Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жыртық кітап жылады


Жыртық кітап жылады
Сабақ тақырыбы: Жыртық кітап жылады
Жалпы мақсат: Кітап және оның адам өміріндегі маңызы  туралы білімдерін кеңейту. Өлеңді оқып, мазмұны мен идеясын ашуға көмек беру. Өз бетімен талдауға, зерттеуге, шығармашылық жұмысқа мүмкіндік жасау.
Сілтеме: 1.         Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 48-54б
2. Әдебиеттік оқу оқыту әдістемесі  179-181б
3. 4-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу оқулығы  З.Муфтибекова, П.Қ.Жаманқұл  198-199б
4.  Портал материалдары
Оқу нәтижесі: Кітаптың шын мәнінде сарқылмас қазына екенін түсінеді.
Негізгі идеялар: Кітаптың  басқа ғылым салаларына әсері
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, флипчарт, маркер, стикер
 
Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері: «Бұрыштар», «5 жол өлең құрастыру». Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: постер жасау. Жұмыс формалары: жеке жұмыс, топпен жұмыс.
Дерек көздері: Кітап  тақырыбына арналған материалдар:
 
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
 
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) 2.30-2.33
Мұғалімнің іс-әрекет Оқушының іс-әрекеті
 
 
 
«Әр елдің амандасу салты» арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру Әр елдің амандасу салтын көрсетеді. Құшақтасып, төс қағысып, қол беріп, күліп, қол шапалақтап, секіріп амандасады.
Топқа бөлу (2мин) 2.33-2.35 Әр оқушыдан қаламын не қарындашын жинап алу. Қалам иелерін бір топқа, қарындаш иелерін екінші топқа отырғызу.
Қалам не қарындашын береді. Қалам иелері бір топқа жиналады, ал қарындаш иелері екінші топқа жиналады.
ІІ.      Қызығушылықты ояту.
(5 мин)2.35-2.40
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 
Марокко жазушысы Жарак Ахмадтың «Бір дирхам» әңгімесін оқып беру.
«Бұрыштар» әдісі. Пікірталас үшін:
а) Дұрыс. Бала кітапты еріксізден, анасы үшін сатып жіберді.
б) Баланың кітапты сатқаны дұрыс емес.
в) Екі ойдамын.
 
Баланың кітапты сатып жібергені дұрыс деп ойлайтындары бір бұрышқа, дұрыс емес деп ойлайтындары екінші бұрышқа, ал кім екі ойда үшінші бұрышқа тұрады. Сұрақтарға  жауап беріп, өз ойларын айтып, талқылайды.
 
 
ІІ.Мағынаны тану(15мин)   2.40-2.55
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
-Әңгіме кітап туралы болған соң, бүгін біз Ө.Тұрманжановтың  «Жыртық кітап жылады» деген мысал өлеңін оқиық.
Мысал өлеңді іштей оқу, дауыстап оқу.
 
Топтық жұмысты ұйымдастыру. 1-топ «Жедел жәрдем» сәтін ұйымдастыру.   –Кітапқа қандай көмек көрсетуге болады? Постер жасап қорғау. 2-топ –Қуанған кітап қандай болады? Постер жасап қорғау.
. Өлеңнің авторы және атымен танысады.
 
 
Алдымен іштей оқиды. Бірнеше оқушы дауыстап оқиды.
Топпен жұмыс. 1-топ «Жедел жәрдем» сәтін ұйымдастырады. Кітапқа қандай көмек жасауға болатынын ойластырып, постер жасап қорғайды. 2-топ қуанған кітап қандай болатынын ойластырып, постер жасап қорғайды.
ІІІ. Ой толғаныс (5мин)2.55-3.00
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кітап туралы «5 жол өлең» құрастыру Кітап туралы «5жол өлең» құрастырып, жазғандарын оқып шығады.
ІV. Үйге тапсырмасын  беру  (2 мин)  3.00-3.02
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Өлеңді мәнерлеп оқу, «Кітап – досым, ақылшым» тақырыбына әңгіме жазу. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
V. Бағалау   (8 мин)  3.02-3.10
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 Формативті бағалау Формативті бағалау: Топ басшысының әр топ мүшесіне және топ жұмысына баға беру
VI. Рефлексия
(5мин )3.10-3.15
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі
Шешендік өнер
Ұлттық шешендік өнер
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Өзен Ы. Алтынсарин
Өзен және көл. Суды қорғау
Өзен және көл. Суды қорғау.
Кітап қайдан шығады
Кестелер. Кестелерді құру
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5336 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык