Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңі


Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңі

Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңі

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

- білімділік - оқушыларға А. Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын айту, ақынның аудармаларына  шолу жасау, «Екі шыбын» мысалының идеясын ашу, өлеңге әдеби-теориялық талдау жасау;

- дамытушылық - сұрақтар, іздену тапсырмалары арқылы өз ойын еркін, сауатты әрі дәлелді түрде көркем тілмен жеткізуге,  өз бетімен жұмыс жасауға  дағдыландыру;

- тәрбиелік –мәдениеттілікке, адамгершілікке, қарапайымдылыққа баули отырып, келешек жастардың саналы болып өсуіне, ақын уағыздаған жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ассоцация, зерттеу. 

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар

Пәнаралық байланыс: сурет, өзін-өзі тану, орыс тілі.

Сабақ барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі

II.  Үй тапсырмасын тексеру 

1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу

2. «Ақын ініме» өлеңінен үзіндіні жатқа оқу

3. Өлеңді талдау:

а) өлеңнің  тақырыбы мен идеясы қандай?

б) өлең кімге  арналған ондай өлең қалай аталады?

в) ирония деген не?

г) өлеңнің  тәрбиелік мәні  қандай?

4. Ахмет Байтұрсынов туралы ізденіс жұмысы (презентация)

III.Үй тапсырмасын бекіту. «Ақын ініме» өлеңіндегі ирониялық сарынды қай жолдардан көреміз? Ахмет ұлы Абай туралы қандай мақала жазды?

IV.Жаңа сабақ. 1. «Ой қозғау»

- Балалар, Ахмет Байтұрсынұлының   әдеби-теориялық анықтамалар кітабы қалай аталатын еді?

- «Әдебиет танытқыш» - қазақ әдебиет тануының негізі. Өйткені ол – әдебиет теориясынғ әдебиет әдіс-тәсілін, әдебиет ұғым-терминдерін, әдеби жанрлар жүйесін түгел түзген зерттеу еңбек. Ғылымда дәлелденгендей, теориясыз білім болмайды. Біз әдебиет теориясына шолу жасайық, өткендерімізді еске түсірейік. Сұрақтарға жауап беру үшін мұқият тыңдаңыздыр.

  • 1. Өлең деген не?
  • 2. Өлеңнің құрылысы қандай?
  • 3. Тармақ неше жолдан тұрады?
  • 4. Шумақ неден тұрады?
  • 5. Өлең ұйқасы деп нені айтады?
  • 6. Ассонанс деген не?  
  • 7. Аллитерация деген не?  .
  • 8. Эпитет деген не?    
  • 9.Теңеу деген не?

10.Метафора деген не?

2. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

Сабақтың эпиграфы: Бәленің түрін көрген мен – сары маса

Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан. 

Ахмет Байтұрсынұлы

Мұғалім сөзі.  Санамалай айтар болсақ, «Ахмет Байтұрсынұлы кім?» деген сұраққа былайша жауап беруге болады. Біріншіден, ХХ ғасыр басында қазақ халқының аса көрнеті қоғам қайткері. Екіншіден, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарын жазған ағартушы. Үшіншіден, араб графикасына негізделген қазақ алфавитінжасап, оқу әдістемесін түбегейлі түрде жетілдірген ұлттың ұлы ұстазы. Төртіншіденқазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушы филолог-ғалым. Бесіншіден, тәлімі терең тәржімашы (аудармашы). Алтыншыдан, өлеңі сөзге ой ұйытқан, ойшыл ақын. Жетіншіден, тұңғыш бейресми «Қазақ» атты газет шығарып, қазақ баспасөзін көркейткен көсемсөздің көшбасшысы.

Ақын 1901-1922 жылдары аудармамен айналысқан. Орыс мысалшысы И.А.Крыловтан аударған және соның ізімен, идеясымен жазылған мысалдардың бірі - «Екі шыбын» шығармасы. Бұл шығарма  мысал түрінде жазылған

- Мысал дегеніміз не?

- Мысалдың идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма болып келеді.

3. «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқу

4.  Сөздік жұмысы

1) маңғаздану – паңсыну, тәкәппарлану;

2) Мақтаншақ адам – өзін-өзі асыра бағалайтын, мақтауды сүйетін адам;

3) Әддін – шамасын, күшін

4) ғибрат – үлгі, өнеге

5) Мұрнын көкке көтеру – менсінбеу

5. Мағынаны ажырату. Тірек сөздер: шыбын, сабан, өгіз, жер жырту, ғибрат, мұрнын көкке көтеру

6. Грамматикалық тапсырма. Сөздіктегі сөздер мен сөз тіркестерінен синонимдер мен тұрақты сөз тіркесін табу.( Мұрнын көкке көтеру – тұрақты сөз тіркесі; Мұрнын көкке көтеру, маңғаздану– синонимдер)

- Өздерің байқағандай,шығармада автордың айтпақ ойы - мақтанға салынбау. Автор образы арқылы адамдардың бойындағы мақтаншақтық қасиеттерді сынайды.

7. Концептуалдық кесте

Р/с Шығарманың аты Шығарманың кейіпкері Кейіпкердің адамгершілік қасиеті Кейіпкерге берілетін баға Шығармадан туындайтын    ой-тұжырым, мақал-мәтел,

1 «Екі шыбын» шыбын төмен мақтаншақ Ғылым таппай мақтанба

8.Өлеңнің жоспарын құру.

  • 1) Сабан тартқан өгіз
  • 2) Мүйізіндегі қара шыбын
  • 3) Шыбынның танысына кез болуы
  • 4) Танысының жөн сұрауы
  • 5) Шыбынның мұрнын көкке көтеруі
  • 6) Өзімшіл шыбын
  • 9. Өлеңді талдау

Кейбіреу көтереді мұрнын көкке, /11 буын/  /а/

Өз әлін өзі білген адам көп пе? /11 буын/  /а/

Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді, /11 буын/  /б/

Біреудің шылауында жүріп текке. /11 буын/  /а/

10. Сатылай кешенді талдау

1) Авторы А. Байтұрсынұлы
2) Тақырыбы Екі шыбын
3) Жанр түрі поэзия /өлең/
4) Идеясы мақтанға, тәкәппарлыққа салынбау
5) Шумақ 5  шумақ
6) Тармақ 20 тармақ
7) Бунақ 3 бунақ
8) Буын саны 11 буынды
9) Ұйқас түрі қара өлең
10) Әдеби теориялық ұғым - ирония, кекесін зілді мысқыл
11) Түсіндірме сөздік-  маңғаздану, мақтаншақ адам, әддін, ғибрат
12) Өлеңнің тәрбиелік мәні – шыбынның бейнесі арқылы адамдарды мақтаншақтық, тәкәппарлық, өзімшілдік сияқты жаман әдеттерден сақтандыру.

Ахмет Байтұрсынұлы И.А.Крыловтың «Пчела и мухи» деп аталатын мысалының идеясын алған. Екі мысалшының да айтар ой-пікірі де, берер сабағы мен ұсынар түйіні де біреу -  адамдар бойындағы мақтаншақтықтан, өзімшілдіктен  аулақ болу. Бұл туралы  И.А.Крылов өлеңінің басында айтса, Ахмет Байтұрсынұлы бұл ойды жинақтай келе, оқырманға ғибрат ретінде ұсынып отыр.

- Өлеңнің ғибратын қай шумақтан оқуға болады?

- Бұрын өткен мысалдарды еске түсіріңдер. 5-класта өткен «Егіннің бастары» өлеңінің ғибраты қандай болып еді? (Көрсеқызар, мақтаншақ болмау, әлі келмейтін іске ұрынбау)

- Қандай мақалмен тұжырым жасауға болады? (Бидайдың басын көтергені – дақылы жоқтығы. Жігіттің кеудесін көтергені ақылы жоқтығы)

- 6-класта өткен «Қара бұлт» өлеңінде қандай түйін бар? Қара бұлттың мақтаншақтығы мен қайырымсыздығын сынап, таудың сөзімен қарапайым болуға, еліне пайдалы еңбек етуге шақырады)

11. «Ойтолғаныс» сатысы. Бес жолдыөлең.

Затесім: Ахмет

Сын есім: шебер, суреттер.

Етістік: аударды, шығарды, кейіптеді.

Синоним: ақын, мысалшы, аудармашы.

Сөйлем: Ахмет – ХХ ғасырәдебиетшісі

V. Қорытынды:

1.Мысалдан қандай әсер алдыңдар?

2. Өмірден қандай мысал келтіруге болады?

VI Бағалау

VII Үйге тапсырма

1.«Екі шыбын» мысалын жаттау

2. «Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» тақырыбына шығарма жазу. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру»
Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»
Ахмет Байтұрсынұлы, Ақын ініме
Ахмет Байтұрсынов Екі шыбын
Ахмет Байтұрсынұлы Ақын ініме өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»
: А.Байтұрсынов. Аққу, шортан һәм шаян
Ахмет Байтұрсынов "Өгіз бен бақа"
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 20120 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык