Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Пластикалық түтіктерді утюг құралы арқылы бір-біріне қосу және біріктіру жұмыстары


Пластикалық түтіктерді утюг құралы арқылы бір-біріне қосу және біріктіру жұмыстары

Сабақтың тақырыбы: Пластикалық түтіктерді утюг құралы арқылы бір-біріне қосу және біріктіру жұмыстары

ТЕПЛОЛЮКС" жылы едендері –  бұл қауіпсіз қолайлы кабельді жылу жүйесі. Оны орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу мүмкіндігі жоқ бөлек тұрған ғимараттарда негізгі жылу жүйесі ретінде немесе салқын еденді (мәрмәр, кафель) үй-жайларда жылу жайлылығын алу үшін қосымша жылу (басқамен бірге) ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, «ТЕПЛОЛЮКС» жүйесі мал шаруашылығы кешендерін жылыту үшін ауыл шаруашылығында да қолданылады.

Біздің жүйеміздің негізгі артықшылықтары болып мыналар табылады:
• Электр энергиясын үнемді және барынша тиімді пайдалану
• Барынша қарапайым құрастыру
• Жылу құралдарынан бос қабырға және еден қабаты, шексіз дизайнерлік шешімдер
• Заманауи жылу реттегіш аппаратура
• Ұзақ қызмет мерзімі
Әрбір бөлмедегі жылу реттегіш электр энергиясы шығынын едәуір азайтады және сіз тапсырған +10о…+30оС температураны ұстам тұрады. Қыздырылатын едендер үй-жайларда жылу қолайлылығы мен жылудың біркелкі таралуын жасайды. Құрылыс немесе жөндеу кезінде едендерді жылыту үшін жүйені орнатуға арналған шығында барынша аз. Жүйені орнату үшін тегістеліп жайылған бетон үстіне жылыту кабелін салу және жылу реттегішті іске қосу және ондағы қалаған температураны тапсыру қажет. Сіздің қалауыңыз бойынша кез келген өңделетін еден жабыны болуы мүмкін: кафельді плитка, мәрмәр, кілем жабыны. Ағаш еденді (паркет немесе еден тақталары) жылыту үшін жылыту кабельдері тікелей еден астына, тегістеліп жайылған бетон үстіне салынады.
ҚҰРАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: әдетте «жылы едендер» жиһаз немесе сантехника жоқ, үй-жайдың «таза» ауданына орнатылады. «Жылы едендердің» сенімділігі 99%-ға құрастыру жұмыстарының сапасымен анықталады. КЕПІЛДЕМЕЛІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР: «Теплолюкс» жылы едендеріне кепілді мерзім – 16 жыл (нақты қызмет мерзімі – бірнеше есеге көп).
Жүйе құрамы:

«Теплолюкс» жүйесі мыналардан тұрады:
1. жылыту секциялары
2. жылу реттегіш
3. құрастыру лентасы
4. температура бергіш үшін қорғанышты бүрме түтіктер
Жүйеде бір талшықты жылыту секциялары (ТЛОЭ түрі) немесе екі талшықты жылыту секциялары (ТЛБЭ түрі) пайдаланылады. Секциялардың екі түрі де кез келген үй-жайларды, оның ішінде тұрғын үй, кеңсе, өндірістік үй-жайларды жылыту үшін жарамды. Секциялар әртүрлі ұзындықтар мен қуаттылықтарға ие. Секция түрлері, меншікті және жалпы қуаттылығы кабель қабықшасында көрсетілген. Қосымша таңбалау үшін әртүрлі түсті қабықшалар пайдаланылады.
Сипаттамасы
Кабельді жылу едендері жүйесінің негізгі элементі электр энергиясын жылуға түрлендіретін жылыту кабелі болып табылады. Жылыту кабелі нақты ұзындықты кесінділер – жылыту секциялары түрінде пайдаланылады. Жылыту секциясынан басқа жылы едендер жүйесіне жылы еден жүйесінің жұмысын басқаруға арналған бергіші бар жылу реттегіш және мынадай қосымша материалдар кіреді: жылуды оқшаулағыш, құрастыру лентасы және бүрмелі құрастыру түтігі. Құрастыру лентасы еденнің үстіңгі қабатына жылыту секциясын бекіту үшін жылу еденін салу кезінде пайдаланылады. Құрастыру түтігі диагностикалау немесе алмастыру үшін оған қолжеткізуді қамтамасыз ете отырып еден температурасының бергіші үшін қорғаныш қызметін атқарады. Жылуды оқшаулағыш жылу еденінің жұмыс тиімділігін арттыра отырып жылу шығынын азайтады және электр энергиясы шығынын төмендетеді. Жылу шығының көлеміне және жылы еден жүйесінің қолдану нұсқаларына байланысты әртүрлі техникалық өлшемдері және нақты қалыңдыққа ие жылу оқшаулағыштар қолданылады. Жүйенің жылыту бөлігі (арнайы жылыту кабелінен жылыту секциясы) еден құрылымына, тегістеліп төселген цементті-құмға жасырылған. Кзе келген еден жабыны болуы мүмкін: плитка, мәрмәр, ламинат, кілем жабыны 
"ТЕПЛОЛЮКС-MINI" ӨТЕ ЖҰҚА ЖЫЛЫ ЕДЕН
• Аласа төбелі үй-жайлар үшін таптырмайды
Жылыту төсеніштері (мат) тегістеліп жайылған еденнің аз ғана қалыңдығын сақтау қажет етілетін үй-жайларда жайлы жылыту үшін әзірленеді және арнайы шығарылады. Жылыту кабелінің қалыңдығы бар болғаны 3 мм. 
• 20 жылға кепілдік
Жылыту төсеніштері Халықаралық Электротехникалық Комиссия талаптарына тоық сәйкес жоғары сенімділікті қамтамасыз ететін технология бойынша дайындалды және сынақтан өткізілді.
• Үнемді жүйе
Еден температурасын бергіші бар өазіргі заманғы термостат электр энергиясын үнемді тұтына отырып Сіз тапсырған еден температурасын сақтауды қамтамасыз етеді.
• Өте жұқа жылы еден құрастыруда қарапайым 
Жылыту төсеніштері дайын құрылымды білдіреді, бұл құрастыруды барынша жеңілдетеді, өйткені, жылыту кабелін біркелкі төсеу мен бекіту рәсімін болдырмайды.
Жылыту төсеніштерін жекелеген үзінділерге бөле отырып (жылыту кабелінің тұтастығын бұзбастан) оңай кесуге болады, бұл кез келген пішіндегі қыздырылатын алаңға оны жайып салуға мүмкіндік береді.
• Толық жинақтама
«ТЕПЛОЛЮКС MiNi өте жұқа жылы еден» жинағына мыналар кіреді:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үй-жайлардың күтімі
Еденге паркеттің төсеу
Паркетті төсеуге қажет мастиктер
Ағаш немесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу
Электр жүйесін жөндеуге қажет құрал-саймандар
Әр түрлі едеңдерді төсеу әдістері. Линолиум
Үй бөлмесін не пәтерді жөндеу барысында Арақабырғалар
Өңделмеген пәтерді өңдеу деңгейі
Пәтердегі сантехникалық жұмыстарды жүргізу
Сырлау, еден, паркеттерді және линолеумдарды жөндеу жұмыстары
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1594 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык