Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі


Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі

Сабақтың тақырыбы: Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі (теория)

Мақсаты: Білімділік:  )атты ағаш үйдің атаулары мен құрам-бөлшектерінен мағұламаттар беру.Ағаш   туралы түсінік-ұғымдарын   молайтып, білімділікке жетелеу;
Тәрбиелік: адамгершілікке баулу, еңбекке сүйіспеншіліктері мен қабілеттерін  арттыру, әрбір еңбекпен жасалған бұйымдарға ұқыптылықпен қарауға және қастерлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын жетілдіріп, дүниетанымдарын молайту. Ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарын қалыптастыру;
Сабақтың түрі:   топпен жұмыс.
Көрнекілігі:  Оқулық, киіз салынған сурет, киіз үйдің макеті, киіз үйдің жеке-жеке   бөлшектері:  шаңырақ, уық, кереге т.б.
Ағаштың жылтырлығы әбден кепкен, айнадай болып тазарғанда көрінеді. Бұл құбылыс таза ысқыланып жасалған заттарға жарық сәулесі түскен кезде жақсы байқалады. Жылтырауық қасиеті ағаштың негізгі тегі мен қаттылығына байланысты. Емен, шамшат, шаған ағаштарынан жасалған бұйымдар өте әдемі және жылтыр болады, ал лак ағаштың осы қасиетін күшейте түседі. 
Ағаштың табиғи сүрегі-ағаштың бұл қасиеті оның арамен ұзынынан кескеннен кейін кептіріп, тазалап, ысқылап, май жаққан қезде өте жақсы  көрінеді, оған бір ерекше көркемдік сән береді. Бұл  сүреттің бәрі жылдық сақиналардың сәл көлбеу кесілуінен ерекше  әдемілене түседі. Неғұрлым  ағаштың жылдық  сақиналары бірдей болмай қисық  жасалған  заттың өң-түсі  өрнек-оюсыз-ақ  ерекше құлпырады.
Қылқан жапырақты жұмсақағаштардың кесінділерінің табиғи сүректерері  өте  қарапайым, ал жай жалпақ  жапырақтың  табиғи сүреті  күрделі және қайталанбас таңбалармен берілгендігін байкаймыз.
Ылғалдылық қасиеті - ылғалды  ағаштардың салмағы мен кепкен ағаштардың салмағын салыстыру үшін мынадай түсініктемелер беруге болады. Мысалы: көп уақыт суда жатқан ағаштың ылғалдылығы 100%. Жаңа кесілген ағаштың ылғалдылығы 50-100%. Көп уақыт ашық  ауада кепкен құргау ағаштың ылғалдылығы 15-20%. Бөлме температурасында кепкен ағаштың ылғалдығы 8-10%. Қақсып кепкен ағашта - 0 %.
Ылғал өткізу түтікшелері ағаштың кебуіне іштен сыртқа  қарай  булануына  әсер етеді.Бұл  жағдайлар  өткізу  түтікшелерінің  өлшемдеріне  байланысты. Ылғал сіңіру деп ағаштың  қоршаған аймақтан ылғалды  сіңіру қасиетін айтамыз.Ылғалданған ағаш  гигроскопиялық  жағдайға   жетеді. Гигроскопия  дегеніміз-ауадағы ылғалды сіңіру нәтижесінде қатты материалдың өз құрылымын өзгерту қасиеті. әр ағаштың  гигроскопиялық жағдайы әр түрлі  болады,мысалы  еменде  тербеліс 23%,ал  шамшатта  31% дейін  жетеді.Ылғал  сіңіру ағаштың жағымсыз  қасиеттерінің  қатарына  жатады. Ол үшін ағашты  лакпен ,бояумен,олифпен,шайырмен  немесе  жасанды  шайырмен  қаптайды.Бұйым жасауға  арналған  ағаштарды  кептіргенде,жарылып  кетпес  үшін көлденең басына  балшық  болмаса  сиырдың  жас тезегін жағып,не қағаз желімдеп  қойған жөн. Тез кебетін  ағаштарға  шамшат ,қайың,алма;орташа  кебетіндерге-шырша,балқарағай  жатады.
Ағаштың механикалық  қасиеті.
Ағаштың механикалық қасиеттері жан-жақты, олар өздеріне әсер еткен әр түрлі күштерге қарсы тұра алады. Ағаштың негізгі механикалық қасиеттеріне мыналар жатады: беріктік, қаттылық, шыдамдылық, мортсынғыштық, иілгіштік, былқылдақтық.
Беріктік деп оның сыртқы  механикалық  күштерге  қарсы тұра алып,бұзылмай өзінің  пішіні мен түрін сақтауды  айтады.
Ағаштардың балта, шаппашоттың  не басқа  күштердің  әсерінен қақ бөлінуін, болмаса  жаңқаға айналуы-беріктіктің белгісі.
Ағаштың қаттылығы шыдамдылығы, сынып-тарылуы бір-бірімен тығыз байланысты,бір-бірінен  ажыратып бөліп қарау өте қиын; не ескермеу өте қате. Қаттылық  пен  беріктік  өзаратығыз байланысты. Ағаш кепкен сайын қатая, беріктене түседі.
Қаттылық пен беріктік үш топқа бөлінеді:
1. Жұмсақ  ағаштың  беріктігі, қаттылығы аз (540 кг/куб.м.) Олар қарағай, шырша, көктерек, тал, қаратерек, балқарағай, жөке. 
2. Беріктігі, Қаттылығы орташа ағаштар (550-740 кг/куб.м.) олар: балқарағай, қайың, шегіршін, алмұрт, шаған, алма, емен. 
3. Өте берік, қатты ағаштар (750 кг/куб.м.) Олар: аққараған, акация, шамшат, қызыл град. 
Ағаштан басқа да механикалық қасиет байқауға болады. Мысалы: оың  иілгіштігі,морт  сынғыштығы. Бұл қасиет жас шілікке, талға, қайынға, терекке тән.         
Ағаштың механикалық қасиетіне ұзына бойымен және көлденеңінен созғандағы мықтылық шегі жатады.
Үйге тапсырма


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өкініш
Қарлығаш
Ағашты өңдеу
Шерхебель мен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмыс істеу
Қатты материалдан жасалатын үй жиһазын жобалау ерекшелігі
Диван-кровать жиһаздарды құрастыру
«Ағаш ұстасы», «Ағаш шебері, балташы» мамандықтары туралы кең мағлұлмат
Есік, терезе салынатын қорабтарды жасау технологиясы
Бесік жасау ағаштан
Ағаш бөлшектерін шегемен құрастырып-бекіту
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2504 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык