Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан-ортақ үйіміз


Қазақстан-ортақ үйіміз

Тақырыбы: Қазақстан-ортақ  үйіміз.

Мақсаты:Балаларды   туған елінің,Отанының  Қазақстан Республикасының   белгілерімен  таныстыру.Қазақстанды  мекендейтін  ұлт  өкілдері,олардың салт-дәстүрлері,тағамдары  ,ұлттық  киімдері  жайлы  мағлұмат  беру.Ойлау,есте  сақтау  қабілеттерін   арттыру.Өз  ұлтына  ,тіліне  деген  сүйіспеншілігін  арттырып,ардақтай  білуге   тәрбиелеу.
Көрнекілік:Қ.Р рәміздері,ұлттық  киімдер,қолөнер  туындылары  бейнеленген суреттер,слайд.
Әдіс-тәсіл:әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,тақпақтар,мақал-мәтелдер,өлеңдер.
Іс-әрекет  кезеңі Тәрбиешінің   әрекеті Балалардың  әрекеті
Қызығушылығын  арттыру Табиғатым   тамаша,
Көз  тоймайды  қараса
Табиғатты  аялап,
Жүрейікші  жараса.
Сәлем  саған,жер ана!
Сәлем  саған,нұрлы  күн!
Аман-есен  болайық,
Бейбітшілікті  қалайы
Шеңберге  тұрып,бірге  айтады.
 
-Балалар ,бүгінгі  ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетімізді  бастайық.
-Балалар барлығымыз  Қазақстан  картасына  назар  аударайық.Мынау біздің  байтақ  жеріміз. Қазақстанның  табиғаты алуан  түрлі,жері кең байтақ.Оны білу үшін  картаны  пайдалану  қажет.Сонда  қай  жерде қала,әдемі ормандар,биік таулар,көлдер,теңіз,қазына байлықтары бар екенін картадан  білеміз.
-Балалар,біз қай елде  өмір сүріп  жатырмыз?
-Біздің  елордамыз қалай  аталады?
-Ендеше,балалар,Астана  қаласының  қазіргі гүлденуін  экраннан  тамашалайық.
-Біз  қай қалада  тұрамыз?
-Иә,балалар,біздің  қаламыз Көкшетау  облысына  қарайды.Біз  таза  ауамызбен,орман-тоғайымызбен,сұлу  табиғатымызбен  мақтанамыз.Көкшетау,Бурабай  табиғаты туралы  слайд көрсетіледі
-Сендер  қандай балабақшаға  келесіңдер?
-Біздің  ұлтымыз қандай?
-Біз  қай  тілде сөйлейміз?
-дұрыс  айтасыңдар.
Әр адамның  өз  Отаны болады.Отан –ол біздің туған  жеріміз.
-Тіл  туралы  тақпақ:                                                                                
---Катя: 
Әр мемлекеттің өзінің  елбасшысы  бар.Қазақстанның  елбасы кім?
---Иманғали:
Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт  қонсын.
Елімнің ел ағасы ,елбасшысы,
Н.Назарбаев  аман болсын!
-өте  жақсы
-Балалар,әр мемлекеттің өз белгілері бар.Сендер сүйікті  Отанымыздың  қасиетті  белгілерін,рәміздерін  білесіңдер ме?
-осы рәміздерге жеке  тоқталып  өтейік.
-Сендер  әнұранды білесіңдерме?
-Әнұран  қай кезде орындалады?
-Әнұранды айтқан кезде қалай тұрамыз?
-өте  жақсы
-Ал,мынау  не?
-Елтаңбада  не бейнеленген?
-пішіні  қандай?
-осыған  қарап  қай елдің белгісі екенін білуге болады.
-Елтаңба туралы тақпақ  айтады
----Никита:
----Ерасыл:
«Өз  туыңды  тап»ойыны.Шарты:
Ортаға  әр ұлттың  тулары тасталады,соның  
ішінен Қ.Р.туын тауып алулары керек.
-Сонымен  мынау не?
Түсі  қандай?
-пішіні  ше?
-Туда тағы нелер бейнеленген?
-Иә,балалар,Қазақстанда тұратын  барлық халықтардың  өмірі күндей  жарқырап,қырандай самғай берсін  дегені.
СЕРГІТУ  СӘТІ:
Көк  жалау  желбіре,
Асқақтап  аспанда.
Жас  ұлан,ел бірге,
Сап түзе  жасқанба.
-Балалар  Қазақстанда қазақтардан  басқада  ұлт  өкілдері  тұрады.Біз көп ұлтты мемлекетпіз.Қазақстанда әр ұлт өкілдеріне өмір сүру  үшін  жан-жақты  жағыдай жасалынған.Барлық  ұлт өкілдері  өздерінің  салт-дәстүрін,ұлттық  киімдерін  сақтап  қалған.Әр  ұлттың  табиғат  жөнінде  өз  болжамдары бар.Сол  болжамдардың  тәрбиелік  мәні  зор.
-экраннан  өзге ұлт өкілдерінің  тыныс  тіршілігін  тамашалайық.Ал  енді балалар  ,алдымыздағы  картадан Қазақстанның  әр қаласынан  өндірілетін  өнімдер,қазба  байлықтарды  тауып,олардың  суреттерін  картаға  ілейік.Ал  енді Отан  
туралы  қандай  мақал-мәтелдерді  білесіңдер?
Қорытынды:
-Балалар  біз қандай  елмен таныстық,қай  ел  туралы айттық?
-Рәміздерді  қалай  аталады?
-Балалар  болашақта  Отанымыздың  қандай  болғанын  қалайсыңдар?
Бұл  сұраққа  ортадағы  суреттерден  алып  жауап  береді.
1-бала:Отанымыз  гүлденсін.
2-бала:Астық  мол  болсын.
-Балаларымыздың  тілектері  қабыл  болсын!Олай  болса құрметті  қонақтарға  балалардың  қолындағы  бейбіт  ұшақтарын  көк  аспанға  ұшыруға  рұқсат  етіңіздер.Балалардың  ұшырған  бейбіт  ұшақтары  қазақ  жерінде  биікте  ұшсын  деген  тілекпен  бүгінгі  сабағымызды  аяқтаймыз.
Ана тілің арың бұл,Ұятың  боп  тұр бетте.Өзге  тілдің бәрін біл,Өз тіліңді 
құрметте.
 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
 
-Әнұран,Елтаңба,ТУ
 
-иә
-Балалардың жауабы
-оң қолымызды жүрегімізге қойып,тік  тұрамыз.
-Ж.Нәжмеденов,Н.Ә.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов
 
Әнұраны елімнің,Шақырады  бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте.
-Қастерлемес  халқын кім,
Қадірлемес  салтын кім?
Әнұраны елімнің,
Үні,тілі халқымның.
 
-елтаңба
-ортасында шаңырақ,қанатты тұлпар, елтаңба төбесінде бес жұлдыз,төменгі  жағында»Қазақстан"» -деген жазу бар
-дөңгелек.
Елтаңбасы  елімнің,Неткен  әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,Ортада  аспан әлемі.
-Құт береке  шаңырақ,Орын алған ол  төрден.Қанатты  қос  арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Ойынды  қызыға  ойнады.
 
-ту
-көк
-тік төртбұрыш
-ортасында  күннің  көзі,астында  қыран  құс,ұлттық оюлар  бейнеленген.
 
 
Айнымайды  аспаннан,Біздің  тудың  бояуы.Оны халық  қашанда,Биікке  іліп  қояды.
 
Көк  аспандай көкпенбек,Қазақстан  жалауы.
Көк  емес  ол тектен  тек,Елдің  ашық қабағы.
1-бала:Отан-отбасынан  басталады.
2-бала:
Отансыз  арман,ормансыз  бұлбұл.
3-бала:Отан  үшін  отқа  түссең  жанбайсың,суға  түссең  батпайсың.
4-бала:Отан-елдің  анасы,ол ердің анасы.
 
-Қазақстанмен
-әнұран,елтаңба,ту
 
3-бала:Жеріміз  аман болсын
4-бала:
Отанымызды  сүйемін.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Жаса,жайна ,Қазақстан!»
Мемлекеттік Рәміздер
«Тәуелсіздік ел – тілегі».
Менің Отаным - Қазақстан.
«Менің отаным - туған өлкем!».
«Тәуелсіздік ел – тілегі».
«Қазақстан ортақ үйіміз»
Менің Отаным Қазақстан
Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 13507 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык