Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Рационал сандарды көбейту және бөлуге есептер шығару


Рационал сандарды көбейту және бөлуге есептер шығару

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту және бөлуге есептер шығару

Сабақтың мақсаттары: 
А) Білімділік:Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, 
                          жинақтап жүйелеу. Рационал сандарға амалдар қолдану ережесін бекіту.
Ә) Дамытушылық:Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. 
Ой-өрісін кеңейту. Теориялық білімін практикада қолдана 
білу дағдысын қалыптастыру;
Б) Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай 
          білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакат, кеспелер.
Сабақтың әдісі:  СТО стратегиялары.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сәлемдесу.
Саламатсыздарма, оқушылар! Бүгін біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіпті. Сабаққа деген көңіл – күйіміз қалай? Оқу – құралдарымыз дайын ба? Ендеше сабағымызды бастаймыз.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Білекті бірді жығар, 
Білімді мыңды жығар.
Олай болса оқушылар қазір жылдың қай мезгілі?
– Қыс. Қыстың алғашқы айында қандай өзгерістерді байқадыңдар? Ауа – райы қандай? – Салқын, суық. Күннің салқындығын қандай санмен жазамыз? – Теріс сан. 
Ал егер жылы болса ше? – Оң сан. Демек, біз бүгінгі сабағымызды ары қарай рационал сандарды көбейтуге, бөлуге есептер шығаруды жалғастырамыз.

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.
 II. Үй  тапсырмасын тексеру.
 III.Ережелерді қайталау. 
                                    IV. Математикалық лото ойыны.
                                    V. Оқулықпен жұмыс.
                                    VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Рефлексия.
VIII. Бағалау.
IX. Үйге тапсырма беру.  
Сонымен, балалар бүгінгі сабақта бір – бірімізге:
– жақсы көңіл-күй.
– бірімізді-біріміз тыңдаймыз, сыйлаймыз.
– сабаққа белсенділікпен қатысамыз.
– алынған білімімізді көрсетеміз.
I.Үй тапсырмасының жауаптары слайд бойынша тексеріледі.
II. Қызығушылықты ояту сатысы.

 III.Ережелерді қайталау. 
Таңбалары әртүрлі екі санды көбейту үшін:
Осы сандардың модульдерін көбейтіп, көбейтіндінің мәнінің алдына «-» таңбасын қою керек.
Таңбалары бірдей екі санды көбейту үшін:
1) Осы сандардың модульдерін көбейту керек.
2) Көбейтіндінің  мәнінің алдына «+» таңбасын қою керек.

Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу үшін:
1)Бөлінгіштің модулін  бөлгіштің модуліне бөлу керек.
2)Шыққан бөліндінің алдына «-» таңбасын қою керек.

Таңбалары бірдей сандарды бөлу үшін:
1) Бөлінгіштің модулін  бөлгіштің модуліне бөлу керек.
2) Шыққан бөліндінің алдына «+» таңбасын қою керек.


 IV. Математикалық лото ойыны. Әр топқа есептер  таратылады. Есептерді шығару барысында шықан сөздерді оқып, мәлімет береді.

V. Оқулықпен жұмыс.
Мағынаны ажырату. Оқулықпен жұмыс.
№ 590 (1,3)
 № 591 (1,3)
№ 596 (1,3)
№ 597 (1,3)

VI. Сабақты қорытындылау. Сонымен, таңбалары әр түрлі сандарды, таңбалары бірдей сандарды, көбейту және бөлу үшін қандай ережелерді пайдаланамыз?

VII. Рефлексия. Оқушылар ББҮ стратегиясы бойынша өз ойларын ортаға салады.

VIII. Бағалау. Әр тортың топ басшылары бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің бағаларын айтады. Содан кейін мұғалім жүйелеп, оқушыларды нақты бағалайды.

Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегіңде болсын кез– деп Абай атамыз айтқандай, бүгінгі сабақтағы еңбектеріңе рахмет айта отырып, келесі сабақтарға табыс тілеймін.


IX. Үйге тапсырма беру.  
§3.4, §3.5 ереже жаттау 
№ 590 
№ 591 
№ 596 
№ 597 (жұп номерлері


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Рационал сандарды бөлу
Таңбалары әр түрлі екі санды қосу
Рационал сандарды қосуды қайталауға арналған жаттығулар
Теріс сандарды қосуға есептер шығару
Рационал сандарды бөлу.
Рационал сандарды бөлу
Рационал сандарды бөлу
Рационал сандарды бөлу
Рационал сандарды қосу
Рационал сандарды көбейту
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 5418 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
жаксы жасал5ан
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык