Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құтты болсын, Наурыз!


Құтты болсын, Наурыз!
Құтты болсын, Наурыз!
 
Мақсаты: Оқушыларға Наурыз тойының ерекшелігін,табиғат пен адамның байланысын,  аңғарту, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын түсінікті, баланың жас ерекшеліктеріне сай,әрі өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Түрі: ертеңгілік
Көрнекіліктері: «Наурыз –жыл басы» атты альбом, нақыл сөздер,Ш.Құдайбердиевтің портреті және т.б.
 Іс-шараның өтілу барысы:
1.Кіріспе сөз.
Мұғалім: -Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде,әдет-ғұрпында ерекше орын алатын,ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі- Наурыз мейрамы. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22-жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңеліп, қар еріп,көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы- ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуанышпен қарсы алған.Жұрт ел аралап,үйлерге кірген,наурыз көже ішіп,жастар ән шырқап,палуан күресіп,ойын-сауықпен өткізген.Наурыз мейрамын жыл басы ретінде тек қазақтар ғана емес,көрші өзбек,қырғыз, қарақалпақ,әзербайжандар да тойлаған. «Халқым қандай десең,салтымнан танып біл» дегендей, бүгін біз жыл басы,жаңа жыл-Наурыз мейрамының ықшамдалған түрін 2-класта тамашалауға шақырамыз! Құрметті, жиналған қауым! Наурыз мерекесі құтты болсын,құт-береке әкелсін,ақ мол, ел ырысты болсын дей отырып, Наурыз мерекесін қазақтың бес арысының бірі,ақын Шәкәрім ауылында тамашалап көрейік!
1-бастаушы: Наурыз-өте  көнеден келе жатқан мейрам. Қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Санатқа кірмей қалған бес күнді «бес қонақ» деп атаған.
2-бастаушы: Ежелгі сенім бойынша жақсылық пен жамандық жан алып, жан берісетін екен, жуанның жіңішкеріп,жіңішкенің үзілер кезін халық «өліара» деп атаған.
1-бастаушы:Наурыз күні хан тағынан түсіп, қараға тағын береді екен, ертеде Иран патшасы шапанын құлға берген екен.
2-бастаушы: Қазақтар Наурызды жыл басы санайды.
1-оқушы:  Малдар төлдеп, қой қоздап,
                   Сүттен бұлақ ағызған,
                   Жаңа жылдың сипаты
      Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан!
2-оқушы: Жер бетіне жақсылық орнаған күн!
              Ұзақ ұшып келген күн,
              Жылдың жерге түскен күні!
«Туған жер» әні орындалады.
1-бастаушы: Наурыздың 21-ші жұлдызында Қыдыр ата даланы аралайды. Қыдыр ата адамдарға- бақыт,дәулет әкелетін көзге көрінбейтін ақсақал.
2-бастаушы Қыдыр түні үйге қос шырақ жағып отырған. Сол күні қар немесе жаңбыр жауса нұр жауды деп санаған.Адамдар үстіне жаңа аппақ киім киген.
Мұғалім:- Балалар, ортаға  Қыдыр атаны шақырайық. (Қыдыр ата келеді)
3-оқушы: Жаңа ағытқан қозыдай,
 Жамырасып өріскен,
Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
1-бастаушы: Ұлы күнде сәлемдесудің  де қалыптасқан дәстүрі бар. Сахнаға екі ер бала шығып, сәлемдесу рәсімін көрсетеді.
1-жолаушы:-Ассалаумағалейкүм!
2-жолаушы:-Уағалейкүмассалам!
1-жолаушы: -Мал-жан аман ба?
2-жолаушы: -Шүкір,шүкір! Бәрі де аман.
1-жолаушы: -Наурыз құтты болсын!
2-жолаушы: -Бірге болсын!
 Екі жолаушы төс түйістіріп,құшақтасып көріседі. Ортаға үшінші жолаушы шығып,бата береді.
-Жасың құтты болсын!
Өмір жасың ұзақ болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке болсын,
Пәле-жала жерге енсін!
-Аумин!
4-оқушы: Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
Қыздар тобы «Кеңес» күйіне би қимылдарын көрсетеді.
2-бастаушы: Ұлыс күні жеті түрлі заттан: сүр ет, қойдың басы, сүт,құрт, бидай,сәбіз, пияздан қазан толы көже берілген.
1-бастаушы: Наурыз күні адамдар «Жамандыққа –жақсылық ер жігіттің ісі», «тас атқанға- ас ат» деп ұрысқан адамдарды татуластырған.
5-оқушы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Ұлыс күні басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар  салайық әлемге!
6-оқушы: Жаңарған сананың,  Ұмытады мұны кім?!
Ата салтын бабамның 
Алып  келді Ұлыс күн!
2-бастаушы: Ел ішінде ардақ тұтар еңселі,
Ортаға шық, көріпкел ата, кел бері,
Баршамызды қызықтырған биылғы,
Сізге мәлім қандай жылдың келгені
1-бастаушы: Он екі жыл бір мүшелді құраған,
Бұрынғылар жылың не деп сұраған?
Көріпкел ата дүрбісін ұстап, ортаға шығады.
Балалар: -Ата, биылғы жылымыз қандай?
Көріпкел аспанға дүрбімен қарап:
-Ә-ә, көрдім,көрдім!
Биылғы жыл –«ұлу!»   Ортаға Ұлу жылы келеді.
Ұлу жылы: -Амансыңдар ма, балалар! Жаңа Жылдарың құтты болсын! Науры зқұт-береке әкелсін! Ақ мол болсын!
7- оқушы: Наурыз келді, Наурыз келді ағайын!
Құшырлана құшағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан,
Әнге толды, күйге толды маңайым!
«Наурыз тойы» әні хормен орындалады.   Қыздар тобы қазіргі би ырғақтарын көрсетеді.
Мұғалім:- Шәкәрім ауылындағы Наурыз тойына Қожанасыр атамыз да келіп қалған екен. «Қожанасыр хикаялары» айдарынан «Қожанасырдың тойға баруы», «Қожанасырдың май сатып алуы», «Қожанасыр және мұғалім» атты хикаялары бойынша көріністер қойылады.
Мұғалім: -Наурыз мерекесінде Шәкәрім ауылының кішкене бүлдіршіндерінің өнерін тамашаладыңыздар! Наурыз құтты болсын! Наурыз мейрамы дастарханынан дәм татыңыздыр

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
Қош,келдің Наурыз!
Наурыз – жыл басы!
Наурыз - жыл басы!
«Наурыз - жыл басы»
Наурыз –думан.
Наурызым - әз наз гүлім!
Жыл басы Әз-Наурыз
«Жыл басы- Наурыз»
«Қош келдің - Наурыз».
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2385 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык