Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөз мерген


Сөз мерген

Тақырыбы: Сөз мерген

Мақсаты: 1.Қасиетті ана тілімізге деген сүйіспеншілігін арттыру, ана-тіліміздің қадір қасиетін біліп, сөз құдіретіне түсіне білуге баулу.
2. Ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3. Тіл мәртебесін арттыруға ат салысуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қанатты сөздер ,жазушы суреті,ұяшықты текшелер,
үшбұрыштар,үнтаспа т.б.
Жүрісі: 1.Ұйымдастыру.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар  «Тіл мерекесі» құтты болсын!
       «Түрлі – түрлі» байлық бар,солардың біреуін таңдауды талап етсе,мен тіл байлығын таңдар едім.Өйткені тіл байлығы бәрінен де сенімді байлық», - деп Ғабит Мүсірепов ағамыз айтқандай, біздің ана тіліміз байлығымыз, қазынамыз. Сол байлығымызды сақтау, кейінгі ұрпаққа қалдыру, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз. Атадан балаға мирас болып қалған қасиетті ана тілімізді қастерлей білейік!
                    Шақырамыз,келіңіздер,жарысуға,
                    Өнер-білім шыңымен алысуға 
                    Бар білімді салайық ортамызға,
                    Қанекей,кім озады бұл сайыста!   
Сайысты бастамас бұрын топ басшыларын ортаға шақырамыз.
І топ басшысы: Ана тілімен дарыған
                            Қастерлеймін тілімді
                            Шұбарлатпай достарым
                            Ардақта ана тіліңді.
ІІ топ басшысы: Оқып ана тілімді
                             Болып өсем білімді
                             Өз тіліммен жеткізем
                             Жүректегі үнімді.
Мұғалім: Оқушылар, сайыс төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең: «Ойлан тап»
Шарты: 12 сұрақ оқылады,сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
 Іске сәт!
1.Үш бақытым өлеңінің авторы кім? (М.Матқатаев)                                 2.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)                                                                                              3.Әнұранның авторлары кімдер? (Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов)
4.Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынов)
5.Абай Құнанбаевтың азан шақырылып қойылған аты кім? (Ибраһим)
6.Бәйтеректің биіктігі неше метр? (97 метр)
7. Қазақтың үш биі кімдер? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
8. ҚР ұлттық валютасы не? (Теңге)
9. ҚР Тәуілсіздік күні мерекесі қашан тойланады? (16 желтоқсан)
10.Қазақтың жаңа жылы қашан? (22-наурыз)
11.Қазақтың ұлттық аспабы. (Домбыра)
12.Тіл мерекесі жыл сайын қай күні тойланады? (22 қыркүйек)
Екінші кезең: «Өз таңдауыңды жаса»
Шарты: Әр сайыскер ұяшықты таңдап, онда жасырынған сұраққа жауап беріп, ұяшықтың сыртындағы ұпайды иеленеді.
Дұрыс жауап бермеген жағдайда екінші сайыскерге мүмкіндік беріледі.
 
                                   1.Т.Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты?
                                                                        (1991ж.2 қазан)
                                   2. Бес дұшпанды ата (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер                                   мал шашпақ)
 3.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп)
4.2013ж. Маңғыстау облысының неше жылдық мерей тойын тойладық?(50жыл)
5.Бие сүтінен жасалатын емдік сусын? (Қымыз)
6.Желтоқсан қозғалысы қай жылы, қай айда болды?(1986 жылы 16желтоқсанда)  
Күй: Көкдөнен
Үшінші кезең: «Ұшқыр ой,жылдам жауап»
Шарты: 7 жұлдызша тақтаға ілінеді. Жұлдызшаны кезек–кезек таңдау арқылы (бірінші топ басшысы бастайды) ішінен ашылған мақалдың жалғасын тауып айтады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1.Өнер алды.....(қызыл тіл)
2.Тіл тас жарады....(тас жармаса, бас жарады)
3.Шебердің қолы ортақ...(шешеннің тілі ортақ)
4.Бас кеспек болса да ...(тіл кеспек жоқ)
5.Тіл тәтті....(бауыр қатты)
6.Қол шешпегенді ....(тіл шешеді)
7.Бал тамған тілден....(у да тамады)
Ән: Домбыра Әбілқайырқызы Әмина
Төртінші кезең: «Кім шапшаң»
Шарты: Әр топ бір-біріне жұмбақ жасырады (2 жұмбақтан). Қарсы топ шешеді. Әр топ бір-біріне кезектесіп жаңылтпаш айтады, қарсыласы қайталау керек.(2 жаңылтпаштан). Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
Қорытындылау: «Өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байлығы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз» - деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, отты да ойнақы Ана тілімізді қастерлей білейік!
                Жарыс заңы ежелден,
                Жеңімпазды анықтау,
                Жеңімпаз болу шарты сол,
                Еңбектену, жалықпау!
(сайыс қорытындысын әділ қазылар  шешеді.)
Хор: «Қасиетті домбыра»
Сайыс қорытындысы хабарланады

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тілден терең теңіз жоқ
«Қазақ, орыс, шетел тілдерінің білгірлері» атты тілдер мерекесіне орай өткізілген ойынның жоспары
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Қазақшаңыз қалай?
Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық
Қазақ тілінің білгірі
Мемлекеттік тіл – менің тілім
«Тіл талапкері» атты сыныптан тыс жұмыс
Тілім менің – асыл қазынам
Қазақ тілінің білгірі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 1829 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык