Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы


Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

 
Сабақтың мақсаты:
 а) Ақын өміріне қысқаша шолу, шығармасына талдау жасай отырып, поэмасының идеясын, көркемдік тілін ашу;
  ә) оқушы білімін жинақтай отырып, талдауға, өз ойын еркін айтуға, дәйексөзбен дәлелдеуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
б) кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, мейірімді, бауырмал болуға тәрбиелеу; сұлулық пен махаббатты тануға, өз көзқарасын қалыптастыруға баулу.
Пәнаралық байланыс: музыка,бейнелеу өнері.
Көрнекіліктер: ақын портреті,шығармалары,кесте-сызбалар,қосымша газет-журнал материалдары.
Сабақ барысы 
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық тренинг.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау стратегиясы.
– Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек,ендеше,поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік.Міне,патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда.Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші. Қақпадағы сұрақтарға жауап беру арқылы поэма тақырыбы анықталады.   
 Топтастыру. – Біз бүгін топпен («Жігер», «Болашақ», «Арман») жұмыс істейміз
 
 
 
 
ақын
 
 
 
 
 
 
 
 
«Өмір - өзен»             «Есіңе мені алғайсың»
 
 
ІІІ. Мағынаны тану. «ЖИГСО» әдісі 
1. Проблемаға шығу. /мазмұнын айту/
                          Тақырып
 
   Сұлулық    Махаббат    Зұлымдық 
 
 
ІІІ.Кубизм. Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы.Кубиктің 6 жағы бар.Иіреді,қай жағы түссе,сол жағының сұрағына жауап береді.
Суретте. Туған жер, Жетімкөлдің сұлулығы,аққудың үні,қасиеті,айнала қоршаған ортамен үндестігі,ақын сезімі өлеңде қалай берілген?
Салыстыр. Поэма оқиғасына немесе тақырыбы мен тіліне ұқсайтын шығарма бар ма? Кіммен немесе кімнің шығармасымен салыстыра аласың? (Венн диаграммасы қолданылады).
Зертте. Мұқағали ақын туралы тағы не білесің?
Қолдан. Ақынның психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. Қандай бейнелі,көркем тіркестерді көріп тұрсың? (Оқулықпен жұмыс).
Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді? (Ойтолғау,сурет) Ақынға хат жазып көр.
 
Талда,қолдан,қарсы шық. Ананы қасиетке оқ атуға мәжбүр еткен не? Баласының өлімінен кейінгі ананың күйін ақын қалай жырлайды? (Мәнерлеп жатқа оқу).
 
IV. Сөздіктер еліне (сұхбат). Таны,есте сақта.Оқушы дастаннан өзі түсінбеген сөздерге белгі қойып отырады.Сұрайды,жауап беремін.
 
V. Еркін жауап.– Ақын туралы тағы не айтуға болады? 
(Оқушы ізденісі.жергілікті жер материалымен байланыстыру)
 
VI. Болжау. – Оқиғаны қалай аяқтаған болар едің?
 
VII. Үкім. – Аққуды атуға бола ма? (ия,жоқ)
Оқушы дәлелдемесін тыңдау.
 
VIII. Бекіту. Қорыту. Ақын  Фариза Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық» деген екен.Олай болса,сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұрпағысыңдар.Ендеше,осы сұлулықты жанымен сүйген Мұқағали ақынның аса құрметтеген адамының бірі сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдайық. («Аққу» күйі тыңдалады)
 
Кері байланыс.
 Не білдің?
1
2
3
 
Не білгің келеді?
1
2
3
 
ІХ. Үйге тапсырма. «Ақын және аққу» тақырыбына шығарма өлең жазып келіңдер

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Өзіңсің поэзия Пайғамбары
Мақатаев, Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Мақатаев Аққулар ұйықтағанда
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
Аққулар ұйықтағанда
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3753 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык