Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5982 |
|
|
|
Абай Құнанбаев Қыс
Тақырыбы: Абай Құнанбаев Қыс
Мақсаты : 1.Абай Құнанбаевтың өмірі ,оның шығармалары туралы білімін кеңейту.”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2.Оқушылардың сөздік қорын,ойын, көз алдына елестету,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу.Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер:Абай суреті,слайд,қыс мезгілі слайд,
Сабақ түрі:кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ.
Сабақ әдістері:сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен тарауларға шолу жасау Сұрақтар арқылы білімдерін тексеру
3 Тақырыпты, мақсатын хабарлау.
-Бүгін біз,А.Құнанбаевтың «Қыс» туралы өлеңімен танысып қыс туралы ұғымымызды кеңейтейік.
4.Эссе: Абай туралы не білемін?
Әр оқушы отырып, Абай атамыздың атын естігенде ойларына не келгенін жазады.
Абай туралы слайд. Қарқаралыдағы Абай тоқтаған үйге түсінік беру.
-Абайдың табиғат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Қыс. Жазғытұры. Жаз. Күз.
Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Өлеңді оқу. Мұғалімнің оқуы.
2.Өлеңнің шығу тарихынан. Слайд
-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен.Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
3.Іштей оқу.Оқу барысында қиын сөздерді белгілеп отыру.
4.Сөздік жұмыс:
Домбығып-суықтан ісіп,қызарып.
Шидем-қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
Сергіту сәті.Қимыл қозғалыс жаттығуы.
6.Өлеңнің мазмұнын ашу.Сұрақ-жауап.
1.Автор қысты кімге теңейді?
2.Шалдың киімдері қандай?
3.Киім деп отырғаны не?
4.Малшы туралы не делінген?
5.Балалар туралы не делінген?
6.Қыс несімен көңілді?
7. 5 жол өлең:1 не? Қыс .
2 қандай? Боранды.
3 не істейді? Тоңдырады.
4 сезіміңді білдір. Қыс қызығы көп қой.
5 мағыналас сөз. Жыл мезгілі.
8 «Қар» сөзіне жұмбақ құрау:
Неге ұқсайды? Өзгешелігі неде?.
9Өздік жұмыс:Қыс маған ұнайды. Қыс маған ұнамайды.
Оқушылар қыс мезгілін сипаттап жазады.
Тауып оқу.
-Ақынның қысты суреттеген тұсын кім тауып оқиды?
-Малшы туралы айтылған тұсты кім тауып оқиды?
Балалар туралы айтылған тұсты кім тауып оқы.
8. Сурет бойынша әңгіме құрау. Слайд
Қорытынды.
Үйге тапсырма.Қыс өлеңін жаттау.Қыс тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |