Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ақын және кітап


Ақын және кітап

Ақын және кітап

Мақсаты: кітап оқушылардың сенім досы , көмекшісі екендігі, оны оқысаң, биік шыңдарға жетелейтінін  дәріптеу: кітаптың адам өміріндегі  маңызын, оның ерекше орнын, қызметін түсіндіру; кітап  арқылы оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін дамыту; оқушының кітапқа деген қызығушылығын арттыру; жас ұрпақ тәрбиесінде кітаптың алатын орны ерекше екендігін айта отырып ұқыпты ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру; қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев пен поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова арасындағы байланыс арқылы кітап қадірін түсіндіру.

Міндеті: жас оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар. Сынып сағатымызды Ахмет Байтұрсынұлының мына өлеңімен бастауды жөн көріп тұрмын:

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та...

Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та. Құрметті достарым, бүгінгі әңгімеміз кітап жайында болмақ, себебі, біз кітап арасында өмір сүреміз. Кітап туралы мол білгіміз келеді.

Кітап жаман әдеттен аулақ болуға үндейді. Кітапты әрбір адам күнделікті тұрмысына пайдаланады. Оны оқу арқылы үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алады. Сондықтан кітапты қастерлеп, құрметтеп, ең қымбат дүниеге санағанымыз жөн. Кітап – сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың, сен ерінбесең, ол да  саған ақыл айтудан, үйретуден еш жалықпайтын шебер ұстаз: Кітап – жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Кітап – ұлы үйретуші, әрі адамның ең жақын досы.

Кітап бізгеортақ мүлік. Сондықтан біздер оқулық тегін келеді екен деп бүктеп, жыртып бүлдірмеуіміз керек екенін айтқызбай-ақ білесіздер. Кітап шығару үшін қағаз керек. Қағаз ағаштан жасалады. Біздің елімізде ағаш өсіретін, оны өңдейтін орман шаруашылықтары бар. Ағаш, орман – халық қазынасы. Дегенмен, қағазды үнемді, тиімді пайдалану керек. Енді, кітаптың шығу тарихына тоқталып кетсем:

Орманшының аялы

Алақаны өсірген

Сансыз ағаш саялы

Қағаз үшін кесілген

Баспалардан күн-түні

Қағаз жасап бағалы,

Қанша адам кім үшін

Маңдай терін төгеді

Кітаптарды баршаға

Талай ғалым қолға алып,

Жылдар бойы қаншама

Жазады ұзақ толғанып

Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі,

Суретшілер көркем деп

 Қанша уақыт отырды

Әріп теру үшін де

Талай адам терледі

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді

Жүргізуші: Бүгінгі әңгіме «кітап» жайлы болғаннан кейін, енді кітап деген сөздің қайдан шыққанын,  қандай мағына беретінін біліп жүрейік.

«Кітап» арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Кітап-рухани қазына, байлық, өмір-айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.алғашқы кітап жазу құпиясы тек дінбасылар мен монахтар білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей еліндегі «Таурат», қытай  тіліндегі «Кунцы цзя ию», парсы тіліндегі «Авеста», грек тіліндегі «Інжіл», араб тіліндегі «Құран» деген мағынаны білдіреді.

Кітап жаман әдеттен аулақ болуға үндейді. Кітапты әрбір адам күнделікті тұрмысына пайдаланады. Оны оқу арқылы үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алады.

Жүргізуші: Достар, енді мен сіздерге сұрақ қоямын, сіздер соған жауап берулерңіз керек.

  1. Кітап ұстау ережесін айтып бер.
  2. Кітаптың қандай қасиеті бар?
  3. Оқулықтар немесе кітаптар біздің қолымызға тигенше қандай сатылардан өтіп шығады?
  4. Біздің кітапханада барлығы қанша кітап бар?
  5. Осы уақытқа дейін және қандай кітаптар оқыдың?
  6. Кітапхана қандай жер?

Өте жақсы , жалпы «кітап деген не?». Осы сұраққа барымызша толық, нақты, дұрыс, бәріміз бірге жауап берейік.

Жарайды, достар. Енді, әдебиетке көшсек. Әдебиет десек, ойымызға ақын-жазушылар, өлеңдер, әңгімелер, драмалар, романдар түседі. Мен, бүгінгі тақырыбымды ақындарға да арнаймын. Себебі, ақын кітаппен байланыста болады. Ақындар үшін кітаптар, неше түрлі туындылар – олардың табиғи, таза тіршілігі секілді болады. Қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаев пен поэзия падишасы Ф.Оңғарсынованың шығармашылығымен бұрыннан таныспыз. Осы ақындардың жүректен шыққан туындыларының барлығы осы уақытқа дейін халық үшін, біздер үшін кітап арқылы жеткізілген болатын. Мұқағали поэзия патшайымы Фаризаның мың бір ақынның ішінен таңдап алып, кеудесіне сыймаған өкініші мен өтінішін аманаттаған. Олардың жыры – айдын көл, шалқар теңіз емес, тылмыс мұхит. Олар өз өмірлерінде талай қиындыққа душар болса да, қаламдарын жанынан тастамады. Қарымды қаламгердің қаламдарының ұшы мұқалмады. Өзіндік қолтаңбаларын, азаматтық бағыт-бағдарын, ақындық мұраттарын танытқан көптеген өлең-жырлары баспадан шыққан. Сол баспадан шыққан кітаптар біздің кітапханамызда жетерлік.

Сіздерге енді сұрақ.

  1. Фариза мен Мұқағали туралы не білесің?
  2. Олардың туындыларынан үзінді оқып бер.
  3. Ақын және кітап дегенді қалай түсінесің?
  4. Олардың кітаппен байланысы неде деп ойлайсың?
  5. Кітапханамызда олардың қандай кітаптары бар?

Сыныптастарым, біздің жерлесіміз Фаризаның «Дауа» атты жыр жинағы жыл сайын өткізілетін «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында бүкіл ел болып оқитын кітап болып таңдалды. Бұл жадыларыңызда сақталсын!

Жүргізуші: Поэзия дегенің – халық қаны,

Қасіреті, мұрасы, жарық таңы.

Ол – сезімнің оралмас мөлдірлігі,

Уақыт шаңын бойына дарытпады. Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, алдына бас иіп, көптеген ақын-жазушы аға-апаларымыз осылай сөздерін арнаған екен.

Міне, жолдастар, кітап дегеніміз – заманалар толқынынан өтіп, өз қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі. Сондықтан, кітапты күтіп ұстау – біздің ең бірінші басты парызымыз. Кітаптар да  ақындар секілді мұң мен қуаныштың арасында жүреді. Ақын мен кітап арасындағы байланыс – мұхит түбіндегі сырлары таусылмас қазына.

Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жатып ап,

Көтеріп күшін көңілдің.

Айдыны шалөар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бұл,

Татпасаң нәрін шөлдерсің.

Кітап та алма ағашы,

Жемісін бізге беретін,

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

Пайда ойла, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге.

«Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе,

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке» - деп ағаларымыз айтқандай, кітапты көп оқуға, сүюге шақырамын. Келешек ұрпақ үшін қазақтың ұлы ақындарын жалықпай оқуға шақырамын. Уақыттарыңызды бөліп, сынып сағатымызға келгендерініз үшін алғыс айтамын. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Кітап-сарқылмас рухани әлем»
Кітап-біздің досымыз
Адамның досы.
Кітап – рухани байлық, Кітап оқи білесің бе?
Кітап- сарқылмас қазына
Ақын және кітап
Кітап қайдан шығады?
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Білім көзі – кітапта
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2659 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык