Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сан есім



Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Мақсаты:  Білімділігі:  Сан есім туралы түсінік беру. Сұрақтарымен таныстыру.Сөйлем ішінен сан есімді таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету. Сөз таптары туралы білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету.
Дамытушылығы:  Топтық, өзіндік және шығармашылық жұмыс дағдыларын, белсенділігі мен ойлау қабілеттерін дамыту. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік 
Тәрбиелігі:  Ізденімпаздыққа,ұқыптылыққа,ұшқырлыққа, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі:    сұрақ-жауап,ақпараттық технологияны қолдану,ертегі айту, өзіндік жұмыс, ойын, ой қозғау,т.б.
Түрі:     аралас сабақ
Пәнаралық байланыс:    математика, ана тілі т.б.
Көрнекілігі:    интерактивті тақта, слайдтар, тақырыптық плакат, кеспе қағаздар т.б.
Сабақтың  барысы.
                     І.  Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа  даярлығын  қадағалау, назарын  сабаққа аудару.
Психологиялық  дайындық.  (Оқушылар бір-біріне  тілек  тілейді)
                    ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру.
497-жаттығу. Сын есімнің ережесін айту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
                                                                Сөз таптары

                Зат  есім                      Етістік               Сын  есім                   Сан  есім
--Балалар, бүгін өтетін  жаңа  сабағымызды ертегі айтудан  бастағым  келіп  тұр.   Бұрынғы  ерте  заманда сөз таптары  атты  қария  болған  екен.  Оның  бірнеше  баласы  болыпты. Оның  ұлдарының  мінездері  бір-біріне  ұқсамайтын  әр  түрлі және  қасиеттері де  әр  түрлі  екен.
      Зат есімі  заттың  атын  білдірсе,Етістігі  қимылды, Сын есімі заттың  түр-түсін, сынын білдірсе  керек.  Ал Сан есім атты  ұлы заттың  санын, ретін, мөлшерін білдіріп неше? қанша? нешінші? деген  сұрақтарға  жауап береді екен.
      Бір күні Сөз табының ұлдары Зат есім, Сын есім, Етістік және Сан есім орманға серуенге шығады.  Сол сәтте қатты жаңбыр жауып Сан есім адасып қалады. Жаңбыр басылған соң, аспан әлемінде жеті түрлі түске боялған кемпірқосақ пайда болады. Сан есім кемпірқосақтан көмек сұрайды. Ал кемпірқосақ менің жеті түсімнің мағынасын  тауып, , тапсырмаларымды орындасаң саған  көмектесемін деген екен.
    --Ал, балалар, Сан  есімге көмекке келейік.  Кемпірқосақтың тапсырмаларын  орындайық.       

      Заттың санын,ретін білдіретін сөздерді сан  есім дейміз. Сан есімдерге  қанша? неше?нешінші? деген сұрақтар  қойылады: бес, жеті, жүз, екінші, он алтыншы.

Сары түс. 1-тапсырма:  Оқулықпен жұмыс.
498-жаттығу.(ауызша)  Өлеңді мәнерлеп оқып,қарамен жазылған  сөздерге сұрақ қою.
        --Екі көзің  не үшін  керек?
        --Жақсыларды көру үшін.
        --Екі қолың не үшін  керек?
       -- Елге  көмек  беру  үшін.
Көк түс. 2-тапсырма: 499-жаттығу. Жұмбақты жатқа жазып шешуін табу. Сан есімдердің астын сызып, қай сөзбен байланысып  тұрғанын айту.
Тоғыз  белбеу, қос  жібек,
 Екі мұрын,  бір шүмек.                        (домбыра)
Қызыл  түс. 3-тапсырма:   Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің  орнына сан есім тауып жаз.
1.  Батыр     .......  өледі,
  Қорқақ    ........ өледі.
2. ....... теңге ақшаң болғанша,
....... досың  болсын.
3. Білекті........жығады,
Білімді....... жығады.
Сергіту  сәті.
   Бір, екі үш,
   Қарлығаш  болып  ұш.
  Төрт,  бес,  алты,
   Қарлығаш  болып  қалқы.
   Жеті, сегіз, тоғыз, он,
   Қарлығаш  болып  қон.
Жасыл  түс. 4-тапсырма.       «Кім  тез  ойлайды?»   ойыны.
Саны  бар сөздердің шешуін  тез  тауып,  сөзді  оқы.
К+ 3+ ік= күшік                  7+ К=  жетік                          8+  Көз=   сегізкөз                тү + 1=  түбір
Дер+ 5 = дербес             жел+  90=   желтоқсан           1+  қазан=  бірқазан       тем + 2 = темекі
6+  бақан = алтыбақан       9 + құмалақ = тоғызқұмалақ

Көгілдір түс. 5-тапсырма.    Мына   сұрақтарға  жауап   жазыңдар.
---Сенің  атың  кім?
---Сен  неше  жастасың?
---Сен  нешінші  сыныпта  оқисың?
---Сыныпта  неше  оқушы  бар?
---Сыныпта  қанша  парта  тұр?
---Отбасыларыңда  неше  адам   бар?
Сарғыш  түс.   6-тапсырма.   Жаңылтпаштың ішінен сан  есімді теріп  жаз.
                  Мың  торғай  қамаса  қораға,
                  Бір  торғай  тұрмайды.
                  Бір  торғай  тұрмайтын  қораға,
                  Мың  торғай  тұрмайды.
                  Бір  торғай  тұрмайтын  қораға,
                  Мың  торғай  қамауға  бола  ма?
Күлгін  түс. 7-тапсырма.   Семантикалық  картамен  жұмыс.
                      Сөз таптары
сөздер Зат есім Етістік Сын есім Сан  есім
Оқушы , дәптер, бор     +
Төрт,екінші,  жүз     +
Жазды, жүгірді, оқы       +
Қызыл, қызық, биік         +

          --- Міне, балалар,  сендер  кемпірқосақтың  тапсырмаларын   орындау  арқылы Сан  есімге  көмектестіңдер. 
                     ІV.  Қорытындылау. 
--Қане, балалар бүгінгі ертегіні кім  айтып  береді?
--Сан  есім  дегеніміз  не?
--Сан  есім  қандай  сұрақтарға  жауап  береді?
--Мысал  келтір.
                     V.Бағалау.
Сабаққа өте  жақсы  қатысқан  оқушыларды  мадақтап  бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сан есім
Сөз таптары
Сын есім
Сөз таптары
Сын есім
Сөз таптары
Сөз таптары
Озық ойлы оқушы!
Зат есім
Сан есім
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3664 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык