Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 6-ға көбейту және бөлу кестесі


6-ға көбейту және бөлу кестесі

Сабақтың тақырыбы: 6-ға көбейту және бөлу кестесі

Мақсаты: 6-ға көбейту және бөлу кестесі жайлы түсінікті қалыптастыру; есеп құрастырып шығара білуге дағдыландыру; байқағыштыққа және жадында сақтай білуге баулу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ой толғау.
     Сыныпты екі топқа бөлу. «Алғырлар», «Тапқырлар»тобы. Екі топ өзара жарысып, орындалған әрбір тапсырма үшін топ қоржынына ұпай ретінде асықтар салынады.
     Көрнекілігі: слайд, кестелер, ереже, логикалық есептер.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу: 
 
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Оқушыларды түгендеу.
Назарын сабаққа аудару.
Сыныпты екі топқа бөліп, әр топқа ат қоямын. Бірінші топ «Алғырлар.», екінші топ «Тапқырлар». Екі топ өзара жарысып, орындалған әр бір тапсырма үшін, топ қоржынына өз ұпайлары салынып отырады яғни, асықтар салынады.
2. Үй тапсырмасын сұрау (10 - мысалды тексеру)
Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту:”Ой толғау” әдісі.
Бұл кезеңде оқушыларға, көбейту, болу амалдарының компоненттерін айтқызамын.
1. Көбейту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
2. Бөлу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
3. Көбейткіштердің орындары ауысқанымен не өзгермейді?
4. 1минутта қанша секунд бар?
5. 1 тәулікте қанша сағат бар?
6. 1 ғасырда қанша жыл бар?
 
Ал, енді бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық.
6-ға көбейту және бөлу кестесі.
Көбейтінділердің мәндері қалай табылғанын түсіну
 
6 • 6 = 6+6+6+6+6+6
6 •7 = 6+6+6+6+6+6+6
 
6-ға бөлу кестесі:
36: 6=6 себебі 6•6=36
42: 6=7 себебі 7•6=42
48: 6=8 себебі 8•6=48
54: 6=9 себебі 9•6=54
 
6-ға көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндір:
7•6=6•7
8•6=6•8 
9•6=6•9
 
 
5,6-тапсырма. Кім тез ойланады? Ауызша.
6 • 3         6•3    12:6
6 • 6     6•5                           24:6
7 • 6    6•6                           36:6
6 •( )= 48  6•8                           42:6
36 : 6                                              6•9
30 : ( ) =5
 
Оқулықпен жұмыс.
7 - есеп.
Мектептегі алты кабинеттің әрқайсысына 8 компьютерден және мұғалімдер бөлмесіне 2 компьютер қойылды. Мектепке барлығы неше компьютерқойылды?
Шарты:
6кабинет - 8 компьютер...?
Мұғалімбөлмесі 2 компьютерден
Шешуі: (8•6)+2=50
Жауабы: 50 компьютер қойылды.
8 - мысал.
729+234=963 (48-39)•6 =54 1•6=620•6=120
500-264=236 (19+17):6=66:6=160:6=10
504+124=628 24:(3•2)=46:1=6360:6=60
 
9 - теңдеу.
54-х=27 а+39=156
х=54-27 а=156-39
х=27  а=117
54-27=27  117+39=156
27=27  117=117
 
Сергітусәті.
Орнымыздан тұрайық 
         Алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып
Сәл демалып алайық
 
10-тапсырма(неше тік төртбұрыш бар)
Ауданын табу
5 • 3 = 15 (см2)                2см • 3 см = 6 см2                  7см •3см =21 см2
 
Топпен жұмыс.
Логикалық тапсырмалар
1.4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1жұмыртқа неше минутта піседі ?
1 кг темірмен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр ?
 
1.Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
2.Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?
 
Қызығушылығын ояту. «Кубизм» ойыны.
(Оқушылардың алдына сандар жазылған кубикті тастаймын, қай сан шықса, сол санды мен айтқан санға көбейтіп, немесе бөліп жауабын жылдам айту қажет).
12-тапсырма.
8 ертегі – 6 диск
Көрді-19 ертегі
Неше ертегі көру керек-? 
Ш: 8 • 6 –19= 29
Ж: 29 ертегі көру керек
13-тапсырма 
Шаршы сызып, оны өз ара тең 8 үшбұрышқа бөл.
 
Сабақты қорыту:
Таратпа кеспе қағаздармен жұмыс жасай отырып, оқушылардың алған білімдерін пысықтау, сұрақ арқылы бекіту.
1. 1жылда қанша күн бар? (365 н/е 366 күн.)
2. 1 мүшел қанша жыл? (12 жыл)
6•6=36                  7•6=42                 8•6=48                      54:6=9
42:6=7                  48:6=8                 30:6=5                        36:6=6
6•8=48                  6•9=54                6•7=42                       9•6=54
 
Үйге тапсырма: 6-ға бөлу және көбейту кестесі. 123 - бет 11 - мысал.
Бағалау: Әр топты, оқушылардың жинаған ұпай санына қарай
мадақтап бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
8-ге көбейту және бөлу кестесі
Дүние жүзі тарихы
8-сынып, Дүние жүзі тарихы
Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу
6-ға көбейту және бөлу кестесі
Теріс сандарды қосуға есептер шығару
Пысықтау ашық сабақ
Екітаңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Үйсіндер тақырыбын қайталау
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4737 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык