымен қатар жазушы да.Қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне лайықтап,түсінікті етіп әңгімелер жазды.Ол орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген шығармаларды қазақ тіліне жеңіл аудара білді.Ыбырай Алтынсарин ұлтымыздың халық ағарту саласында көп еңбек етті.Ол 48 жысында ерте қайтыс болса да,болашақ ұрпаққа тәлім болар мол еңбек қалдырды.Ыбырай Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына,алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті.

 

 

 

 

ІҮ. «Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы»

 

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін айтқызу.

 

 

 

Ү. «Тарихи тұлғаны танып біл»

 

  1. Шоқан Уәлиханов
  2. Абай Құнанбаев
  3. Ыбырай Алтынсарин

 

 

ҮІ. «Ойашар» сәйкестендіру

 

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді

3

1887 жыл

Ы.Алтынсарин қай жылы мектепті бітіріп,атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды

5

1879 жыл

Ы.Алтынсарин Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектепті қай жылы ашты

1

1841 жыл

Ы.Алтынсарин Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қай жылы тағайындалды

2

1864 жылы

Ы.Алтынсарин Торғайда қазақ балаларына арналған мектепте қай жылы ұстаздық етті

4

1857 жыл

 

 

 

        

ҮІІ. Көрініс көрсету

 

Ы.Алтынсариннің  «Таза бұлақ» әңгімесінен көрініс

 

Автор: Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір – біріне кез болыпты.Бұлақ бір тастақ жерден шыққан,айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп,мұздай,салқын,шыныдай мөлдір тұрған сонша әдемі,таза бұлақ екен.

   Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу қойып қорғаныш қылып,тастың суағар жеріне жазу жазыпты: «Әй,жолаушы,болсаң осы бұлақтай бол». Манағы үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң,жазуды оқып,былай депті:

   Саудагер: - Бұл жазылған ақыл сөз екен,бұлақ күн – түн тынбай ағып,алыс жерлерге барады,бара – бара кеңейіп,үлкйеді.Бұған бөтен бұлақтар құйып,сүйте бара үлкен өзен болып кетеді.Мұнан мұрат сол «сен де,адам,тынбай қызмет қыл,еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма,сөйтсең,ақырында сен де зорайып мұратыңа жетесің» дегені ме деп білемін.

  Автор: Екінші жолаушы мүсәпір молда екен,басын шайқап:

  Молда:

  • Жоқ,мен олай ойламаймын,бұл жазудың мағынасы сіз ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек,бұл бұлақ кім – кімге болса да даяр,ыстықтағанда салқындатып,жанан рақаттандырады,сусағанның сусынын қандырады,оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді.Бұлай болса адамға да ғибрат сол,біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек.

Автор: Үшінші жолаушы көркем келген әдемі жігіт екен,ол үндемей тұрды.

Жолдастары:

  • Сен не ойлайсың?

Жігіт:

  • Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді,бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып,шөп – шалам,лай – қоқым болса,бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді,бұлақ күні – түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады.Олай болса жазудың мағынасы: көңіліңді,бойыңды осы бұлақтай таза сақта.Бұлаққа қарасақ,күн түссе күннің,шөп түссе шөптің сәулесін көреміз,көңілің осылай сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін.Ал,ендеше,жолымыздан қалмайық.

Автор: Осылайша үш жолаушы бұлақтың суына әбден қанып,ары қарай жүріп кетті.

 

 

ҮІІІ. «Менің білім деңгейім»

 

  1. Тест

Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектепті қай жерде ашты?

А) Торғай  Ә) Ырғыз  Б) Қостанай   В) Семей

Ы.Алтынсариннің атасы:

А) Оспан    Ә) Балғожа би  Б) Қайырхан     В) Төле би

Ы.Алтынсарин неше жасында қайтыс болды

А) 48 жасында   Ә) 45 жасында Б) 42 жасында   В) 41 жасында

Ы.Алтынсарин қай жылы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды?

А) 1864 ж     Ә) 1841 ж     Б) 1857 ж    В) 1879 ж

 

  1. Толықтыру тест

Ағартушы,педагог,жазушы,ғалым,балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин 1841 ж қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген.

 

Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырайды атасы Балғожа би тәрбиелейді.1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді.

 

Мектепті 1857 жылы бітіріп, атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарады. 1864 ж Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді.

Ыбырай Алтынсарин сонымен қатар жазушы да. Қазақ балалрынның жас ерекшеліктеріне  лайықтап,түсінікті етіп әңгімелер жазды.

 

 

  1. Балама тест
  2. Ы.Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келді. (иә)
  3. 1864 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. (жоқ)
  4. 1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді (иә)
  5. 1887 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалады. (жоқ)

 

ІХ. Сабақты бекіту «Топтастыру»

 

Біз Ыбырай Алтынсарин туралы не білдік?

 

 
   

 

       
   
 
     

 

Х. Үйге тапсырма      §37 оқу  Реферат жазу ,хронологиялық дәптер толтыру

 

ХІ. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні
Салақтық. Ы.Алтынсарин.
СӘУЛЕЛІ ЖҰЛДЫЗ ІЗДЕГЕН АДАМ
Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен өлеңдері
Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин-ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин
Алтынсарин әңгімелері
Таза бұлақ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 20564 | Қосты: Мақсұтова Ақнұр Мақсұтқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык