Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Наурыз – жыл басы


Наурыз – жыл басы

Сабақтың тақырыбы: Наурыз – жыл басы

Сабақтың мақсаттары:   1) Оқушыларға ақын Өтепберген Ақыпбековтың өмірі және оның шығармалары туралы мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқи білуге дағдыландыру. 
                                                 2) Наурыз мейрамы туралы түсінік қалыптастыру, ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету.  
                                                3) Ұлттық дәстүріміз Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
  Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер.
  Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазақ тілі.
  Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгіме, өлең, суреттеу, жұмбақ жасыру.
  Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
    Психологиялық дайындық.
  Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,                                                                                    
   Білімнің шыңына біз шырықтаймыз.
  Үй тапсырмасын сұрау: 1. Наурыз қандай мейрам?
                                              2. Наурыз күні қалай аталады?
                                              3. Наурыз көже қалай жасалады?
                                              4. Наурыздағы тілек өлеңін жатқа айту.
  Жаңа сабақ:  Өтерберген Ақыпбеков «Наурыз – жыл басы».
  Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
2. Оқушыларға тізбектеп оқыту.
3. Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар:
  А) Өлеңде қандай мереке жырланған?
  Ә) Ақын «Әбігер жұрт неге?» деген сұраққа қалай жауап бергенін тауып оқы.
  Б) Өлеңді екі бөлікке бөл. Әр бөліктегі ақын ойын өз сөзіңмен әңгімеле
             1-бөлік – көктем  мезгілі            2-бөлік – Наурыз  мейрамы
 
  В) Наурыз мейрамын сен қалай қарсы аласың?
  
                                                                      «Ой қозғау»
  Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже.
  Наурыз көже қалай жасалады? 
  Ол сөздерді « Күн шұғыласына » орналастыр. 
Сергіту сәті: 
  Аспанға қарап ай көрдік,
  Төменге қарап жер көрдік.
  Оңға, солға бұрылып,
  Егеменді ел көрдік.
  Бір, екі, үш, 
  Бойға жинап күш.
  Айтқан тілді аламыз,                                               
  Біз бақытты баламыз.
  Дәптермен жұмыс:
 
  Ата – анаңа, ұстазыңа, достарыңа арнап тілек білдіріп, құттықтау хат жазу.
 
Сөзжұмбақты шеш. 
1.Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай.
2. Наурыз көжеге қосылатын дән.
3.Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам.
4.Қатықтан жасалатын тағам.
5.Наурыз көжеге қосылатын дән.
6.Қасиетті дәм.
7.Наурыз көжеге қосылатын дән.
8.Ұлттық сусын.
9.Еттен ішекке тығып жасалатын ұлттық тағам.
10. Мал өнімінің негізгі түрі. 
Төрт жол өлең құрастырындар.
  ________________________көңілді,
  ________________________оралды.
  ________________________айнала,
  ________________________өңірді.
  Тірек сөздер: көктем, құстар, жасыл, гүлдер.
  Көктем келді көңілді,
  Жыл құстары оралды.
  Жап – жасыл боп айнала,
«Кім зерек» ойынын ойнату.
 
Бұл ойында оқушылар сабақтан тыс уақытта жаттаған Наурызға байланысты өлеңдерін 
 
жатқа айтады.
 
  Қорытынды жасау.
  Бағалау.
  Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
Сын есім
Наурыз көже
Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз көже
Наурыз –думан.
М. Мақатаев. Үш бақытым
Жыл басы Әз-Наурыз
«Жыл басы- Наурыз»
«Қош келдің - Наурыз».
Сәкен Сейфуллин. Наурыз.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 6609 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык