Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.


Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.

Болашағыңның өзгеруін  қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.

 
                                                                                                 Махатма Ганди.
 
Білім берудегі Кембридж тәсілі оқушыларды  тәрбиелеу , оларды дамытуға  бағытталған  мұғалімнің   сыныптағы күнделікті  жұмысының - оқыту  үдерісі.    Оқыту оқушы жетістіктерін   өрістетудегі  негізгі  тұлға - мұғалім  деп Стронг  пен Гранд  айтқандай  «Бұл бағдарламаның  негізгі міндеті   -  тәжіриебесін   жетілдірумен   бағалау. Осы   бағдарлама  құзырлы  мұғалімнің  алдына  оқушының   жан  дүниесін  жақсы  түсіне  білу  жөнінде  нақты   міндеттеме  қойып отыр. Құзырлы  оқытудың  маңызды факторы   мұғалімнің ,  оқушының  тақырыптың  мәнін  өз  бетімен   меңгеруін   түсінуі  мен  бағалай  алуы  болып  табылады». (Shulman, 2007).
Педагогтердің біліктілігін арттыру курсының оқыту идеясы да осы бағытта өрбіді. Осы үш айлық оқу курсында бірінші айында бетпе – бет кезеңі өтіп,  мұнда бағдарламаның теориялық негіздемелерімен танысып, ұсынылған әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымызда  қолдану турасында бағыт-бағдар ала алдық.  Курстың екінші айында мектептегі іс-тәжірибеден өттік. Үшінші айында оқуға қайта келіп , осы жүргізілген іс-тәжірибеміз туралы әріптестерімізбен өзара бөлістік. Сабақтың өтілуі барысында  топ-топқа бөлініп , сабақта қандай әдіс-тәсілдер және қалай қолданғанын туралы әр топ жасаған постерлерін қорғады. Менің тобымда Асқар,  Эльмира,  Ләззат Жансая  болды. Сыни ойлаудағы дамытуда жұптық әнгіме бойынша біз не үйрендік? Біріншіден сабақтарымызда жұптық әңгіме бойынша мен сәлемдесу сәтінде ынтымақтастық орта қалыптастыра отырып жұпқа бөлу тәсілдерін , сыни ойлата отырып жұптастыруға үйрендім.Жұп құруда сыни ойлауға мүмкіндік беретін тапсырмалар арқылы диалог орнатуға қалыптастырдым. Топтық таныстырылымында менің әріптестерім  Айнагүл және Гүлдәурен  сыни ойлаудағы дамытуда жұптық әңгіме бойынша тиімді әдіс-тәсілдермен мақсатқа қол жеткізу:  кедергілер мен қиындықтармен күресу:  жаңашылдыққа бет бұру;  жас ерекшеліктерін ескеру;   дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;   ақпаратты жинауды;  интерпретация жасау; тәжірибе негізінде болжамдар жасап ұсыныстарды айтуды үйренгендерін айтып , өз тәжірибелеріндегі өзгерістерді ортаға салды.
Келесі де алда кездескен қиындықтарды қалай жеңуге болды? оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алмауы,  уақыттың тапшылығы,   топқа бөлу кезеңдегі кедергілер туралы  әріптестерім  Тілек пен Маншук өздерінің  кездескен қиындықтарымен бөлісті: Оқушылар бұрын жұппен жұмыс жасамауы,  уақыттың шектеулігі,  оқушылардың өзара диалогқа түсуде бірі-бірімен түсініспеушілігі, әлеуметтік теңсіздіктері, білімдері әртүрлі деңгейдегі оқушылардың жұптасуға құлықсыздығы болған. 
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме бойынша қиындықтарды мен қалай еңсердім , “ Оқушы үніне ” құлақ астым , жақын арадағы даму аймағы бойынша жұмыс жасадым және жас ерекшелектерін сай тапсырмаларды беруін ескердім. Әріптестерім Айнұр мен  Салтанат та алда кездескен қиындықтарды қалай еңсергені  туралы өз ойларын білдірді: ынтымақтастық атмосферасын жүйелі құру, мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара  қарым-қатынасты реттеу, оқушы жауабын (пікірін) бағалауларын қадағалаған. 
Жеті модулінің идеялары арасындағы байланысты жұптық әңгімеде мен оқушыларға  сыни тұрғысынан ойланатын  ақпараттар  мен идеяларды жинақтап ,  синтездеуге салыстыруға бағытталған тапсырмаларды дайындау арқылы байланыстырдым , өйткені  Кембридж бағдарламасының модульдері өзара байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау (кубик лақтыру арқылы, тәжірибе жасалғанда) , диалогтік оқыту (мәтіндерді талдау , “Интервью” әдісі, зерттеушілік әңгіме , танымдық тапсырмалар орындау) , жас ерекшеліктері (жуан және жеңішке сұрақтар бойынша әзірленді , тапсырмалар мазмұны сай алынды) , АКТ (тәжірибе көрсету , бейнежазбалар туралы ойлану) , талантты, дарынды баланы анықтау (күрделі тапсырмалар орындау барысында анықталды) , бағалау (бірін-бірі бағалау , критерий бойынша бағалау).
Қиындық тудырған тапсырманы тағы да орындау қажет болса , мен оны оқу мен оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану,  сабақты түрлендіріп өткізу өзгерткен болар едім. Оқу үдерісінде бірнеше қиыншылықтарға тап болдым . Топтық және жұптық жұмыс барысында барлық оқушылар бірдей дәрежеде орындау үшін ашық сұрақтарға жауап беретін тапсырмалар беруге тырыстым . Деңгейі жоғары оқушылар тапсырмаларды басқалардан бұрын орындап қояды да, зерігіп кетеді. Сондықтан оларға тақырып төңірегінде қосымша тапсырмалар дайындадым. Сабақ соңында оқушылардың жұптасып немесе топтасып жұмыс жасау барысында бір-бірінен не үйренгендерін , сабаққа деген көзқарастарын білу мақсатында , мұнда оқушылар бір – біріне сұрақ қоя отырып, сабақта не үйренгенін, сабақтың қай бөлігі ұнағанын, қай бөлігінде қиыншылық туындағаны туралы қысқаша мағлұмат береді. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады , себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп , оны жақсарта және кеңейте алады (Мұғалімге арналған нұсқаулық).Мұғалім нені үйренуі тиіс: сұрақтарды қою тәсілдерін ; сұрақты дұрыс қоя білуді;оқушының жауабын таңдай білу; ойлануға берілген уақыттың ұлғаюы ; әр деңгейлі оқушылардың сұрақты қабылдауы мен жауап берудегі айырмашылықтар ; оқушылардың бұрыс жауап беруі. Шешу жолдары: оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын сұрақтың нақтылығына мән беру , қойылатын сұрақтардың оқушы деңгейіне сай қойылуы , дұрыс емес жауапқа қайта, бағыттау сұрақтарының қойылуы және менім ізденісім мол болу керек деп ойлаймын. Ендігі әріптесім  Асқар да  сабағында жаңаша әдіс – тәсілдерді қолданғанын айтып кетті. Атап айтқанда  жұппен жұмыс кезінде « Бортты журнал» әдісін қолданды. Екі оқушыға    « Бортты журнал » кестесін беріп қойа бір оқушысы ақпаратты тыңдау барысында «Болжам» бөлігімен жұмыс жасап «+» немесе «-» таңбасын болжамның дұрыс – бұрыстығына қарай қойып отырғанын, екінші оқушы тек жаңа ақпарат жазып отырғандығын айтып кетті.  Жалпы  қазіргі таңда әрбір мұғалімнің  өзіндік жаңалығы болу керек.  Бұл туралы зерттеулерде мұғалімнің өз үлесін қосу арқылы  жасаған нәтижелі жұмысы  өзгелердің тәжірибесін алмай,жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай бір нәтижеге қол жеткізу керек деп тұжырымдайды . Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы дегендей, ол- оқушы арасындағы жаңа өзіндік педагогикалық ынтымақтастық жолдарын таба отырып, дарынды, талантты оқушылармен жеке, үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасаудың жаңа әдістерін өндіріп отыруы керек. Қандай да болмасын топтық жұмыстарды, тапсырмаларды,оқушылардың жазғандарын  класпен талдап бағалап отыру керек.Алдағы уақытта  мен , болашақта осы бағдарлама бойынша жұмысты жүйелі,  тиімді жүргізу арқылы оқушылардың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге , сыни тұрғыдан ойлауға , өмірдеде тиімді пайдалана  алтындай және дәлелдей алатындай  үйретуім  басты міндетім деп ойлаймын.
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Мұғалімге  арналған нұсқаулық» Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін  арттыру курстарының бағдарламасы . Үшінші негізгі деңгейдіоқыту.
2. Интернет ресурстарынан

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жаңа ізденіс – жаңа бағытқа жетудің кепілі
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
Информатика пәнінен рефлексивті есебі
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба
Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасында қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға бірлескен таныстырылым бойынша бір есеп
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазбалары.
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Синоним, омоним, антонимнен өткенді қайталау ОМЖ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4561 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык