Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Электрден зақымданудан сақтану. Үй жиһаздары. Жиһаздарды жөндеу


Электрден зақымданудан сақтану. Үй жиһаздары. Жиһаздарды жөндеу

Сабақтың тақырыбы: Электрден зақымданудан  сақтану. Үй жиһаздары. Жиһаздарды жөндеу

Мақсаты: Бүгінгі сабақта оқушыларға қауіпсіздік ережені жазғызу арқылы Электрден зақымданудан  сақтану жұмыс істеуді түсіндіру, сынып ішіндегі үкімет бағалы заттарды ерекше жолмен пайдалану.
1. Білімділік: Оқушылар информатика  сыныбында техникалық қауіпсіздік ережесін түсіндіру және  электир құралын   дұрыс қолдануды көрсету, сабақ өту тәртібі.
2. Дамытушылық: Оқушыларға  есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі бойынша компьютерге дұрыс отыру, шаршаған кездегі жаттығуларды жасауды көрсету.
3. 3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Информатика негіздері журналы, және бағдарламалар мен сынып техникалары
Сабақ түрі: Лекция сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
Жаңа сабақ
Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
Есептеуіш  техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар  мен мұғалімдердің негізгі  міндеттерінің бірі болып табылады.
Аталған  міндетті орындауға  оқушы төмендегідей:
1.Жалпы ережелерді;
2.Дербес  компьютерде  жұмыс жасау алдындағы;
3.Жұмыс жасау кезіндегі;
4.Аппаттық жағдайдағы;
5.Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға ,қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
Пернелік тақта үстінде артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
Оқушы компьютермен  жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау  ережесімен танысқандығы  туралы  журналды толтырады.
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу  кезінде оның сыртқы қорабының  дұрыс  жұмыс жасап тұрғандығына және  сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;
Жұмыс жасау кезінде  сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті  мағлұматтарды  енгізіп, белгі жасау  қажет.
3. Оқушының дербес  компьютермен жұмыс жасау  кезіндегі техника  қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын  талаптар:
ЭЕМ – мен жұмыс жасау  кезінде көзді экраннан 60 – 70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға  рұқсат етіледі;
Көзі  шаршаған  жағдайда орнынан тұрмай – ақ,  көз жаттығуын орындауға болады.
Электр тоғымен  зақымданған  алғашқы дәрігерлік  көмек көрсету тәсілдерін, от  сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет.                                                                      Көз жаттығуларын білу міндетті
4. Аппаттық жағдайдағы  техника қауіпсіздінің  ережелеріне қойылатын талаптар:
Жұмыс жасап  отырған  кезде дербес компьтерден ақау табылса, онда машинамен тоқтатып,мұғалімге хабарлау керек:
От сөндіруде көмек көрсету қажет;
Электр тогымен зақымданған аданға алғашқы көмек көрсетуді білу керек;
Компьтерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге  болмайтындығын  білуі қажет. Оған құм және т. б.өрт сөндіргіш құрал – жабдықтарын  пайдалануға болады;
Электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен  ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әр түрлі материалдарды (электр тогы сымынан басқа)        пайдалану арқылы босатып алуға болады.
5. Дербес компьютермен жұмысты  аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:
Мұғалімнің нұсқауы  бойынша аппратты өшіру;
Жұмыс орнын ретке келтіру; Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі  қою.
Бекіту: Оқушыларға техникалық қауыпсіздік ережесін жазғызып сұрақтар мен тапсырма беру
Сабақты қорытындылау:Сұрақтар  мен жауаптар беру арқылы  жаңа сабақты қортындылау
Үй тапсырмасын беру: Есептеуіш техника кабинетіндегі  қауіпсіздік ережесі


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ЕТК қауіпсіздік ережесі
ЕТК-гі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Компьютерлік сауаттылық үйірмесіне арналған бағдарлама
Паркет жұмыстарының құрал-жабдықтары
Жаңа паркетті төсеу және ламинациялау технологиясы
Электр жүйесін жөндеуге қажет құрал-саймандар
Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу технологиясы
Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
ЕТ кабинетінде қауіпсіздік техникасын сақтау және тәртіп ережелері
Информатика және Мультимедиялық кабинетте техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3650 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык